Жаңа сабақтар

Терроризммен күресу жолдары

Батыс Қазақстан облысы

Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ

Дінтану пәнінің мұғалімі: Имангалиева Молдир Аскаровна

Тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары

Мақсаты: Оқушыларға «терроризм» ұғымын түсіндіре отырып, себептері мен зардаптары туралы ұғындыру;

Міндеттері:

  • Терроризмінің қауіп-қатеріне назар аудару;
  • Террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытты арандатуға жол бермеу;
  • Оқушыларға өмірдің мәні денсаулық, татулық және бейбітшілік бағыттарын насихаттауға тәрбиелеу;

Өту түрі: Дөңгелек стол 9-10-11 сынып оқушылары арасында

Дөңгелек столдың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыларды орналастыру;

-Келген қонақтарды орналастыру (мұғалімдер,ата-аналар,кітапханашы)

Өткізетін мұғалімнің іс-әрекеті:

1.Жоспармен таныстыру

2.Оқушылардың осы тақырыпқа байланысты ойларын тыңдау

3.Қатысушы қонақтардың пікірін тыңдау

Жоспар

  1. «Терроризм» ұғымына түсінік беру, Зайырлылық және Дінтану негіздері пәнінің мұғалімі М.Имангалиева
  2. Терроризм қаупі қашан сейіледі? ( пікірталас)
  3. «Ой қозғау» оқушыларға арналған сұрақтар
  4. Қауырт желі -114» қызмет туралы түсінік,тарих пәнінің мұғалімі М.Имангалиева
  5. Террористік актілердің алдын алуға бағытталған 10 іс-қимыл ережесімен таныстыру,мектептің дінтану пәнінің мұғалімі М.Имангалиева
  6. Дөңгелек столды қорытындылау.

Кіріспе сөз:

Құрметті дөңгелек столға қатысушылар.Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес міселесі аса өзекті болып отыр.Әсіресе,дүние жүзінде бейбіт өмірдің болғанын қаламайтын түрлі ұйымдар өздерінің қитұрқы мақсаттарын жүзеге асыруда дінді лаңкестік әрекеттердің қолшоқпары қылуға тырысуда.Сондықтан зайырлы қоғамның ажырамас бөлігі иманды жүрек, таза сенім екенін түсінетін құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастардың тазалығын сақтап, одан әрі дамытуға әрқашанда мүдделік танытады.Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестіктің түрі дінді бетперде еткендері.Олардың негізгі мақсаттары-әртүрлі діни ұйымдарды пайдалана отырып,адамдардың пікіріне әсер ету,билікті ұстап қалу,ұлтаралық соғыстар,талас-тартыстар ұйымдастыру,дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Осындай жағдайларды іске асыруда әртүрлі лаңкестік террорлық әрекеттер белең алуда. Мектеп жасындағы оқушыларға осындай мәселелердің қазіргі таңда туындап отырғаны туралы білім беретін мекемелерде дінді дұрыс бағытта оқытып,діни сауаттылығын арттыру барлық мұғалімдерге жүктелу керек және ата-аналарға да осындай тақырыптарда әртүрлі шаралар өткізіп отыру дұрыс.Себебі діни сауаты төмен әрбір азамат діни секталарға қосылып кетуі мүмкін.

«Терроризм» ұғымы бұл- «қорқыныш», «үрей» деген мағынаны береді.Экстремизмнің шектен шыққан көрінісі.Терроризм ерекше қатал,қорқыту формалары мен зорлық көрсету әдістері арқылы маяси мақсаттарға қол жеткізу.

Терроризм –қазіргі жаһандық қатерлерінің бірі,ол өзінің маңызы бар объектілері мен коммуникацияларын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін,мүлікті және басқа да материалдық объектілерді жою ( зақымдалу) немесе жоюға қатер төндіру, мемлекет немесе қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу үшін өміріне қауіп төндіру.

2.Терроризм қаупі қашан сейіледі? (пікірталас)

Бұл пікірталаста ортаға салынған мәселелер өте ауқымды:

-Терроризм көптеген жағдайларға байланысты болады,қандай да болсын терроризмдік әрекет туралы қоғамға жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы,қарудың жаңа шығаруға мүмкіндік берген ғылым мен техниканың дамуы,мемлекетаралық қатынастардың шейленісулері,әртүрлі діндердің арасындағы байланыстар,ғаламшархалқы санының артуы, ұлтаралық қатынастардың өткірленуі,адам құқығы,халықаралық қылмыстың артуы,заңсыз есірткі айналымы,жұмыссыздық, білімсіздік және т.б. Мысалы,биылғы жылы террорлық лаңкестік шабуылдар да біздің елімізде қайғылы оқиғаларға алып келген.5-маусымда Ақтөбе қаласындағы оқиғада 7 адам қаза тапса, 18 шілдеде Алматы қаласында 8 ішкі істер қызметкерлері,2 қаланың азаматы өз өмірлерімен қоштасты.Қазіргі барлық ақпараттық жүйелерде осы мәселені шешуге байланысты әртүрлі шаралар,бас қосулар өтуде.18-қазанда Қазақстан,Түркіменстан және Өзбекстан елдері арасында «Түркі тілдес елдерде лаңкестермен күресті күшейту» жайында өзара отырыс өткізіліп,Ресей,Украина елдері бақылаушы ретінде қатыстырылды. Осы мәселелерді ауыздықтауда бүгінгі таңда білімді,діни сауатты патриот азаматтардың рөлі жоғары болып отыр.Бұл әлемді жайлаған дертке айналуы мүмкін.

  1. «Ой қозғау» оқушыларға арналған сұрақтар.
  2. Терроризм актісі дегенді қалай түсінесіз?

2.Террористік ұйымдар дегеніміз не?

  1. Оқушылар, терроризм деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?

4.Тыйым салынған қандай террористік және экстремистік ұйымдарды білесіз?

  1. Қауырт желі -114» қызмет туралы түсінік,тарих пәнінің мұғалімі М.Имангалиева

-2013 жылы діни мәселелер бойынша ақпараттар қабылдау мен азаматтарға консультация беру Орталығы құрылды.Оның тәулік бойы тегін қызмет атқаратын –«Қауырт желі-114» қызметі ұйымдастырылды. «Қауырт желі -114» қызметі туралы толық түсінік беріп өтеді.

5.Террористік актілердің алдын алуға бағытталған 10 іс-қимыл ережесімен таныстыру,мектептің дінтану пәнінің мұғалімі М.Имангалиева

1.Мұқият болыңыздар! Үйдің кіре берісіндегі,ауладағы,көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.

2.Қырағы боламыз! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына,орынсыз жатқан иесіз затқа көңіл аудармаңыздар.

3.Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз; кіреберіске домофон мен темір есік орнатыңыз,үй шатырлары мен техникалық бөлмелер есіктердің жабылғанын тексеріңіз.

4.Балаларыңыздың қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен сөйлесуіне, есік ашуға,жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға,көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын үйретіңіз.

5.Көліктегі жолаушының күдікті-жүріс тұрысын көріп тұрып,байқамаған сыңай танытпаңыз! Көлікпен жүру кезінде қауіпсіздікке толық құқыларыңыз бар.

6.Ешқашан,тіпті өте қауіпсіз болса да,қандай да бір затты сақтауға немесе басқаға беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыз.

7.Адам аз жерде күдік тудыратын затты байқау сіздің сақтығыңызды әлсіретпеуі тиіс.Қаскөй адам оны бір нәрседен,біреуден қорыққандықтан тастап кетуі мүмкін.

8.Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, оған жақындамаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және айла мен қулыққа толы болып келеді.

9.Күдік тудыратын затқа жақындамаңыз,тіпті қол тигізбеңіз,бұл өміріңізге өте қауіпті.

10.Кез-келген жағдайда немесе келесі телефондарға хабар беріңіз:114,102,112

Құрметті дөңгелек столға қатысушылар ,бүгінгі күнгі тақырып өте ауқымды,қазіргі таңда адам өміріне өте қауіпті мәселе болып отырғаны белгілі.Сондықтан терроризм туралы осы дөңгелек столда біраз мәселелер айтылды.Енді оқушылар сендер болашақта сақтану бағытында осы түйген ойларыңды жетілдіріп әрі қарай дамытып,қосымша материалдарды пайдаланып,осы тақырыпқа сай терроризм туралы түсінік алды деп ойлаймыз.

Бабаларымыз « Аурудың алдын ал,жаудын алдын ал,қайта көтерілген даудын алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал»деген екен.Ендеше терроризммен күресуді бұл қолға қару алып күресу емес түсіндіру,түсіндіру,түсіндіру арқылы арқылы жеңе аламыз деген ой түйдік.

Келіп қатысқандарыңызға рахмет.

Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі 9-10-11 сынып оқушылары аралығында оздырылған «Терроризммен күресу жолдары » атты дөңгелек столдың өтілуі туралы

Анықтама

«Терроризммен күресу жолдары » атты дөңгелек стол 9-10-11 сынып оқушылары аралығында дінтану пәнінің мұғалімінің ұйымдастыруымен құрылды. Оқушыларға терроризм туралы түсінік бере отырып, терроризм қаупі қашан сейіледі? — деген тақырыпта ( пікірталас) оздырылды. Оқушылар өздерінің пікірімен санаса отырып, өздігінен түйін жасау арқылы талқылап ойларымен бөлісті.

Қауырт желі -114» қызметі туралы түсінік, террористік актілердің алдын алуға бағытталған 10 іс-қимыл ережесімен танысты. Дөңгелек столды қорытындылап, жалған діни ағымдардан сақтануға кеңестер берілді.

Дінтану пәнінің мұғалімі: М.А.Имангалиева.

Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Тақырыбы:

Терроризммен күресу жолдары

Дінтану пәнінің мұғалімі: Имангалиева М.А.

2017-2018 оқу жылы

Реклама

Добавить комментарий