Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Казталов ауданы,Жалпақтал ауылы «Ертегі» бөбекжайы
тәрбиешісі Сапарова Бақытгүл Шүкірғалиқызы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.

Мақсаты: Құстардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды жергілікті жердің құстары торғай, сауысқанмен таныстыру. Мақал-мәтел, тыйым сөздер айту арқылы балалардың тілдерін дамыту,сөздік қорларын байыту, танымдық қабілеттін арттыру. Табиғатты аялай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: слайд, көктем мезгілінің суреті, құстардың суреттері, атрибуттар, үлестірмелі материалдар,

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру, көрсету,сұрақ –жауап, сергіту сәті, ойындар.

Сөздік жұмыс: ұшады.

Үштілділік компонент:құстар-птицы-birds.торғай-воробей-Sparrow, Сауысқан-сорока-forty

Іс- әрекет

кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса,

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған жер-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық

Бейбітшілік қалайық.

-Жарайсыңдар.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Өте дұрыс.

Балалар қолдарын алға созады.

Екі жағаны бұрылады, қолдарын алға созады.Жәй жүреді.

Төмен қарай иіледі.Қолдарын жоғары көтереді. Бір-біріне қарайды, күлімсірейді.

Ұйымдастыру-шылық -ізденушілік Жұмбақ жасыру

Кетер ұшып күзде

Күдеріңді үзбе

Көктем шыға қайта

Қауышады бізге.

-Бұл не?

-Өте дұрыс.

Тосын сәт:

-Балалар бір дыбыстар естілетін сияқты .

Бұл не дыбыстар?

-Әриге бұл құстардың сайраған дыбыстары екен.

Ендеше экранға назар аударайық.

Құстар жайлы тамашалайық.

Сурет бойынша жұмыс.

-Балалар табиғатта құстардың түрі өте көп. Көктем шығып күн жылына бізге ұшып келеді. Құстардың денесі қауырсынмен жабылған, Тапқан қоректерін тұмысығымен шоқып жейді. Олар ауыл маңында бұталы, сулы жерлерде жүреді. Құстар өте пайдалы, құстың еті , мамығы .

Бүгінгі оқу қызметімізде сауысқан мен торғаймен жақын танысамыз. Торғай-қанаттары кішкене, аяқтары қысқа, шағын құс. Ұя салады. Ауыл маңында топтасып ұшып жүреді.Қорегі өсімдік дәні, жәндіктер.

Сауысқан-сақ құс. Оның денесі кіші, тұмсығы қысқа, денесінің көп бөлігі қара, кеудесі ақ.Қауіп төнсе шықылықтап дыбыс береді. Қорегі құрт-құмырсқа және етпенде шөппен де қоректенеді. Жалпы құстар ағаштарды құрт-құмырсқа жәндіктерден қорғайды.

-Балалар ағаштар бізге не береді?

-Өте дұрыс.

Сөздік жұмыс: ұшады.

Үштіліділік компонент: құстар-птицы-

Торғай-воробей, сауысқан-сорока

Балалар көктем туралы тақпақтар білесіңдерме?

Құстар туралы тыйым сздер, мақал-мәтел білесіңдерме?

Тіл ұстарту жаттығулары

Тем-тем-тем

Көңілді көктем.

Ұс-ұс-ұс

Ұшып келді құс.

Ос-ос-ос

Құстар бізге дос.

-Бәрекелді.

Ө. Тұрманжановтың «Бір қазан сүт»

Өлеңін кейіптендіреміз.

Сергіту сәті

Торғай, торғай торғайсың

Жақын неге қонбайсың

Жем шашайын тойып ал

Торғай сонда тоңбайсың.

-Жарайсыңдар.

Үш орталыққа бөлінеді.

1-орталық

Құстарды бастырып бояйды.

2-орталық

Балапанды құрастырамыз.

Геометриялық пішіндерден

3-орталық

Құстарды санау. Құстың санымен, цифрды сәйкестендіру

Балалар жұмбақты ойланып шешеді.

-Құс.

Балалар дыбыстар естілген жаққа назар аударады. Бұл құстардың сайраған дыбыстары.Балалар экранға қарайды.

Торғай кішкентай құс. Олар ұя салады.

Өсімдік дәнімен , жәндіктермен қоректенеді.

-Сауысқан сақ құс.

Денесінің көп бөлігін қара болады.

Кеуде тұсы ақ болады.

Құстар ағаштарды жәндіктерден қорғайды.

Ағаштар бізге таза ауа сыйлайды. Балалармен бірге қайталаймыз.

Көктем, көктем көктемде

Құстар ұшып жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Қыз-Ақбота

Бала-Санжар

Көбелек-Аяжан

Жапалақ-Нұрдана

Қарға-Ернар

Сауысқан-Нұрасыл

Қырғауыл-Аяна

Қанаттарын қағады.

Қолдарымен көсетеді.

Жем шашады

Екі қолды кеудеде ұстайды.

Губканы батырып бояйды.

Пішіндерден балапанды құрастырады.

Құстарды санайды. Теңестіреді.

Рефлексивті-

түзетушілік

Ойын: Құстың атын ата?

Шарты: Құсты көрсетіп аттарын атап шығады. Құстар туралы айтады.

Балалар ойын арқылы құстар туралы айтады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстарға қамқор болуды

Үйрену: құстар бейнесін жасауды

Меңгеру: құстар туралы толық түсіктерді.

Реклама