Газет түтікшелерінен бұйымдар жасау

Ильясова Жанаргуль Тлеубаевна

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Аудандық Оқушылар
Үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі

Оқушылар Үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінде өткізілетін

ашық сабақ жұмыс жоспары

Сабақтың тақырыбы: Газет түтікшелерінен бұйымдар жасау

Сабақтың мақсаты: қағаздың шығу тарихынан түсінік беру, газеттің жасалу жолдары, қағаз қалдықтарымен жұмыс жасау технологиясын меңгеру, сызба нұсқалар жасау, газет түтікшелерінен бұйымдар жасауды үйрету;

А)Бiлiмдiлiк:Оқушыларға газет туралы мәлімет беру.
Б)Тәрбиелiк: шыдамдылыққа, әсемдікке, сабақта алған білімдерін өмірде пайдалануға тәрбиелеу.

В)Дамытушылық: Оқушылардың еңбекке деген қабілетін, ынтасын, талабын, іскерлігін дамыту. Өз беттерімен жұмыстануға дағдыландыру.

Көрнекілiгi:Қажетті материалдар мен құралдар,сабақ тақырыбына сай суреттер мен мәліметтер, тақырып бойынша слайд, дайын бұйымдар

Материалдар:газеттер, желім, қайшы т.б.

Сабақтың түрi:Жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдiсi:Практикалық , көрнекілік

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Сынып тазалығына назар аудару.
4. Қауіпсіздік ережелерін қайталау.
5.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

6.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

Өткен сабаққа шолу

Қағазды бүктеу әдісімен бұйымдар жасау. «Оригами»

Жаңа сабақ

Газет – мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым. Ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтарынан бастау алады. 16ғасырда Венецияда «жаңалық жазушылар орталығы» құрылып, арнаулы ақпараттарын «газета» (италияша gazzetta – базар нарқы туралы ақпарат сатып алуға арналған ұсақ ақша) деп аталатын тиынға сатты. 1631 ж. француздық «La gazzette» мерзімді басылымының шығуына байланысты «газета» термині осы заманғы мағынасына ие болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар «Түркістан уәлаятының газеті» (1870 – 82) мен «Дала уәлаятының газеті» (1888 – 1902). 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ» газеті (1906), «Серке» (1907) басылымдарын шығаруды қолға алды. Қазіргі кезде қазақ тілінде 100-ге тарта газеттер шығарылады («Егемен Қазақстан«, «Жас Алаш«, «Қазақ әдебиеті«, «Ана тілі«, «Алматы ақшамы» т.б).

Газетпен тоқу технологиясы /шимен,қоғамен / тоқылған бұйымдардың тоқу техалогиясының әдісімен тоқылады. Бұрынғы заманда көп деген адамдар тоқумен айналысқан. Археологтар ерекше тоқылған бұйымдарды Европаның Египет елінен 1922 жылы қазба жұмыс кезінде Тутанхамонаның /гробница/ әдемі креслосы табылған. Ғалымдардын деректері бойынша креслоны жұмсак өсімдіктерден,шөптен,папирус талының шыбығынан тамырынан т.б материалдарды пайдалану арқылы тоқылған.

Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау.

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, құралдармен жұмыс жасайсыңдар. Сонымен қатар қайшымен, желіммен де жұмыс жасаймыз. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Үшкір құралдармен, қайшымен , желіммен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек?

Адасқан құралдар

Қалам

Реклама