Жаңа сабақтар

Қыс қызығы

Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы «Ертегі» бөбекжайы тәрбиеші
Сапарова Бақытгүл Шүкірғалиқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қыс қызығы

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінің ерекшелігінің қоршаған ортаға ағаштарға, жерге қардың қалай жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір-бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.Сулы бояу мен саусақпен жұмыс жасау арқылы, қол икемділігін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құралдар: сурет дәптері, салынған тіс пастасы, таяқшалар.

Сөздік жұмыс: Қыс, аяз, ұлпа қар.

Үштілділік компонент: қыс- зима- winter, қар-снег-snow , аяз-мороз- frost

Шаттық шеңбері:

Қыс келді, қыс келді

Қалды аюлар ұйықтап

Қыс келді, қыс мұз қарлы

Қыраулы да ызғарлы

Қыс келді қыс боранды

Қырат көрпе оранды.

-Жарайсыңдар өте тамаша.

Жұмбақ.

Қыста ғана болады.

Ұстасаң қолың тоңады.

-Бұл не?

-Қар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Жарайсыңдар

-Балалар қыс көріністерін телидидардан тамашалайық.

-Қыста күн суық, ызғарлы, аязды болады. Қар жауады.Қардан балалар әдемі аққала соғып, сырғанақ жасайды. Қар атысып ойнайды. Аязды күнде біздің тереземізге аяз оюларсалады, оны қырау деп атайды. Шатырларды, ағашьтарды жердің бетін аппақ қар жабады. Қар суық оны ұстауға болмайды. Қыста барлығымызда жылы киініп жүреміз.

Балалар кеше серуенде біз нені байқадық?

-Қардың жауып тұрғанын,

-Қар қандай?

-Қар үлпілдек, қар ұлпа, жеңіл.

-Әрине дұрыс. Қар жеңіл.

Сөздік жұмыс: Ұлпа қар, үлпілдеген , жеңіл деген сөздерді қайталап айтады.

-Балалар , қазір үш тілде қайталап өтейік.

Үштілділік компонент: қыс- зима- winter, қар-снег-snow , аяз-мороз- frost

Ғажайып сәт:

Есік тықылдайды.

Қоян жылап кіреді.

-Не болды қоян?

Қоян: Қарды қолыма ұстап көріп едім, қар еріп кетті.

-Жылама қоян, бізбен бірге бол.

Алдымен тыныс алу жаттығуын жасайық.

Тынысалу жаттығуы:

Балалар осы жеңіл де ұлпа қарды алақандарыңа ұстап, дереу еріп кетпесін деп ұшырып жіберу үшін тыныс алу жаттығуларын орындайық.

-Бәрекелді.

Сергіту сәті

Қар жауыпты далаға

Қар жауыпты қалаға

Сырғанаймыз енді біз,

Отырып ап шанаға.

-Балалар бой жазып дем алдық, енді жұмысқа кірісеміз.

-Балалар , қоянға көмектесіп қардың суретін салып қуантайық.

Екі топқа бөлінеді.

1-топ

Қардың суретін мақталы таяқшаны тіс пастасына батырып , сүйкеп жағу тәсілімен орындаймыз.

2-топ

Сулы бояуға саусақты батырып , қардың суретін қардың суретін салу.

Балалардың аяқтаған суреттерін тақтаға іліп қойып, әдемі көріністі талқылаймыз.

-Балалар біз нені бейнеледік?

-Қарды бенеледік.

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Қыста күн қандай болады?

-Не жауады?

-Қыста біз қалай киінеміз,

-Жарайсыңдар.

-Өте тамаша.

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекщеліктерін білуі.

Біледі: қардың ақ ұлпа үлпілдек екендігін.

Меңгерді: таяқшалармен жағу арқылы қар суретін салуды.

Реклама

Добавить комментарий