Жаңа сабақтар

Оқушы шығармашылығы

«Мен әкемді жақсы көремін»

Менің әкем –Галимов Ернар Бахтиярұлы. Мен үшін әкемнің орны ерекше. Жанұяда біз төрт ұл баламыз. Әкешім бізді асырап, жақсы тәрбие беруге бар ынтасын салады. Анашым болса, «- Әкешің сендердің қорғандарың» — деп айтады.

Әкеме құрмет көрсету менің парызым деп ойлаймын. Өйткені мен жігітпін және үйдің үлкенімін. Әкем ауыл әкімі болып жұмыс жасайды. Ол тек біздерді ғана емес, өз ауылын да қорғайды. Оның жұмысы өте көп, соған қарамастан қанша шаршаса да үйге келгенде күнделікті менің жағдайымды сұрап, өз ақылын айтып отырады. Сондықтан да болар мен әкеме бар сырымды айтып, өзім ойланып жүрген сұрақтарымның жауабын алып отырамын.

Әкем мені өскенде батыл, өз ісіне жауап беретін тұлға болып қалыптасқанымды қалайды. Әке сенімін ақтауға бар –күш жігерімді саламын. Менің жақсы оқығаным, қуанғаным әкем үшін үлкен қуаныш. Осы эссені оқып әкем қуансын деп отырмын. Әке- сен менің идеалымсың.

БҚО Казталов ауданы Тереңкөл ауылы

Тереңкөл орта жалпы білім беретін

мектебінің 2- сынып оқушысы

Бахтияров Ерхан Ернарұлы

Жетекшісі:Жубанова Назым Аманжолқызы

Реклама

Добавить комментарий