Оқушылар шығармашылығы

Менің түсім.

Мен бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде мен орман арасында келе жатып, адасып кетіппін. Алдымнан әппақ қанаты бар, көк көйлекті, құс секілді кішкентай адам шықты. Мен оны көріп қалып таңғалдым. Содан соң одан: «-Сен кімсің?»- деп сұрадым. «-Мен орманның сиқыршы перісімін» деді. Ол менің орманда не істеп жүргенімді сұрады. Мен адасып кеткенімді айттым. Одан үйіме жеткізіп салуын өтіндім. Сол кезде қасымызға бір түлкі пайда бола кетті. Ол түлкі маған қарап: «Балақай, сенбе оған, ол өтірік айтады. Ол ешқандай сиқыршы емес!» деді.
Ағаш арасынан құлағы қалқиып көрінген қоян: «Түлкі, сен өзің ешкіммен дос бола алмаған соң өтірік айтасың, сен алдауышсың. Достардың көп болғанын көре алмайсың. Ал, Орман перісі сиқырлы, мейірімді!»-деді. Мен бұл таластан шаршап кетіп, Сиқыршы орман перісіне үйіме жеткім келеді деп жылай бастадым. Орман перісі тіл қатпай қолындағы жалт-жұлт еткен таяғымен менің басымнан сыйпады. Сол кезде оянып кетсем, анам: «Қызым, тұра ғой, сабағыңа кешігесің» деп менің шашымнан сыйпап оятып тұр екен…. Сонан бері мен осы түсті бәріне айтып жүрмін.

Мақпоз Назым 4-сынып оқушысы.

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі,

Казталов ауданы,БҚО

Жетекшісі: Темиргалиева Мендигуль Муханбетжановна

Ұстазыма

Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем,

Бойыңнан көп қасиет үлгі көрем.

Анамыздай мәпелеп, әр шәкіртін,

Жетелеп бізге қамқор бола білген.

Тлепберген Дильназ,4-сынып оқушысы.

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі,

Казталов ауданы, БҚО.

Жетекшісі: Темиргалиева Мендигуль Муханбетжановна

Тәуелсіздік.

Тәуелсіздік бізге қымбат мереке,

Қазағымда арта берсін береке!

Қастерлейміз, құрметтейміз әрқашан,

Аға-апалар ерлігі бізге өнеге!

Тлепберген Дильназ,4-сынып оқушысы.

Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі,

Казталов ауданы, БҚО.

Жетекшісі: Темиргалиева Мендигуль Муханбетжановна

Реклама