Ата –аналармен тренинг- сабақ

Казталов ауданы «Ертегі» бөбекжайы МКҚК

Бөбекжай психологі Хайруллина Гульмира Серікқызы

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ және баланы мектепке қалай дайындау керек?»

Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым –қатынас орнату. Ата- анаға баланы мектепке калай дайындау керектігі жөнінде акпарат, көмек беру жолдарын қарастыру.

Міндеттері: Ата-ана мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастық жұмыстарын дамыту. Бүлдіршіндерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: Түрлі мазмұндағы суреттер, А4 формат, қалам, доп және т.б

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тестілеу, психологиялық жаттығулар.

Тренинг бағдарламасы:

  1. «Ерекше танысу» жаттығуы
  2. Топқа бөлу

3.«Баланы мектепке калай дайындау керек?» дәріс

  1. Ата- анага ұсыныс
  • Ой жинақтау

  • «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы

  • 7.Тест

    8.Флешмоб. Қорытынды

    Тренинг барысы:

    Психолог: Қайырлы күн! Қымбатты, қадірлі ата-аналар! Бүгінгі ұйымдастырғалы тұрған «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» және «Баланы мектепке қалай дайындау керек?» тақырыбындағы тренинг- сабағымыз сәтті өтіп, нәтижелі болсын. «Әдепті ұл» тәрбиелеу үшін- сыйымды әрекет жасайық, әдемі қыз тәрбиелеу үшін- иба сырларын, өрнекті іс арқылы басайық, әрекет жолдарын бірлесіп таба білейік. Бал бөбектеріміздің тілін дамытатын- тәрбиеші, жеке құндылықтарын дарытатын ата- ана, келісті әрекеті мен жемісті еңбекті ұсынатын- қоғам. Олай болса әрбір жасайтын ісіміз- балаларымыз үшін деп ниет қылайық, жасайық.

    Құрметті ата- аналар! Бүгінгі тренинг- сабағымызды бір- бірімізді жақсы танып алу, естеріңізде жақсы сақтап қалу мақсатында «Ерекше танысу» тренингімен бастауға рұқсат етіңіздер. Барлығымыз психологиялық аймаққа жиналып, шеңбер құрып, тренингімізді бастаймыз.

    1. «Ерекше танысу»

    Нұсқау: Психолог әдемі тоқыма жібін ата- анаға ұсынады, ата- ана өз есімін және топтағы баласының есімін атап, жіпті келесі адамға ұсынар кезде алдыңғы әріптесін, өзін және баласының аты- жөнін атап, жіпті келесі әріптесіне ауа арқылы ұсынады.Тренинг осылай жалғасады.

    (Төмендегі бағытта ұйымдастырылуы шарт)

    1 ата- ана- Мен топтағы тәрбиеленуші Айманның анасы –Сандуғашпын,

    2 ата- ана- Сіз Айманның анасы Сандуғашсыз, ал мен Асланның анасы- Гүлнармын

    3 ата- ана- Сіз Айманның анасы Сандуғашсыз, ал сіз Асланның анасы Гүлнарсыз, ал мен Әдемінің әкесі Русланмын деп жалғасынтабады.

    2.Топқа бөлу. Ата- аналарға түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдау ұсынылады. Түстер бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.

    3.Баяндама .Тақырыбы: «Баланы мектепке қалай дайындау керек?»

    4. Ата- анага ұсыныс. Жаднама үлестіру

    5. Ой жинақтау

    Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

    I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек?

    II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?

    III. Тәрбиеші мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?

    6. «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы

    1. Балаңыздың сүйікті түсі?
  • Балаңыздың тәрбиешілерінің толық аты- жөні?

  • Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?

  • Қандай жануарды жақсы көреді?

  • Балаңызды қалай еркелетесіз?

  • Балаңыздың топтағы жақын досы кім?

  • 7. Тест «Сіздің көңіл- күйіңіз»

    Мұнда ағаш бұтағы салынған сурет толық аяқталмаған, өз көзқарасыңызбен бөліктерін керегімен толықтырыңыз, тек ұзақ ойланбаңыз, алдымен ойыңызға не келеді, соны салыңыз. Суретте өзіңіздің қазіргі сезіміңізді ашып көрсете біліңіз.

    Тесттің кілті.

    Егер сіз ағаштың бұтағын Ашық түспен жүріп өтсеңіз және суретке басқа ешнәрсе қоспасаңыз, онда осы мезеттегі өмірлік сәтіңізде сіз бір жағдаймен өте қиын күйзеліс үстіндесіз. Бәрінен бұрын сіздің мәселеңіз тек жеке басыңыздың өмірімен емес, өзіңіздің мамандығыңызбен немесе оқумен байланысты.

    Егер сіз ағаштың барлық бұтағын түгелімен бояп шықсаңыз, онда сіз бірдеңеге қатты ренжідіңіз немесе сондай күйге сізді жеткізді. Сіз күйзелесіз де ренжисіз, сіздің ағашыңыз соны анық көрсетіп тұр. Егер сіз ағашқа қосымша бұталар қоссаңыз, онда сіздің ішкі жан дүниеңіз қажетсіздерден қайнап тұр. Сізді ренжіткендер болмаса да жаныңызға келгендерге сіз өз сезіміңізді төңкеріп жіберуге дайын тұрсыз.

    Егер сіз ағаштың бұталарына жапырақ салсаңыз, онда сіздің іщкі жан дүниеңіз өз қалпында. Егерде бұтақтың төменгі жағында көп жапырақ орналасса, онда сіз осы уақытта әсер етуге емес, ойлануға және талдауға бейімсіз. Егерде бұтақтың төменгі жағына қарағанда жоғарғы жығында жапырақтар көп болса, онда сіздің іске белсене кірісуге дайындығыңызды көрсетеді, сіз күшіңіздесіз және іс жүзінде күтудесіз.

    Егер сіз бұтаққа жапырақ салсаңыз, әр жапырақты бөлек-бөлек көрсетпесеңіз, онда сіз көңілді және бақытты болу үшін көп күш жігеріңізді бөлудесіз, осы уақытта сіз бір нәрсеге пысықтануға зауқыңыз жоқ, өз ойыңыздан шаршадыңыз.

    Егер сіз ағаштың қабығына негізгі күш жігеріңізді салсаңыз, онда сіздің жұмысқа берілгендігіңіз өте керемет, уақытты босқа өткізбей іспен айналысыңыз. Сізде бәрі орындалады.

    Егер сіз бұтаққа құсты не жануарларды салсаңыз, онда сізге адамдармен араласу жетіспейді, сіз ет жақын туыстарыңызбен әңгімелескіңіз келеді, өз ойларыңызбен сезімдеріңіз жөнінде біреулермен бөліскіңіз келеді. Сіздің салған жануарыңыз немесе құсыңыз ұсақ болса, онда ол қобалжудың белгісі, онда мүмкін сізді бір жағдай мазалайды және қинайды. Қандай жағдай болса да, сізге ой бөлісуіңізге тура келеді. Егер сіз бұтаққа бірнеше жануарлар мен құстарды салсаңыз, онда сіздің жаныңыз жайлы жер іздейді, бірақ оны таба алмайды. Ойларыңыз көбейіп сыйыспауда, сіз оларды өзіңіз реттей алмайсыз.

    Қорытындылай келе

    Не білдіңіз…

    Не білгіңіз келеді… сауалдары бар парақшаны толтырып шығуларыңыз сұралады.

    8. Флешмоб. Қорытынды

    Бала дегеніміз –болашағымыз. Сондықтан балаларымызға қандай тәрбие көрсетсек, болашақта сол қалыптасқан көріністі көреріміз анық. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу, өз қолымызда екенін ұмытпағанымыз жөн. Тренинг соңында сабақтан алған сезім- эмоцияларыңызды смайлик бейнесімен көрсетіп, естелікке суретке түсуді ұсынамын.

    Қатысқандарыңызға көп рахмет!

    Реклама