Жаңа жылым, жаңа жырым!

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Достык бекеті
«Нұрлытаң» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорыны әдіскері

Саржанова Маншук Райымбековна

Зал іші безендіреледі. Музыка ойналып тұрады. Балалар залға кіріп отырады.

Жүргізуші: Жаңа таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін деп

Бәрімізге Жаңа жыл болсын арайлы!

Қош келдіңіздер құрметті ата-аналар, қонақтар және кішкене ғана біздің «Нұрлытаң» балабақшасының бүлдіршіндері.

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл сіздерге тек жақсылық, молшылық , бақыт әкелсін! Жаңа «Ит » жылымыз берекелі, ырысты, мол, тыныш жыл болсын!

(Сол кезде залға бірінің артынан бірі жүріп пингвиндер кіреді.)

Жүргізуші таңырқай қарап: Ау..! балалар қараңдаршы бізге қонақ келген сияқты. (пингвиндер жан жақтарына таңырқай қарап, шыршаны айналып жүреді.)

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Сіздер кім боласыздар? Қайдан келе жатырсыздар?

1-пингвин: Сәлеметсіздер ме! Біз қайда келдік. Недеген көп балалар.

2- пингвин: Бұл жерде не болып жатыр?неткен әдемі!

Жүргізуші: Бұл балалбақша ! Балалар әлемі! Біз Жана жылды тойлап «Шырша» мерекесін өткізіп жатырмыз.

1-пингвин : Біз пингвиндерміз . Солтүстік полюстен келдік. Бізді Аяз ата мен Ақшақар балалармен шырша мерекесін тойлауға шақырып еді,өздері көрінбейді ғой. Әлі келмеген бе? ( сол кезде залға ұшып , жүгіріп шыршаны 1-2 рет айналып Сауысқан кіреді, аузында тістеп алған хаты бар.

Сауысқан : Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сіздерге Аяз атамен Ақшақардан хат әкелдім. Хатты оқи бастайды:

Асығамын деп жүріп

Бұтаққа мен қабымды Іліп алып,тесіп алдым Сыйлықтарды шашып алдым сыйлықтарды жинағанша , сендерге мен қонаққа ескі жылды жіберемін. (Музыка ойналып, залға тауық кіреді.)

Тауық: Сәлеметсіздер ме балалар! Құрметті ата-аналар! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!Міне, менде сіздермен бір жыл бойы сіңірген болдым. Сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Енді менің де уақытым таяп қалды .

Жүргізуші: Тауық сіз асықпаңыз , біздің балаларымыздың сіздерге арналған әндері мен билері бар.

Тауық: жарайды балалардың өнерін көріп қуанышқа бөленіп қайтайын. Сіздермен қуана-қуана бірге боламын.

Жүргізуші:

Әндетейік біздер бүгін

Тақтақтайық жаңаша

Басталады уа, халайық!

Басталады Жаңа жыл !

«Қарлығаш» топ балаларының орындауында «Шырша» әні .

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар.

Балалар мерекемізге кімдер жетіспей тұр.

Балалар: Аяз ата Ақшақар

Жүргізуші: Ия , атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр.( сол кезде Сауысқан тағы кіреді, аузында хаты бар)

Сауысқан: хатты дауыстап оқиды: Балаларым, біз Ақшақар екеуміз боранда адасып , жол таба алмай жатырмыз. Бізге көмек қажет.

Жүргізуші: Балалар біз енді қалай құтқарамыз? Аа, біздің көмекке келетін құтқарушы күшіктер бар ғой! Қане, айтыңдаршы балалар біз құтқарушы күшіктерді білеміз ба?

Балалар: Ия, білеміз.

Жүргізуші: Олай болса дабыл қағайық,күшіктерге хабар берейік. (залда дабыл қағылып, қызыл светтер жанады). Осы кезде залға бірінің артынан бірі күшіктер мен Аяз ата мен Ақшақар кіреді

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге кімдер келеді?

Балалар: Аяз ата Ақшақар және құтқарушы күшіктер.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Сіздерді ұзақ күттік.

Аяз ата: Ардақты ата-аналар,аяулы ұл- қыздар, бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Шаршап келдім алыстан

Ақшақар: Амансыздар ма балалар, ата-аналар!өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп бара жатқан «тауық» жылымызға да аман-есен саулық тілеп,келер «Ит » жылына табыс ,береке,бірлік әкелсін дейміз.

( Ақшақар жан-жағына қарап жаңа жылды іздейді) .

Бізге әлі жаңа ит жылы келмеген ба? (осы кезде дабыл қағылып, қызыл жасыл светер жаныпалыстан иттердің дауысы естіледі.)

Құтқарушы күшіктер: Бізге көмеккке келіңдер деген хабар келді. Біз көмекке кеттік-деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Кушіктеріміз жаңа ит жылын алып келгенше Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерімізді көрсетейік.

Жүргізуші: Шырша құрып алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық — дей келе балаларымыздың Жаңа жылға дайындаған ән-би, тақпақтарына кезек берелік.

(Балалардың дайындаған номерлері)

Амир

Тілеймін мен бар әлемге

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Ата,әже ,ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл

Аружан

Тілеймін мен бар әлемге

Жаңа бақыт жан ашар

Әке ана ,әке ана

Құтты болсын жаңа жыл

Әлібек

Ақ киімді денелі ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Альфия

Жаңа жыл ,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыл

Жасыл шырша маңында

Ойнап бүкіл бала жүр

Жүргізуші: Ақ тілекті, сөз көп дейін

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Ата-аналар бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық балапандар биін

Би: «Балапан»

Жүргізуші: Балалар , тыңдаршы алыстан иттердің үрген дауыстары естіле ме?( залда иттердің дауыстары шығады)

Залға құтқарушы күшіктермен жаңа жыл «Ит» кіреді.

Жүргізуші: Қош келдің жана ит жылы!

Аяз ата: Айналайын жаңа жыл келген қадамыңа құтты болсын! Мынау менің ұлдарым мен қызарым, мынау менің халқым саған аманат. 12 ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол!

Ит: Сәлеметсіздер ме! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып

Мен жаңа жылмын

Мен жаңа нұрмын

Жеті қазынаның бірімін

Нұрымды да жырымды да себемін

Ал балалар сендерге

Ән де шырқап ,би де билеп бермін

(осы кезде жаңа жылды ортаға алып барлық , персонаждар флешмоб биін билейді) «Қош келдің жана жылым ортамызға» атты әнге.

Аяз ата: Жарайсыңдар .адамзаттың серігі жеті қазынаның бірісіңдер.

Жүргізуші: Міне, балалар жаңа ит жылы да өзінің өнерін көрсетіп жатыр. Енді жылымыз көңілді қуанышқа толсын!.

Ақшақар: Аяз ата , балалар қараңыздаршы шыршамыз көңілсіз болып жарқырамай тұрғандай.

Сиқырлы сөздерімізді айтып шыршамызды жарқыратайықшы.

Барлығы бірге : Бір, екі, үш Сиқырлы таяқ ұш

Шырша оттары жарқырай түс

Жүргізуші: Ал енді бәріміз қол ұстасып шыршамызды айналып әнімізді шырқайық

( осы кезде топ ән-билері кетеді)

Ақшақар: Жарайсыңдар балалар!

Ал енді балалар мен сендердің ата-аналарыңмен ойын ойнасам .

Мен білемін бір ойын

Үйретейін сіздерге

Мен бастайын жұмбақты

Аяқтайтын сіздер сөзімді –хормен жауап айтасыздар.

1Қарға мүлгіп дала тұр

Келе жатыр ………

(жаңа жыл)

2) Қызыл мұрын,ақ мұртты

Білсең атын тез ата

Келді бізге………

(аяз ата)

3) Шырша бүгін кәделі

Сендер бәрің …….. (әдемі )

4) Көңілсіз бір бала жоқ

Ойын күлкі таралсын

Құтты болсын ………(жаңа жыл)

Жүргізуші: Бәрекелді, жарайсыздар ата-аналар! Тауықжан сізбен де қоштасатын кез келді жылың айналып келгенше аман сау болыңыз!

Тауық: құт,құт,құт ит досым! Менің жылым өте керемет ,жайлы ,табысты жыл болды.сеніңде жылың халқыма жайлы , тыныш жыл болсын!

Ит: Гаф-гаф-гаф!

Айтқаның келсін, достым!

Мен дағы бір қонақпын

12 жылда оралар

Бақытты болсын балалар!

Тауық: Сау болыңыздар. Амандықпен кездесейік жыл айналып келгенше- деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші : Ал олай болса біз жаңа жылмен мерекемізді жалғастырайық. Тағыда Жаңа жыл құтты болсын!

Балалардың ән-биі,тақпақтары кетеді.

Жания:

New year day

Happy day

We are glad and very day

Жантөре:

We all danct and sing and say

«Welcome! Welcome!New Year Day!»

М.Айзере

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ көрпеге оранып

Бексұлтан

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен шапаны

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен сақалы

Амина

Аязды келіп қыс

Алғашқы қар ұшты

Аппақ боп үстіміз

Ақ қырау жабысты

Жүргізуші :

Ал келесі кезекті «Қарлығаш» тобының жез таңдай әнші қызы Мақсатқызы Айзерені «Жаңа жыл »әнімен ортаға шақырайық.

Ж арайсын Айзере .

Келесі тамашалайтын «Күшіктер биі»ұлдар тобының орындауында.

Жүргізуші : Аяз ата сіз балаларға сыйлықтарын беруді ұмытып кетпедіңізбе?

Аяз ата: Ойбу балапандарым –ай ұят болды-ау. Ұят –ай! Аталарың қартайды .

Сендердің өнерлеріңді көріп, риза болғаным соншалық сыйлық жайлы ұмытып кеткенім –ай.

Жүргізуші: Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Сыйлықтарды таратайық бәріміз

Хор: ән шет тілінде «»

Аяз ата: Ақшақар қызым,жаңа жыл, күшіктер, пингвиндер,сауысқан келіңдербалаларға сыйлықтарын беріңдер. Ал балалар, сендерге рахмет! Әндеріңді тыңдап, билеріңді тамашалап бір демалып, жасарып ,марқайып қалдым. Басқада балаларға баруымыз керек. Жаңа жыл мерекесі баршамызға құтты болсын!

Келесі жылда амандықпен кездескенше қош сау болыңдар!

Ақшақар : Сау болыңдар балалар. Келер жылда жолыққанша!

(барлық персонаждар жаңа жылмен кұттықтап залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Тілеймен мен бар әлемге

Жаңа бақыт,жаңа жыр

Ата-аналар , балақайлар

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа кірген ит жылы бізге берекесімен ырыздығымен келсін. Келесі жыл айналыпкелгенше хош аман сау болыңыздар.

Жана жыл әні.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.