Шайырлар сөзі саф алтын

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аудандық

Оқушылар Үйінің «Терме» үйірмесінің жетекшісі

Әбілхан Асылзат Нұрсейітқызы

Сабақтың тақырыбы:“Шайырлар сөзі саф алтын”

Сабақтың мақсаты:Нұртуған Кенжеғұлұлының өмірімен шығармашылығынан мағұлмат беру.

Шығарманы жетік түсіндіріп, замана ағымымен, өмір болмысы жайлы

жазылған ойды, келешекке көз итерілмейтін астарлы, ғибратты сөз өнерін

қастерлеп, мақпал мақамдарды меңгерту.

Білімділік мақсаты:Астарлы сөздің ұғымына ден қойып, философиялық көз қарасын шыңдап,

мақамның ноталық нұсқасын алға тарта отырып, сөз мәдениетінің құдіретін,

музыкалық сауатын жетілдіріп, білімділігін арттыру.

Дамытушылық мақсаты:Есте сақтау қабілетін, қабылдау сезімін жетілдіріп, сөз қорын байытып,

сөзбен мақам арасындағы байланысын үйлесімді дамытып жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: Жыр әлемінің, сөз мәйектерінің саналы да, салмақты қырларын түсіндіре

отырып, саф алтындай мәнді жыр маржандарымен сусындатып,

адамгершілік қасиеттің мол қайнарын бойына жидырып тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-суреттемелік, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаб, үнтаспа, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушының сабаққа әзірлігі;
  • Өткен материялдарды қайталау;
  • Нұртуған Кенжеғұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға мағлұмат беру. Нұртуғанның жыры «Қанекей тілім сөйлеші» термесін нотамен тартып үйрету.

ІІ. Негізгі бөлім

  • Жаңа сабақты түсіндіру
  • Шығарманы орындап, айтып көрсетіп, талдау жасау

ІІІ. Қорытынды

  • Сабақты пысықтау;
  • Оқушыны бағалау
  • Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ:

Нұртуған Кенжеғұлұлы 1889 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылдық кеңесінде, «Мырзас» елді мекенінде дүниеге келген. Шыққан тегі Әлімнің Жақайымының Бәйімбеті. Өз әкесі Кенжеғұл астарлы философиялық мазмұндағы сөздерге ұста, шымшымағы шебер, әзіл-оспаққа ұстатпайтын жүйріктер болған. Анасы Айсұлуда ескі жыр-дастандарды ғажап әңгімеге айналдырып айтатын болған. Алайда жетімдіктің тақсіретінің дәмін ерте тартып, көкірегі шерге толды. Шайрлық жолының алғашқы соқпағы осындай көкірекке шемен болып қатқан қасіреттен бастау алған. Бала ақынға өнер жолында ұстаздық еткен сауатты сері, шайырлықтың қыр-сырына қанық аталас ағайыны Сұлтан Рахметұлы болды.

13 жасынан бастап шайырлық жолға түседі. Екі жыл медресседе молдадан дәріс алып, 15 жасынан белгілі ақындар санатына қосылады. Нұртуған Абайды да ұстаз тұтынды.

«Поэзия» пірі деп есептеді. Абайдың терең философиясын үлгі тұтты. Шоқтығы биік шайырымыздың қырық мыңдай жолдай мұрасы, жыр-дастандары, нақыл-өсиеттері, хат-өлеңдері, терме-толғауы, төрттағандары бар.

Ақын мұраларының басым бөлігі – батырлық жырлар, елдік пен еңбек жайлы, адамгершілік хақындағы дастандар. Ол бөлімінің аздығына қарамастан ойының ұшқырлығына, өрісінің кеңдігіне арқа сүйеп, ірі туындылар жазуға талпынды. Мысалы, дастандары – «Мәулімнияз- Едіге», «Орақ-Мамай», «Ақ Кете Шернияз», «Қарасай-Қази», «Шұбырынды ақтабан», «Тағаймұрат».

Нұртуған жыраудың ізін жалғастырар шәкірттері де болды. Олар:

Ақырғы демі біткенше өлең жазуын тоқтатпай, халқына қызмет етумен болып, 1930 жылы 41 жасында пәни жалғанмен қоштасты.

Бүгінгі сабағымызға шайырымыздың «Қанекей тілім сөйлеші» атты термесін алдым. Әуелі термені өз орындауында орындап беремін. Термеге талдау жасаймын.

Шайрымыз жастарымызға арнап қай тақырыпта өсиет-өлең жазса да астарлы философия, педагогикалық тұжырым жатыр. Бұл термеде шайырдың өмірде кездесетін әр түрлі сәттер, жақсылық пен жамандық, өмір мен жалғаншы, жалғыздық-шындық, опасыздық сияқты ұғымдарды ақын тілге тиек етіп тұспалдап ара жігін айқын ашып береді.

Ауданға қарай бөлінетін дәстүрлі мектептер:

Оқушыларға Нұртуған атамыздың «Қанекей тілім сөйлеші» термесін нотамен тартқызып үйрету.

Қорытынды.

  • Өтілген жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты пысықтау.
  • Сабаққа белсенді қатысуын, сұраққа жауап беруін қадағалап, бағалаймын.

Үйге тапсырма

  • Терменің мәтінін жаттап, нотасын ойнап келу.
  • Нұртуған Кенжеғұлұлының шығармашылығы мен танысып, зерттеу.
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.