Бүгінгі Астана

Атырау қаласы, №17 мектеп — лицейінің
қазақ тілі пәні мұғалімі
Габдижалел Арайлым Габдижалеловна

Сабақ жоспары

Тақырыбы: Бүгінгі Астана Мектебі:
Күні, айы:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:
Сабаққа қатысқан оқушылар саны: ____
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау;

3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4сөйлем);

3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік /тәуелдік/ септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану;

Тілдік мақсаттар Дағдыларды дамыту.

Негізгі терминдер, сөз тіркестері және жаңа сөздер: бүгін, қазір, ойын-сауық орталығы.

Қажетті ресурстар Сюжетті суреттер, АКТ, карточкалар, Астананың көрікті жерлерінің суреттері.
Оқулық /

Жұмыс дәптері

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:

· Таныс сөздерді күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Оқушылардың көпшілігі:

· Сурет бойынша сөйлем құрастырады.

Кейбір оқушылар:

· Мәтінге сұрақ қойып, сипаттап, әңгімелеп береді.

Осы сабақтың соңында оқушылар:

· Тыңдаған шағын мәтіннің мазмұнын түсінеді.

· Тақырыпқа қатысты сөздерді сөйлеуде қолданады.

· Сөздердің емлесін сақтап жазады.

Жоспар
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс
Сабақтың басы

(1-5 минут)

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

(6-35 минут)

Қызығушылығын ояту.

Иіліп сәлем бердік, атқан күнге!

Иіліп сәлем бердік, қонақтарға!

Иіліп сәлем бердік, ұстаз сізге!

Иіліп сәлем бердік, достар бірге!

Топқа бөлу.

Үстелде қағаз қиындылары жатыр. Әрқайсысы бір қиындыны таңдап алады. Қиындылар арқылы жұптасып, бір сурет құрастырады. Құрастырылған үш сурет бойынша үш топқа бөлінеді.

Бәйтерек Хан Шатыр Пирамида

*Слайд арқылы құрастырылған суреттер көрсетіледі.

— Суретте нелер бейнеленген?

— Олар қандай ғимараттар?

— Олар қай қалада орналасқан?

— Астана қандай қала?

— Біздің президентіміз кім?

Бүгінгі сабағымыз еліміздің астанасы — Астана қаласы туралы болмақ. Сабағымыз ерекше. Алдарыңда парақ қағаз жатыр.

— Ол не?

— Пойыз билеті.

— Дұрыс. Біз бүгін Астана қаласына саяхат жасап, пойызбен шығамыз.

Қала атауларының өзгеруі:
1961 жылы — Ақмола қаласы

1961 – 1992 жылдары — Целиноград

1993 – 1998 жылдары — Ақмола

1998 жылы 6-мамырда Астана

Астана Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Президенттік мәдени орталық, Конгресс холл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Пирамида, тағы басқа ғажап құрылыстар бой түзеген. Ертегі гүліне ұқсайтын биік «Бәйтерек» мұнарасы бар. Биіктігі – 97 метр, дөңгелек шарымен бірге – 105 метр. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Астананың символы. «Бәйтерек» ғимараты үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орналасқан. Ұшар басында алтын шар орналасқан.

Ал, «Хан Шатыр»Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған. Хан Шатырдың ұзындығы – 150 метр. Хан Шатыр ОССО – бір шатырдың астында әлем деңгейіндегі ойын-сауық және сауда-саттықты біріктірген, алғашқы лайфстайл-орталық болып саналады.

Пирамидаға келетін болсақ, ұзындығы – 62 метр. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы, мұражай, 1,5 мың орынды опера залы, кең орталық атриум мен қысқы бақ орналасқан.

«Жаңа сөздер». Тақырып бойынша берілген жаңа сөздерді оқы, қайтала.

қазір – сейчас

ойын-сауық орталығы – развлекательный центр

әсер – впечатление

мұхитарал – окенариум

Топпен жұмыс. Берілген мәтін бойынша жұмыс.

Күзгі демалыста Арман ата-анасымен Астанаға қыдырып барды. Онда Арманның ата-әжесі тұрады. Ата-әжесі немересін көріп қуанды. Олар Астананы отбасымен аралауға шықты. Алдымен олар Бәйтерекке барды. Бәйтеректі қызықтап, «Аялы алақанға» қолын қойып, Арман тілек тіледі. Содан кейін олар «Думан» ойын-сауық орталығына барды. Ол жерде мұхитаралды көріп, қызықтап, мәз болды. Содан кейін бәрі Хан Шатырдағы аттракционға барды. Отбасымен кешкі ас ішіп, үйлеріне келді. Арманға бүгінгі өткен күн жақсы әсер қалдырды.

*Тапсырма:

1-топ: Оқиға картасымен жұмыс.

2-топ: Кестемен жұмыс.

3-топ: Мәтін бойынша сұрақ қою.

Бағалау: әр топ орындалған жұмыстары арқылы бір-бірін бағалайды.

Топпен жұмыс. Берілген тірек сөздер арқылы сөйлем құрастыру.

1-топ: ойын-сауық орталығы, мұхитарал, Хан Шатыр.

2-топ: аттракцион, жақсы әсер, ата-әже.

3-топ: Бәйтерек, күзгі демалыс, «Аялы алақан».

Бағалау: бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

Жеке жұмыс. Көптік және тәуелдік жалғауына берілген тапсырма бойынша өзіндік жұмыс.

№1. Сөздерге көптік жалғау жалғап жаз.

1. қала______

2. мұхитарал______

3. ғимарат______

4. орталық______

5. үй______

№2. Берілген сөзді тәуелде.

аула

I жақ Менің ______________

II жақ Сенің ______________

Сіздің ______________

III жақ Оның ______________

Сиқырлы сандық. Сұрақтарға жауап беру.

— Есіл өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?

— Астанадағы ойын-сауық орталықтарын ата.

— Бәйтеректің ұзындығы қанша?

— Астана қаласы бұрын қалай аталған?

Топтастыру.

Астана
Үйге

тапсырма

Болашақтағы Астананы елестете отырып, суреттеу.
Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Сабақты қаншалықты меңгергені тексеріледі. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерлерін білдіре алады.
Кері

Байланыс

— Саяхат ұнады ма?

— Тапсырмалар қызықты болды ма?

Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.