Жұрнақ пен жалғау

Ауганбаева Назира Алдипановна

Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы

145 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

САБАҚ:

Жұрнақ пен жалғау

Қажымұқан Мұңайтпасов

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: 2 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.2.1 — мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,тарих.
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар
Басталуы 5 минут Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3-тілде амандасу

Ағылшын тілінде бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлап, қонақтармен амандасады.

1-минут

Топқа бөлу1минут

1-топ Коньки

2-топ Шана

3-топ Шаңғы

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут

Суретпен жұмыс

Оқушылар тақырып аясында суретті талдайды.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

67. Мәтінді түсініп оқы. (жеке, тізбектей)

Жалпыға арналған тапсырма:

Мәтінді оқу

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Жалпыға арналған тапсырма:

  • Палуан қандай болуы керек?
  • Қандай палуандарды білесің?

Қ. Мұңайтпасов туралы видеожазбаны көрсету

Ж. Үшкемпіров пен И. Байрамуковтың суреттерін көрсету

Топпен жұмыс. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды.

Әлемдік, қазақтың, саудагер, жалшы, шанамен.

68-жаттығу. Дәптермен жұмыс.

Қажымұқан-қазақтың тұңғыш палуаны. Ол-дүниежүзінің бірнеше дүркін жүлдегері.

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.
Сергіту сәті

2 минут

«Мен қазақпын!»

би билеу

«Мен қазақпын!» биі
Аяқталуы 20 минут Синтез

Суретпен жұмыс(ауызша)

3 топқа 3сөз беріледі (Балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.

Қарсы топ сол сөзді табады және қосымша қосып айтады).
Хоккеші, футболшы, жүзгіш. (Осы сөздерден түбірін, жұрнақ, жалғауды табады)

Оқулықпен жұмыс. 69-жаттығу. Өлеңді хормен оқиды. Дәптерге жазады

Палуан-ау, палуан,

Әдіскерсің алуан.

Жекпе-жекке шығарсың,

Қайсың бұрын жығасың?

«Джест же гейм» әдісі
Үйге тапсырма: №71,30-бетте.
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған өз әсерлерін жазып, тақтада салынған олимпиаданың символына айналған дөңгелектердің біріне жабыстырады. «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Сабақ қызықты өтті», «Көп нәрсені білдім!» деп жазады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Реклама