Анамыздың әлдиі. Ә дыбысы мен әрпі

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы,
А.Хұсайынов атындағы ОЖББ мектебінің мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі Жубанышкереева Актоты Сеугалиевна

Тақырыбы: Анамыздың әлдиі.

Ә дыбысы мен әрпі.

Мектеп /МҰ: А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Уақыты: 14.02.2018 Педагогтың ат-жөні: А.С.Жубанышкереева
Тобы: мектепалды даярлық
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары 0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу

жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз,

жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз,

тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне

ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті

ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтеже Барлық тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап беріп, əңгіме желісін құру. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Ə дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ə дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ə дыбысының орнын ажыратады.

Ə əрпінің баспа түрін жазады.

Сөйлем түрлерін ажыратып, соңына тыныс белгісін қояды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы ə дыбысының орнын ажыратады. Ə дыбысына сөз ойлайды.

Ə дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына ə əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ə дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Ə əрпінің элементін өз бетінше жазады.

Тілдік мақсат Тəрбиеленушілер :

Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.

Сөйлем түрлерін ажырата отырып, сөздің санын анықтап, буынға бөлу.

Сызбаға қарап сөйлем құру.

Қостілділік: сәби-малыш-baby

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу:

Өлеңнен Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?

Бұл сөздер кімге айтылады?

Жуан дыбыстармен жасалған сылдырмақ саған ұнай ма?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім Ə əрпімен танысып, сөздерден таныс əріптерді ажыратады. Сөздердге

дыбыстық талдау жасайды. Сызба арқылы сөйлем құрайды.

Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар
  1. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.
  1. Өмірлік тәжірбиені маңыздандыру.

Мақсаты болжам.

3-5 мин.

Амандасу.

Сәлеметсізбе!

Здравствуйте!

Good morning!

Жылулық шеңбері.

-Балалар, ортаға шығып жылулық шеңберін жасайық, келініңздер, шыға қойыңыздар!

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз-білім алу,

Міндетіміз- еңбектену.

Еңбектену арқылы,

Білімге қолды жеткізу!

Топқа бөлу. Дорба ішіндегі асықтарды таңдап алады.

1-топ: «Қызыл асық»

2-топ: «Көк асық»

Алтын ереже

.

Дорба, қызыл және көк түсті асықтар.

Ереже жазылған плакат.

ҰОҚ-ның ортасы

  1. Тақырып бойынша жұмыс.

6-27мин.

Өткен ҰОҚ-дан алған білімдерін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы ұйымдастыру.

Ойын шарты: ойын балалар шығады.

Талапай- ау, талапай,

Табылды ойын, алақай!

Асықты алға шашамыз дегенде асықты шашып жіберем әр бала бір асықан алады да интерактивті тақтадағы сұрақтарға жауап береді.

Ойын барысында алған асықтарына байланысты берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырады. Ойын соңында қай топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады.

«Ханталапай»

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді, ата?

-Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді, ата?

— Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

-Өткен оқу іс-әрекетте қандай әріппен таныстық?

-Сөйлем түрлерін ата?

-З әрпі қандай санға ұқсайды?

— Қаз сөзіне сөйлем құра.

— Ана сөзін буынға бөл.

-З дыбысы қандай дауыссыз дыбысқа жатады?

Жаңа сабақ.

Тыңдалым.

Бесік жырын интерактивті тақтадан әнді тыңдау.

-Балалар, өлеңнен ә дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?

-Бұл сөздер кімге айтылады?

-Дұрыс, сәбиге айтылады.

Қостілділік: сәби-малыш-baby

Топтық жұмыс.Суретке қарап сәби сөзіне сөйлем құрау.

1-топ.

2-топ.

Топтық жұмыс. Сәби ұйықтағанда айтылатын сөздерді ым-ишарамен көрсету.

1-топ. «Тыныш»

2-топ. «Шулама»

Ә әрпі мен дыбысына байланысты бейнеролик.

Балалар, әтеш, әліппе, әже сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

Ә –жіңішке дауысты дыбыс. Қызыл текшемен белгілейміз.

Ә әрпімен таныс болу.

Ә әрпінің жазылу үлгісін көрсету. (интерактивті тақтадан)

Дәптермен жұмыс.

Сәбидің арбасы қандай әріпке ұқсайы?

Сәбидің арбасын әдемілеп бояу.

Сергіту сәті.

Жүгіреді, жүгіреді кішкентай балалар. Музыка қимылымен билейді.

Ұжымдық жұмыс. «Тізбектеп оқу»

Ә-же ә-жем

ә-ке ә-кем

шә шә-лі

дә дә-рі дә-ке

кә кә-рі кә-де

Дәптермен жұмыс.

Әліппе-дәптердегі ә әрпін жазу.

Топтық жұмыс.

1-топ. Кеспе әріптермен әже, әке, әтеш сөздерін құрастыру.

2-топ. Берілген сөздерді оқып, суреттермен сәйкестендіру.

Әже

Әке

Дәрі

Әтеш

Сәбіз

Дидактикалық ойын: «Сылдырмақ»

Ойын шарты: бір топ жуан дауыты дыбыстарды тауып, әндетіп айтады. Ал жіңішке дауысты дыбыстарды тауып әндетіп айтады.

Ө У

И ҮА Е О

Ы Ә І

Асықтар

Интерактивті тақта

Асықтар

Интерактивті тақтадан бесік жырының видеоролигін көрсету.

2 топқа интерактивті тақтадан суретті көрсету.

Интерактивті тақтадан ә әрпі мен дыбысына байланысты бейнеролик көрсету.

Әліппе-дәптер.

Интерактивті тақтаға қарап билейді.

Интерактивті тақтадан оқу.

Әліппе-дәптер.

Кеспе әріптер мен карточка.

Əліппе-дəптер.

IY. ҰОҚ-ның қортындысы.

Рефлексия.

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі. СТО

Оқушының бір-бірінен ақпарат алу дағдысын қалыптастыру.

Оқушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорыта алады, жұптық жұмыс жүреді.

Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Үйге берген тапсырма туралы әңгімелесулеріне болады немесе жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

-Бүгін қай әріппен таныстық?

-Ә қандай дыбыс?

-Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білеміз?

-Ә дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

-Ә дыбысы қалай айтылады?

-ә дыбысын қандай түспен белгілейміз?

ҰОІӘ барысында қайй топ көп асық жинаса, сол топ жеңімпаз болады деген болатынбыз. Асықтарды санап көрейік.

БАҒАЛАУ.

Екі топ бір-бірін бағалайды.

Тамаша! (қол шапалақтау)

Керемет! (қолдарын шапалақтап, от шашу жасайды)

Реклама