Жаңа сабақтар

Сабақ тақырыбы: Сайыс түрлері

Оқушылар Үйінде «Жайдарлы Жас Ұлан» үйірмесінде

«Сайыс түрлері» тақырыбында өткізілетін ашық сабақ

Өткізілетін күні: 30 қаңтар 2018 ж

Уақыты: сағ. 1600

Орны: Оқу кабинеті

Үйірме атауы: «Жайдарлы Жас Ұлан»

Тобы: ІҮ топ

Үйірме жетекшісі: Мамбетжанова Жазира

Сабақтың тақырыбы: Сайыс түрлері

Сабақтың мақсаты:

  • жайдарман ойынының ережелерін үйрене отырып, оқушыларды ойын тиянақты жеткізуге, көшбасшылыққа, жауапкершілікке баулу.
  • Сайыс түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру, ойын ережелерін қайталау;
  • Рольдік ойындардың қойылым ережесін қайталау, диалогтар мазмұнының мағынасын зерделеуге баулу;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: жайдарман ойындары үлгісінде

Көрнекілігі: жайдарман ойындары бейнежазбасы, слайдтар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу

ІІ. Өткен сабақққа шолу.

Біз «Сайыс түрлері» тақырыбында бөлім бойынша бірқатар мағлұматтар алдық.

Бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарды қайталау арқылы алған білімдерімізді толықтырамыз.

Жайдарман ойындарында қандай сайыс түрлері өткізіледі?

(оқушылар сайыс түрлерін айтып шығады, слайд бойынша да таныстырылым көрсетіледі)

Сайыс түрлеріне тоқталсақ:

  1. ФЕСТИВАЛЬДІК ОЙЫН
  2. СӘЛЕМДЕСУ
  3. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ МЕН ӘУЕНДІ САЙЫС
  4. БІР ӘУЕН АЯСЫНДА
  5. БЕЙНЕСАЙЫС
  6. ОЙЛАН ТАП!
  7. РЕБУС
  8. ҚАЙЫМ АЙТЫС
  9. ЖАЛҒАСТЫР
  10. ӘЛІППЕ
  11. ЖАУАП-СҰРАҚ

Ендеше, осы сайыс түрлері бойынша не білеміз, не үйрендік?

Бүгін біздің оқушыларымыз, кішкентай жайдарманшылар, сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетеді.

Сайыс түрлері бойынша оқушылар тақтаға шығып, өнерлерін көрсетеді.

Диалогтар құрады, сұрақ-жауап, ребустар құрады.

Әліппе, қайым айтыс, әуенді сайыс құрылады.

Бейнероликтер көрсетіледі.

Сабақты қорытындылау

Сұрақтар қою арқылы сабақ бекітіледі.

Үйге тапсырма:

Мақал-мәтелге, нақыл сөздерге ребустар құрып келеміз.

Бағалау.

Реклама

Добавить комментарий