Жануарлар қайда мекендейді?

ОҚО Созақ ауданы С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі

мектеп алды даярлық сынып мұғалімі

Жайлаубаева Гүлжазира Тыныштықбайқызы

Жаратылыстану Ашық сабақ

Тақырыбы: Жануарлар қайда мекендейді?
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты 0.1.3.2. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау.
Күтілетін нәтиже Барлық балалар:

  • үй және жабайыжануарларды;
  • жайлауда жайылатынжануарларды;
  • жануардың сыртқы түрін суреттейді.
Көпшілік балалар:

  • Қазақстанда өсірілетін үйжануарларын;
  • Қазақстан аумағында мекендейтін жабайы жануарларды;
  • Жабайы және үй жануарларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айтады.
Кейбір балалар:

  • Үй жануарларының мекендейтінортасын;
  • Жабайы жануарлардың мекендейтін ортасын айтады.
тілдік мақсат Дағдыларды дамыту.

«Үй және жабайы жануарлар» ұғымдарын түсіндіру; жабайы жануарлардың үй жануарлары- нан қандай айырмашылығы барын талқылау; жабайы және үй жануарлары қоғамдастығының өкілдері туралы қысқа әңгімелер құрастыру. Болжамдар ұсыну.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Үй жануарлары, жабайы жануарлар, зоология, мекендейтін жері, қора, орман, тағам, жем.

Көптілділік:

мекен – обиталище – habitation

талқылауүшінсұрақтар:

Үй жануарлары туралы не білесіңдер? Не себепті үй жануарлары деп аталады? Жабайы жануарлар туралы небілесіңдер?

Үй жануарларының жабайы жануарлардан айырмашылығы неде?

Өткен ҰОҚ-дан алған білім Жабайыжәнеүйжануарларытуралы,олардыңайрықшаерекшеліктерітуралытүсініктер;жану- арларденесініңқұрылысынбілу;жануарлардыңмекендейтінжерлері,адамныңүйжануарларын күтуі туралы қарапайымтүсініктер.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет ресурстар
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

Шаттық шеңбері

(Ұ) 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет

-Сабаққа дайындықтарың қалай?

-Тамаша

-Ынталарың қандай?

-Ғажап

Ширату жаттығу

(Т) Топқа бөлу 1.Үй жануарлар 2.Жабайы жануарлар 3.Үй құстары 4.Жабайы құстары

Музыка ойнап тұрады.
II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру. Мақсатты болжам.

2–5 мин.

(Ұ) Педагог үй жануарлары мен жабайы жануарлар бейнеленген суреттерді ұсынады. Балалар суреттер бойынша жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажыратады, пайдасы мен зияны туралы әңгімелейді.

Сонан соң балалар ҰОҚ тақырыбын анықтайды: «Жабайы және үй жа- нуарлары, мекендейтін жерлері».

Педагог балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білетіндігін

анықтайды. Нені білу керек? (Мақсатты болжам). Жабайы және үй жа- нуарлары несімен ұқсас және несімен ерекшеленеді?

Болжамұсынабілулеріменжұмыс.

Болжамдаймыз… Солайдейік… Егер …

Мүмкін … Болуымүмкін

Жабайы және үй жануарлары туралы түсінікі дамыту Болжамды ұсына білуді қалыптастыру

(МК)2-тапсырма Венн диаграммасы

Үй жануарлары Жабайы жануарлары

(ОТ)Салыстырады, ұқсастығы мен айырмашылығын айтады. Суреттерді жапсырады.

(Ж) Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.

Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз / жазыңыз.

Бұлар ________жануарлар. Бұлар ______ жануарлары.

(Ұ) Педагог жабайы және үй жануарларына анықтама береді. Жабайы және үй жануарларына мысал келтіруді сұрайды. Жайлаудың көк майса шөбінде мал жайылып жүр – қойлар, сиырлар, жылқылар.

Үй жануарлары мен жабайы жану- арлар бейнеленген суреттері.
ҰОҚ-ның ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

Жануарлардың суреттері.
(Ж) Көршісімен «Артығын тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Бұл ойын үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуға үйретеді.

(Ұ) Өзекті мәселе (болжамдармен жұмыс):

Қалай ойлайсыңдар, жануарлардың қайсысына өмір сүру қиынырақ: жа- байыларына ма, жоқ, үй жануарларына ма? Неге олай ойлайсыңдар?

  • Қандай жануарлар қауіптірек?Неге?

Бақылау.

Педагог суретті материалды пайдалана отырып, балаларға жабайы және үй жануарлары арасындағы айырмашылықты анықтауға көмектеседі.

Педагог қорытынды жасауды ұсынады. Үй жануарлары адамның қасында тұрады, ал жабайылар – орманда. Адам үй жануарлары үшін қорасын, күркесін т.б. үйшігін салып дайындаса, ал жабайылар індерін өздеріқазады,қуысжасап,апанынтөсейді.Адамүйжануарларынажем- шөбін беріп асыраса, жабайылар – тамақты өздері тауып жейді. Адам үй жануарларының ұрпағы туралы ойлап, қамқорлық білдірсе, жабайы жануарлар өз төлдерін өздері асырап өсіреді.

Зерттейік

Үй жануарлары мен жабайы жануарларының өмір сүру дағдысы тураы не айтар едіңдер?

Мысалы:

Проблемалық сұрақ

  • -Неліктен ит пен қасқыр бір-біріне ұқсас? –Айырмашылығы неде?
Ойын.
(Ұ, т) Педагог жабайы және үй жануарларының арасында қандай айырмашылық барлығын анықтау мақсатында бақылау жүргізуді ұсынады. Болжамдар. Жабайы және үй жануарларының суреттері, флипчарт.
(Ұ) Өзекті мәселе.

Түйе мен пілді қандай топқа жатқызуға болады?

Түйе – үй жануарларына жатады, ал піл – жабайы жануар.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс

Педагог жануарлардың әрқайсыларының үйі қайда екенін табуға көмектесулерін сұрайды. Сызып көрсету.

Үй жануарларының қоректері туралы әңгімелеу. Жануарларды қоректерімен сәйкестендіру: түйе – жантақ, жылқы – шөп, қоян – орамжапырақ т.б.

Әліппе-дәптер.
ҰОҚ-ның соңы

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы.

рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) Рефлексия кезеңінде бала өзінің не білгендігін, не үйренгендігін, ҰОҚ-ның басында қойылған мақсатқа қол жеткізілді ме, жоқ па, талдап жіктеуі тиіс. Әліппе-дәптер, түрлітүстіқарындаштар.
Реклама