Мектебіме саяхат. А а дыбысы мен әрпі

ОҚО Созақ ауданы

С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Дайрбекова Қарақат Мейрханқызы

Пән: сауат ашу.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Сынып1.

Сабақ тақырыбы: Мектебіме саяхат.А а дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: 1.1.1.1.тыңдау барысында тілдік бірліктерді(сөйлеу,сөз,сөйлем,мәтін)ажырату,тыңдалған

мәтіннің мазмұнын түсіну.

1.1.2.1.мұғалімнің көмегімен мәтінде не туралы айтылғанын анықтау.

1.1.3.1.мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.9.1.сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке дауыстылар)ажырату және дұрыс дыбыстау.

Сабақ мақсаттары Барлықоқушылар:тыңдалған мәтіннің мазмұнын айта алады

Көптеген оқушылар:тыңдалған мәтінді мұғалімнің көмегімен баяндайды.

Кейбір оқушылар:Тыңдалған мәтін бойынша өз пікірін айтады,дыбыстарды (дауыссыз,дауысты ажыратады.

Бағалау критерийі -Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды.

-Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып,әңгімелейді

-Дыбыстарды (дауыссыз,дауысты) ажыратады.

Тілдік мақсаттар А, а дыбысының дыбысталуын үйренеді.

Оқушылар пікірталас,диалогқа қатысып,сұрақтарға жауап береді.

Құндылықтарды дарыту -Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті.

-өзгелердің мәдениетіне ,көзқарастарына құрметпен қарау;

-өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыстар дүниетану.
АКТ қолдану дағдылары. Бейнетаспа,аудиожазба
Бастапқы білім Буын,дыбыс туралы алған ұғымдары мен түсініктері бар. Суретке қарап әдепті сөздердің көмегімен әңгіме құрайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері.

Сабақта жоспарланған іс-әрекет ресурстар
Сабақтың басы(5 мин) 1.Ынтымақтастық ахуал

Оқушыларды орнынан тұрғызып,қолдарына жалауша ұстатып,тақпақты айтқызамын

Арайлап таң атты

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Жарқырайды даламыз,

Біз білімді боламыз!

2.Өткен тақырыптыпысықтау үшін

«Ашық микрофон»әдісін қолданамын

Қандай әдепті сөздер есте қалды?

Шартты белгілерді ажырата білесіңдер ме?

Дауысты,дауыссыз дыбыстар қандай түспен белгіленеді?

3.Жаңа сабақ таныстырылымы

Сыныпты «Алғырлар»

«Ақылдылар»

«Айбындылар»

Деп «Мозаика» әдісімен топқа бөлемін,не себептен бұлай бөлгенімді түсіндіремін,себебі біз бүгін «Әліппеге дейінгі кезеңнен»,»Әліппе кезеңіне» өттік.Бұл бөлімде біз сендермен Мектепке саяхат жасаймыз және әріптер әлемімен танысамыз.

Слайдтан А,а әрпін көрсетемін

А әрпінің баспа және жазба түрі.

Ал, енді балалар мен сендерді «Алғырлар,Ақылдылар,Айбындылар»деп топқа бөлгенім де, сондықтан себебі,осы

сөздер А дыбысынан басталады.

Суретпен жұмыс

Тақтаға суреттер ілемін

А дыбысы сөздің басында.

А дыбысы сөздің ортасында

А дыбысы сөздің соңында

А дыбысының айтылу ерекшеліктерін түсіндіремін (Алфавиттің басында тұрады,дауысты,жуан дыбыс)

Оқушылар А дыбысын айтады,суреттерде көрсетілген заттарды атайды,буынға бөледі.

А дыбысының қай жерде кездесетінін айтып,көрсетеді.

Ал-ма

Ба-нан

Құ-мырс-қа

Жалаушалар

жұлдызша

Слайд Аа дыбысы

Оқулық.35-бет

Кеспе әріп

Суреттер

ҚБ

«Басбармақ» әдісі

Смайлик

Сабақтың ортасы

(25мин)

1. «Мұқият тыңдаушы» әдісімен тыңдалым жүргіземін

-Балалар,біз енді алтын ұя мектебімізге саяхат жасаймыз.Ол үшін аудиожазба тыңдаймыз

Мұқият тыңдаңдар!

Оқушылар тыңдап болған соң, « Сен маған-мен саған» әдісімен сұрақ қоямын

-Әли мен Мерейдің мектебі қандай екен?

-Мектептің ауласы қандай,мектеп ауласында нелер бар екен?

2Қалыптастырушы бағалауды орындаймын

(Смайликтермен бағалаймын)

3. -Балалар, енді сендер өз мектептерің туралы не айта аласыңдар?

-Өз мектептеріңді Әли мен Мерейдің мектебімен салыстырыңдаршы.

Оқушылардың алдына оқулықтағы

суретпен өз мектебінің суреті салынған парақ үлестіремін(Жұптық жұмыс)

«Сәйкестендіру» әдісімен оқушылар тапсырманы орындайды.

Бағалау критерийі:

1Суреттегі мектеппен өз мектебін салыстырады

2Ұқсастығымен айырмашылығын ажыратады.

Дескриптор:

1.Суреттегі мектептерді сипаттайды

2.Оқушы суреттегі мектеппен өз мектебінің ұқсастықтарын анықтап, салыстырады.

3.Тапсырма.Тыңда.

Оқушылар аудиожазба тыңдайды.

Тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қоямын

-Балалар,Марғұлан неге қашты? Оны білу үшін слайдқа назар аударайық

-Марғұлан ағаштағы арадан қашыпты,және ол не деп айқайлап бара жатыр («А-а-а!»)

Оқушылар А а дыбысын айтады

Оқушылардың зейінін Аа дыбысының айтылу ерекшелігіне аударамын

Аа дыбысы созылып,кедергісіз,әндетіліп айтылады.

А а әрпін ауада жазып көрсетемін.

«Бұзық телефон»ойынымен сергіту сәтін өткіземін Шаттық шеңберге тұрып бастаушы келесі баланың

құлағына бір сөзді айтады,соңында бастаушыға қайта келгенде сол сөз жету керек

Оқулық.35-бет

Сурет,

Слайдтан өз мектебіміздіңсуреті

Смайликтер

Үлестірме материалдар

Оқулық.35-бет

т

Сабақтың соңы.(5мин) Берілген суреттердің алғашқы әріптерінен сөз құраңдар.

Суретті ребус

«Ыстық орындық» әдісі арқылы меңгерілген материалды пысықтаймын

1.Астана сөзі неше буынға бөлінеді?.

2Сөзде неше А дыбысы бар

3.Дауысты дыбыс қандай түспен белгіленеді?

4 «АРА сөзі неше буынға бөлінеді?

«Ай»әдісімен кері байланыс

Жаңа ай—түсінбедім

Жарты ай—толық түсінбедім

Толық ай—түсіндім

Суреттер

Смайлик

Үлестірме материалдар

Айдың суреті.

Саралау

Мен саралаудың жіктеу тәсілін тиімді қолданамын,топқа «Мозаика»әдісімен бөлемін.Тапсырма беруде оқушылардың қажеттілігіне қарай тапсырма бердім.

Мен диалог және қолдау көрсету тәсілінде жұптық жұмыс барысында

оқушыларды ойландыру үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоямын

Оқушылар үнемі жұлдызшамен,смайликпен, «Басбармақ» әдісімен бағалаймын

Бағалау

ҚБ «Жұлдызшамен» бағалаймын

Смайликтер үлестіремін

Денсаулық және қауіпсіздік ережесінің сақталуы.
Реклама