Ұстаз шығармашылығы

Тұрсынова Нұржамал Алтынханқызы

Мен Тұрсынова Нұржамал Алтынханқызы 30.04.1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Байылдыр елді мекенінде дүниеге келгенмін. 2004 жылы С.Қожанов атындағы орта мектепті бітіріп, Қожа Ахмет Яссауи атындағы университетке информатика мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы тәмәмдәдім.

2010 – 2014 жылдары Созақ ауданы, Бабата елді-мекеніндегі М.Маметова атындағы жалпы орта мектебінде лаборант, 2014 жылдан бастап осы мектепте инженер қызметін атқарып келемін. Бабата ауылының келінімін. Үш ұл мен бір қыздың анасымын.

Менің елім – Қазақстан

Менің елім Қазақстан кең байтақ,
Жерім менің көк майсалы саябақ.
Сенен қуат алып өстік біз түгел,
Мақтан тұтып қадірлеймін аялап.

Көк байрағым желбіресін қашанда
Қыран құсым самғап жүрсін аспанда.
Аң мен құсқа толы болып ормандар,
Әрбір таңың шашшын нұрын адамға.

Қанша қырғын өтті елім басыңнан,
Қанша адам өліп кетті тосыннан.
Халық жауы атанғаны қаншама,
Зұлымдардың қолдарынан атылған.

Жас ұландар қанат қағып өсе бер,
Шөбі шүйгін қуаты мол далам кең.
Қазақстан елім менің берік бол,
Осы менің тілейтінім ежелден.

Елім менің Қазақстан көркейсін,
Елін қорғар азаматтар көбейсін.
Сені жырлар ақындардың жырлары мол төгілсін
Қазақстан әрқашанда биік шыңнан көрінсін.

Отан ыстық әрқашанда бәрінен

Отан ыстық әрқашанда бәрінен,

Отан үшін қасық қаны төгілген.

Отан деген жалғыз сөздің өзінен,

Қыдыр дарып ағаларым әлденген.

«Отан үшін»деп айқайлап ұран сап,

Бабаларым жауға қарсы ұмтылған.

Сол бабалар маңдай терін ақтайық,

Дұшпандарға күлкі болмай тұс-тұстан.

Отқан үшін отқа түскен бабалар,

Отан үшін ақыл айтқан даналар.

Отан үшін бар еңбегін аямай,

Жұмыс жасап көп тер төккен ағалар.

Отан үшін өлімге қиған өмірін,

Жиырма сегіз батырымыз бар біздің.

Жастай кеткен қыршынынан қиылып,

Ұмытпаймыз Әлия, Мәншүк ерлігін.

Жадымызда жатталады әрдайым,

Момышұлы Бауыржаны қазақтың.

Ұшқыш болып жау таңкісін қиратқан,

Батырлығын мақтан етем Бигелдинов Талғаттың.

Ынтымақпен істелген ғой тіршілік,

Көк жиектен шығып тұрсын күн күліп.

Өздеріңе бір құдайым жар болып,

Болашағы жарқын болсын жастарымның мәңгілік.

Қанды қырғын соғыспенен жерімізді қоршаудан,

Алып қалған батырлардың еңбектерін ақтайық.

Қас дұшпанға жеріміздің ешбір шетін бастырмай,

Еңбек етіп ата-баба әдет ғұрпын сақтайық.

Туған өлке – Отан ана

Туған жер алтын өлкем Отан анам,

Топырағыңа кіндік қан тамған далам.

Сенде туып, сенде өскен ұрпақтарың,

Аруағынан айналайын ата-бабам.

Туған жер ыстық маған алтын анам,

Өзен суың тау тасаңда сарқыраған.

Бұлбұл құсың бақшаңда сайрағанда,

Керемет бір толқымалы күйде болам.

Туған жер сені ұмытпас ешбір адам,

Көркіңе әрқашанда қайран қалам.

Таза ауаңды жұтынып суыңды ішіп,

Кең шұрайлы жеріңде сайран салам.

Әрдайым көркіңді мен сақтап қалам,

Дұшпандардан өзіңді қорғап алам.

Саған жазып жырымның асылдарын,

Борышымды өтеуге мен де асығам.

Туған жер аңсап келем, шөлдеп келем,

Қолымды мен алыстан сермеп келем.

Бесіктегі нәресте жылағанда,

Жұбатармын сәбиді өлеңменен.

Кентауым

Кентауым тұрағым,

Гүл майса шынарым.

Әр дайым алыстан,

Аңсап кеп тұрамын.

Кентауым алтыным

Өзіңмен балқыдым.

Құстармен сайраңдап,

Бақшаңда шалқыдым.

Кентауым балғыным

Сенде өтер бар күнім.

Мен сенің ылғи да

Сұлулығыңа тәнтімін.

Кентауым бас қалам,

Көркі мол жас қалам.

Мен үшін әрдайым

Артықсың басқадан.

Алтын ұя мектебіме тілек

Алтын ұя мектеппен,

Қоштасатын кез жетті.

Неге екенін білмеймін,

Зымырап уақыт тез өтті.

Апайларға мың алғыс,

Ғылым, білім үйретті.

Тарыдай етіп кіргізіп,

Таудай етіп жөнелтті.

Сіз біздесіп бітірген,

Он бір жылдық мектепті.

Қимай кетіп барамын,

Достарымды ізетті.

Алтын ұя мектебім,

Көркейе бер, гүлдей бер.

Саған тілер тілегім,

Биік шыңға өрлей бер.

Шәкірттерің көп болсын,

Қойның толған құт болсын.

Білімді ұстаз көп болсын,

Жалқау оқушы жоқ болсын.

Бәйгеге түссең қашанда,

Жеңістің туын қолға ұста.

Мәртебең әркез биік болып,

Атағың жетсін жаһанға.

Қорқыт

Анадан жастайымнан зерек болып,

Қорқыт ата кітабын бастадым мен.

Ондағы атамыздың күйін оқып,

Жазылған аңыздарды жаттадым мен.

Анасы қыпшақ қызы атамыздың

Болыпты бір жыл жерік жал-жаяға.

Әкесі Қарақожа руы Баят,

Еліне еңбегі сіңген ол бір дана.

Баласы құрсағында үш жыл жатып,

Тоғыз күн қиындықпен толғатқан ол.

Жаңбыр жауып, күн борап, қараңғы орнап,

Халықты қорқынышқа бөлеген сол.

Сол уақытта жас бала дүниеге келіп,

Халықтың қорқынышы басылды енді.

Баланы бауырға алып, ақ сүт беріп,

Сәбиге Қорқыт деген ат қойды елі.

Айтылған өсиеттерін үлгі тұтып,

Оқымақ боп кітапты қолыма алдым.

Бабамыздың әруағын сыйлай күтіп,

Атына алғыс айтып өлең жаздым.

Әке алдындағы уәде

Өкінгенмен не шара,

Өмір екі келмейді.

Жылағанмен не шара,

Алла енді бермейді.

Армандаудан не шара,

Дегеніңе көнбейді.

Алтын әке біздерге,

Жолыға да бермейді.

Жатқан жерің әкешім,

Жайлы болсын мәңгілік.

Топырағың торқа боп,

Даусың тұрсын жаңғырып.

Өнеге өлең өсиет,

Бәрін арқау етемін.

Бойға сіңді қасиет,

Мұратыма жетемін.

Бізге берген тәлімің,

Асқар таудай биік-ау!

Өміріңді жалғадым,

Өлеңіңді сүйіп-ау!

Тәуелсіздік ежелден – ел тілегі

Жай жатқан ел едік біз тым әдепті,

Қонаевтың орнына Колбин кепті.

Қазақтың сол кездегі қасыретін,

Баян еткім келіп тұр азды-көпті.

Мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл да жетті

Қазақтың басынан жаман күндер өтті.

Жастар шығып алаңға сол бір кезде,

Әр ұлттың өз басшысын талап етті.

Күн борап, қара суық қыс боп тұрды,

Көзбен көріп болжамастай іс боп тұрды.

Шеруге шыққан қазақтың жастарына,

Жендеттер аямастан күш көрсетті.

Тәуелсіз ел болуды армандаған,

Осы жолда кім қалды шайқаспаған.

Елім, жерім, қазағым, жұртым деумен,

Аға-бауыр әпкелер жан тапсырған.

Жендеттер қуып жастарды сабағанда,

Қол соғып мәз боп тұрды Колбин надан.

Айқайлап жендеттерге былай депті,

Тұқымын құрт қазақтарды түрмеге апар.

Шаш ал десе бас алыпты жендеттері

Жүрегі тас болғанда без бүйректері.

Олардың арасындағы ұлттарымыз,

Өз бауырын дұшпанына әкеп берді.

Мінеки қысқаша мен баяндадым,

Келер жылға нық басып аяңдадым.

Тәуелсіздік мерейлі мерекесі,

Құтты болсын қайырлы күн қадамдарың.

Жеңіске – 70 жыл

Сұм соғыс жалмап кетті аға-іні бауырды,

Тылда қалып еңбек етті бүткіл қазақ аруы.

Бұл соғыс аналарды баласынан айырып,

Жастайынан жетім етті, әкелерсіз қалдырды.

Бұл соғыста ерлікпенен қаза тапқан бабалар,

Өр тұлғалы батыр ұлы Бауыржандай аға бар.

ҚаҺармандар Әлия мен Мәншүк қызы қазақтың

Өр жүректі батырлардың ерлігімен пара-пар.

Қан майданда біздер үшін қанын төккен ағалар,

Рейхстагқа туды тіккен Рахымжандай аға бар.

Арамызда жүрген еді-ау, алшаң басып біздермен

Азайыпты бүгіндері ардагерлер, аталар.

Арылтып жаудан жерімізді, келді жеңіс еліме,

Өссін қазақ баласы, өзінің туған жерінде.

Көркейе берсін еліміз, көбейе берсін ырыс-құт

Сөгілмесін іргеміз, тыныштық болсын елімде.

Бүгін міне тойлаймыз жеңістің жетпіс жылдығын,

Іргелес жатқан елдерменен тереземіз тең бүгін.

Қазақ елі ғажап ел ынтымағы жарасқан,

Болсын мәңгі елімізде бейбіт өмір, нұрлы аспан.

Анама

Ақ жаулығы желкілдеп аялаған анашым,

Бар жылуын біздерден аямаған анашым.

Ауыр жүкті арқалап мойымаған анашым,

Балаларын әрдайым уайымдаған анашым.

Қуат болып біздерге күш беретін анашым,

Әрбір істі ақылмен істететін анашым.

Пана болып әрдайым қорған болған анашым,

Көк желектей көркейіп өсіп-өнген анашым.

Құтты болсын бүгінгі туған күнің анашым,

Кіндігіңді кестіріп буған күнің анашым

Келді міне достарың бала күнгі анашым,

Ақ тілегін ақтарар шын пейілден анашым.

Ұзақ ғұмыр сүріңіз бізден тілек анашым ,

Қолдап алла ісіңді жүрсін жебеп анашым.

Бақ береке басыңнан арылмасын анашым,

Ырыс несібең зор болып сарқылмасын анашым.

Арман тілек

Бақ қонсын басыңа

Қыдыр болсын қасыңда

Ашық болсын жолыңда

Ғашық болсын жарыңда

Адал болып әрқашан

Тапталмасын арыңда

Білімің болсын басыңда

Достарың болсын жаныңда

Ырыс несібең көп болып

Дұшпандарың жоқ болып

Өмір атты өзенде

Арындай бер арында

Тілегіңді беріп Аллам-ай

Ақылды болып данадай

Ақын бол асқар Алатау

Шаханов Мұхтар ағадай

Реклама