«Дос болуды үйренеміз»

Сабақтың тақырыбы: « Дос болуды үйренеміз» Мұғалімнің аты-жөні: Сарыбаева Баян Абжановна
Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы
№ 145 ЖББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Күні: 06.02.2018ж

Қатысқан оқушылар саны: 15 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақтың мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылықтарын ашу.
Білімділік:

Дамытушылық

Тәрбиелік:

Құндылық:

Қасиеттер:

«дос», «достық»ұғымдарының мәнін, дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

Аддалдық,сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;

Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке,өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Дұрыс әрекет

Адалдық, жауапкершілік, сенімділік.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайд, бейне таспа
Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі. Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Айтқан тілді аламыз,

Біз бақытты баламыз.

Үй тапсырмасын тексеру. «Жаман жолдас» ертегісі.

Аю неліктен әлсіз, ауру адамға тимеді?

Шындығында аю оған сондай ақыл айттыма?

Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет ететін едіңдер?

Бейне таспа:
Тренинг Сөйлемдерді аяқта

Әр бір адамға дос керек. Өйткені…..

Сыйластық бар жерде……..

Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім……

Сергіту сәті. Ойын түрінде Балалар бүгін біз «Ренжістік, достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз.

«РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер.

«ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.

«ДОСТАСТЫҚ» дегенде , күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар

Содан кейін пікір алмасу

Мақалды жалғастыр. 1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам ….. қалады»

2. «Дұшпан ….. айтады, дос ….. айтады»

3. «Жаңылмайтын ….. жоқ, сүрінбейтін ….. жоқ»

4. «……. жаңасы жақсы, …… көнесі жақсы»

5. «Жүз……. болғанша, жүз …… болсын»

6. «Досы көппен ……..

Досы жоқпен ………..».

7. «Досы ………., өзі де жақсы»

8. «……… басқа қарайды,

………..аяққа қарайды»

9. «Ақылсыз ….. , ақылды дұшпан ……..»

10. «Досың мың болса да — ……

…….біреу болса да — көп»

Дәптермен жұмыс 1-тапсырма. Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр, таңдауларыңды түсіндіріңдер.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал- мәтелдерді оқыңдар, өздеріңде мақал-мәтел құрастырыңдар

Дәйексөз «Достық достықты шақырады»

Абай Құнанбаев

Әңгімелеу Достық ережесі

Жолдастарыңа көмектес, қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.

Достарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс.

Егер жолдасың жаман қылық жасаса, достық ниетпен айтып түсіндір.

Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол, тату бол, мақтанып кетпе.

Жолдасыңның жетістігіне қуан.

Топпен ән айту

Бейне таспадан

Рефлексия Ақырын қойылған әннің көмегімен, оқушылар көздерін жұмып, сабакта өткен жақсы қасиеттерді естеріне түсіреді. Сабақта алған әсерлерін стикерге жазып тақтадағы білім ағашына жабыстырады.
Үй тапсырмасы (Өсиет әңгіме) «Құм мен тас» 71-бет оқу
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.