Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар»

БҚО Казталовка ауданы Жалпактал ауылы «Ертегі » бөбекжайы МКҚК

Тәрбиеші: Сапиева Аида Бауыржанқызы

«Балапан » екінші кіші топ

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Музыкалық ойыншықтар»

Мақсаты:

Білімділік: Музыкалықойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. Таныс ойыншықтарды, олардың сапасы мен белгілері (түсі мен көлемі, дыбысы) арқылы ажыратуға үйрету(мысалы: сыбызғы гуілдейді, қоңырау сыңғырлайды, дауылпаз дүңгірлейді).

Дамытушылық: Дауыс артикуляциясы жаттығулары арқылы дыбыстарды дұрыс анық айтуды үйрету, бекіту.

Тәрбиелік: Музыкалық аспаптардан шыққан әуенді тыңдай білуге жаттықтыру. Әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: ақпараттық технология , орталықтарға арналған тапсырмалар, музыкалық ойыншықтар.

Қостілдік компоненті: сыбызғы-дудка-пайп, дауылпаз-барабан-драм, қоңырау-колокольчик-бел.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық Қайырлы таң ұстазым,

Қайырлы таң достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро, учитель

Доброе утро, друзья

Посмотрите друг, на дурга

Пожелайте добра

Good morning, Good morning,

Good morning to you,

Good morning, Good morning,

We are glad to see you

Балалар үш тілде амандасады .

Бір –біріне қайырлы таң тілеп

Жылулықтарымен бөліседі.

Ұйымдастырушылық — ізденістік -Қане балалар амандасып алсақ бәріміз экранға қарайық , ненің суреттерін көріп тұрмыз ?

-Балалар, мына сутте түрлі музыкалық аспаптар көрсетілген, олар түрлі дыбыс шығарады екен.

-Мынау-сыбызғы. Бұл-музыкалық аспап. Ол-дыбыс шығаратын тесіктері бар ұзынша түтікше. Түтікшені үрлейді, сол кезде гуілдеген дыбыс шығады.

-Балалар, сыбызғы «гу-гу-гу» деп гуілдейді екен.

-Балалар, дауылпаз-бұл да музыкалық аспап, ол үлкен дөңгелек болып келеді, дауылпазды таяғымен соққанда, ол «дүң-дүң-дүң» деген дыбыс шығарады.

-Мынау-қоңырау. Қолға ұстайтын айна тәрізді, көптеген ілгектерінде кішкентай қоңыраулары бар. Олар сыңғырлайды.

-Балалар осы біз аспаптар туралы тақпақ білеміз бе қане кім айтады?

— Ендеше балалар тіл ұстартуға арналған жаттығуымызды орындайық .

Ра-ра-ра біз шертеміз домбыра,

Бам-бам-бам тарсылдайды барабан,

Дақ-дақ-дақ тоқылдайды тоқылдақ .

Ыз-ыз-ыз сызылтады қыл қобыз

Қостілділік: сыбызғы-дудка, дауылпаз-барабан, қоңырау-колокольчик.

-Балалар біздер жұмбақтар білеміз бе?

Ол жұмбақтардың шешуін таба аламыз ба?

-Ендеше қазір жұмбақтар жасырамыз кім жұмбақтың жауабын бірінші табады сол балалар мына үстелдің үстінен сол аспапты алып орнымызға барып тұрамыз .

Інжу:

Сызылған үні,

Сүйкімді тілі.

Үрлесе ойнайтын,

Аспаптың бірі .

Бауыржан:

Бас , құлақ, мойыны бар,

Үп –үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда,

Әндетіп шығар әні бар?

Аружан:

Екі ішекке бір тиекті қондыра

Ойнаймыз біз қолымызды талдыра ,

Білсең егер айта қойшы балақан.

Бұл қай аспап?

Т. Аяулым :

Кездеседі бұл аспап некен саяқ,

Сыңғырлаған қоңырауы өзіне сай -ақ,

Басқалардың қолында жүрген талай,

Қазағымның аспабы?

-Ендеше балалар қолымыздағы суреттерімізге қарап орталықтарға бөлініп отырайық , кімде қандай сурет сол бала үстелдегі тап өздерінің қолдарындағы суреттері бойынша отыра қойсын .

1 орталықтың тапсырмасы :

Мына үстелдің үстінде гүл тәріздес төрт түстен құралған гүл күлтелері тұр осы күлтелердің ішінде неше аспап тұрғанын санап сол аспап санына сәйкес қыстырғыштарды қыстырамыз .

2 орталықтың тапсырмасы:

Фото бумагге шығарылған аспаптар суреттерін ермексаздың көмегімен бояймыз .

3 орталықтың тапсырмасы:

«Сәйкесін тап» деген ойын желісінде ұйымдастырылған аспаптардың көлеңкесін тауып беттестіреміз .

4 орталықтың тапсырмасы :

Тіл дамытуға арналған мақалдар, тақпақтар немесе жұмбақтарды қайталап жаттау.

Сергіту сәті.

Аяқтармен топ-топ-топ,

Қолымызбен хлоп-хлоп-хлоп.

Бір оңға , бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқаймыз .

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қйын емес секіру,

Бәр оңға, бір солға.

Секірейік кел мұнда,

Суретке қарайды,жауап береді.

Тәрбиешінің көмегімен «сыбызғы» сөзін бірнеше рет қайталайды.

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

«Дауылпаз» сөзін айтады.

«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

«Қоңырау» сөзін қайталайды.

Әсем:Домбырадай мұраны,

Қастерлеуге тұрады

Сонда жатыр даланың

Үні менен ұраны.

А.Аяулым:

Тоқылдайды тоқылдақ.

Асатаяқ тайтұяқ.

Әуез кернеп, ысқынып,

Шығар керней ,ысқырық

Баллар тіл дамыту жаттығуларын қызығушылықпен бәрі бірге орындайды.

Балалар қайталайды:

Сыбызғ-дудка, дауылпаз-барабан, қоңырау-колокольчик.

-ия білеміз

Ия шешуін табамыз

Жұмбақтың шешуі:

-сыбызғы

-қобыз

-домбыра

  • Асатаяқ

Балалар қолдарында , домбыра, асатаяқ , қобыз , сыбызғы суреттері бойынша өз орталықтарына отырады.

1 орталық

Балалар төрт сылдырмаққа төрт қызыл қыстырғыш, екі баянға екі сары қыстырғыш, үш гитараға үш жасыл қыстырғыш, бір барабанға бір көк қыстырғыш қыстырады.

2 орталық

Суретті ермексаздың көмегімен сытына шығармай әдемілеп бояп шығарады.

3 орталық

Музыкалық аспаптар немесе аспапта ойнап тұрған бала суретін алып сонын көлеңкесін тауып беттестіреді.

4 орталық

Балалар тақпақ , мақал , жұмбақтарды қайталайды.

Бой сергіту сәтінде

Аяқтарын топылдатып ,

Қолдарын шапалақтайды.

Оңға және солға бұрылып ,

Орындарында айналады.

Қолдарын сілтеп,

Бастарын шайқайды,

Оңға және солға бұрылады

Қол бұлғап шақырады.

Орындарында секіреді,

Қолдарын сермейді,

Оңға және солға бұрылып,

Бір орында секіреді.

Рефлексиялық — түзетушілік -Балалар біздер нелермен таныстық ?

-Сыбызғының дыбысы қандай екен?

-Дауылпаздың дыбысы қандай екен?

-Қоңыраудың дыбысы қандай екен?

Ендеше балалар мен сіздерге осы музыкалық ойыншықтарды берейін сендер өздерің осы аспапта ойнап әуенін шығарып көріңіздерші.

Осы аспапта шеңбер бойымен біріміздің артымыздан біріміз жүріп хор ұйымдастырайық .

-Музыкалық аспаптар сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызыметіне өте тамаша қатыстыңыздар рахмет сіздерге.

Ендеше балалар келген қонақтармен қоштасайық

Музыкалық ойыншықтармен

-«Гу-гу-гу» деп қайталайды.

-«Дүң-дүң-дүң» деп қайталайды.

-Сыңғырлайды.

Балалар қолдарына берілген аспаптарды өз қалаулары бойынша дыбыстарын шығарып хор ұйымдастырады.

Ия ұнады

Сауболыңыздар ,досвидание , goodbye

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет бойынша музыкалық аспапты сипаттауға арналған тапсырманы

Игереді: муз аспаптардың атын дыбысты дұрыс,анық айтуды,

Меңгереді: сұрақтарға толық жауап бере білу іскерліктерін.

Реклама