РЦБ класындағы автомоделінің мәнерлеп жүру қоз ғалысы

Қызылорада облысы, Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті, Оқушылар Үйінің

«Көлік модельдеу» үйірмесінің жетекшісі: Дальев Асанхан Бекбулатович

Сабақтың тақырыбы: РЦБ класындағы автомоделінің мәнерлеп жүру

қозғалысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Басқару аппаратымен дұрыс жұмыс жасау.

  1. Автомодельді трассаның тіке бөліктерінде және әр түрлі бұрылыстарда дұрыс басқару.
  2. Трассамен жүргізу алдында автомодельді дұрыс дайындау (икемдеу).

  3. Бұрылыстарда автомодельдің сырғуын дұрыс (тиімді) пайдалану.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Көрнекілігі: Автомодель, радиобасқару пульті, трасса алаңы.

Сабақ барысы:

Оқушылармен амандасу. Сабаққа даярлау. Оқу құралдарын әзірлеу.

Біз бүгін автомодельді жүргізу әдістерін үйренеміз.

Ол үшін бұрылысты қалай жасау керек?

Радиобасқару автомоделін іске қоспас бұрын модельдің құрылысымен танысайық. РЦБ класындағы автомодельдің құрылысы: рама, рамаға тісті дөңгелек арқылы бекітілген алдыңғы ось және артқы ось, осьтерге бекітілген дөңгелектен, бұрылыс механизмінен, электронды механизмнен, антеннадан, қоректендіргіш блоктан және корпустан тұрады. Ал басқару пульті (аппараты) – передатчиктен (беріліс), қабылдағыштан (приемник), аккумулятордан (батарейка) тұрады. Модельді басқару үшін екі каналды басқару жүйесі қолданылады, бұл жерде бірінші канал – солға, оңға, тіке бағыттау үшін, ал екіншісі – алға, артқа жүргізу және тоқтату үшін. РЦБ класындағы автомоделінде редукторлы сервомотор орнатылған.

Автомодельдің трассада бұрылыс жасауда басты мақсаты — бұрылыс траекториясын барынша түзу ұстау. Келесі мақсатымыз жылдамдықты тежеу және жылдамдықты арттыру нүктелерін білу (анықтау). Тежеуді бұрылыс алдында бастау керек, себебі тежеуді бұрылысқа кіргенде жасасақ модельді айналдырып (сырғытып) әкетуі мүмкін. Жылдамдықты арттыру үшін бұрылыстың ортасына келгенде газды басу керек.

Трассадағы бұрылыс түрлері:

  • жылдам бұрылыс (быстрый поворот)
  • жіңішке бұрылыс (узкая шпилька)
  • оңға бұрылу (правый поворот)
  • қосарланған бұрылу нүктесі (двойной апекс)
  • кең көлемді ашылу бұрылысы (раскрывающийся поворот)
  • қысылу бұрылысы (сужающийся поворот)
  • бұралаң жолдар (изгиб) сериялары

Жылдам бұрылыс жасағанда бұрылу процесі барынша жұмсақ (плавный) болу керек және алдыңғы доңғалақ қозғалысын абайлау керек. Бұрылыста газ қайтармай үлкен жылдамдықпен жүретін болғандықтан, қозғалыс бағытының жоғары (максимальный) радиуста болғаны тиімді.

Жіңішке бұрылысқа кіру үшін модельді жайлап жолдың ішкі жағына қарай ығыстыру (бағыттау) керек, себебі бұрылыс кезінде модель өзіне бұрылу бұрышын үлкейтеді.

Модельді оңға, солға бұрылыс жасағанда бұрылыс траекториясы бұрылыстан кейін қандай жол тұрғанына байланысты болады.

Автомодельді қатты жылдамдықта бақылаудың екі түрі болады: рульмен басқару және газ. Біріншісі автомодельдің алдыңғы бөлігін бақылайды, ал екіншісі артқы бөлігін бақылайды.

Қосарланған бұрылу нүктелері (двойной апекс).Екі бұрылу нүктесінің арасы қысқа түзу сызыққа орналасса, бірінші нүктеден басталған апекстен бұрылу бұрышын екінші нүктеде де жалғастыра немесе өзгерте аламыз.

Кең көлемді ашылу бұрылысы (раскрывающийся поворот)

Бұл жерде апекс бұрылысынан кейін бұрылу бұрышы ұлғаяды және жылдамдықты өсіре аламыз.

Қысылу бұрылысы (сужающийся поворот)

Егер автомодель ұзын түзу сызық бойымен жүріп келіп бұрылыс жасаса, онда сол жылдамдықты пайдалана отырып,

апекстен өтуге болады. Бұл жерде бұрылу бұрышы ұлғаяды.

Бұралаң жолдар (изгиб) сериялары

Бұл сәтте бірінші бұрылысты есептеу керек және бұрылу бұрышы мен апекс нүктесінің арасы барынша үлкен болса тиімдірек. Сондай-ақ бұрылыстарда жылдамдықты азайтамыз.

Практикалық бөлім

Енді осы әдістерді қолдана отырып, РЦБ автомоделін траектория бойымен мәнерлеп жүргізіп үйренейік.

Бекіту сұрақтары:

  1. РЦБ класындағы автомодельдің құрылысы қандай?
  2. Радиоқабылдағышты басқару пультін қалай қолданамыз?
  3. Мәнерлеп жүру траекториясында қандай әдістер пайдаланамыз?

Үйге тапсырма:

Автомодель үлгілерінің мәнерлеп жүру қозғалысы туралы бейнероликтер қарау, үйрену.

Реклама