Мамандықтармен танысайық

Шамаяқова Маншүк Орынбайқызы. «Қарлығаш» тобы тәрбиешісі

«Ертегі» бөбекжайы. Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Коммуникация»

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Мамандықтармен танысайық»

Мақсаты: 1. Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру.

Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен

таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім

беру.

2.Мамандық түрлерімен таныстыру арқылы жаңа сөздермен сөздік қорларын толықтыру. Әңгіме құрастыруда өз ойын,өз армандарын нақты және түсінікті етіп жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру, ойынға қызығушылығын ояту.

  1. Балалардың белсенділіктерін арттыру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен сұхбат арқылы әңгімелесу.

Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Үштілділік компонент: мамандық-профессия-profession,аспаз-повар-cook,жүргізуші-водитель-drive.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешілердің ісәрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Жылулық шеңбері.

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де, қуанасың сен де.

Қуанайық достарым, арайлы атқан күнге.

Доброе утро, всем нам.

Доброе утро, всем гостям.

Good moning , Good moning , Good moning to you.

Good moning, Good moning, I am glad to see you.

Балалар өлең мазмұнына сай қимыл-қозғалыс жасайды.

Балалар шеңбер бойына тұрып айтады.

Бір-біріне қарап күліп қуаныш сезімін сыйлайды бір-біріншаттаққа шақырып, қайталайды.

Үш тілде айтады.

Ізденушілік

Ұйымдастыру-шылық

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктемде далада қандай өзгерістер болады?
Жарайсыңдар балалар
Дұрыс айтасыңдар?
— Біз бүгінгі тақырыбымыз «Мамандықтармен танысайық». Олай болса мамандықтар туралы әңгімелесетін боламыз.

-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар, ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.

Мына суреттерге қарайықшы не көріп тұрмыз?

-Үй салатын адамды-құрылысшы дейді екен , балалар.

-Ал мына суретте тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз, білім беретін адамды-мұғалімдеп атайды,киім тігетін адамды-тігінші, ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер, би билейтін адамды биші дейміз. емдейтін адамды-дәрігердеп мамандықтың түрлеріне қарай атайды.Сауда жасайтын адамды сатушы дейміз

Слайдпен жұмыс

Дид/ойын «Сөйлеп тұрған кім?»

Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

1)Балмұздақ сатамын!Балмұздақ!

2)Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?

3) Қай жеріңіз ауырып тұр?Қазір ыстығыңызды өлшейін.

4)Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?

5)Бүгінгі сабақта біз балалар көктемгі табиғат туралы әңгімелесеміз.

6)Мен манты жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады.

Ғажайып сәт:

-Балалар, «Жаңалықтар» бағдарламасынан тілші келіпті.

-Қазіргі таңда мамандық түрлері өте көп, сендер өскенде әрқайсысың бір мамандық иесі боласыңдар, сондықтан сендерден сұхбат алғысы келеді екен.

Қонаққа тілші келеді.

-Сәлеметсіңдер ме! Мен «Жаңалықтар» бағдарламасынан келген тілшімін.Біздің ауылымызда жаңа еңбек биржасы ашылды. Ол ауыл тұрғындарына көп жаңа бос орындарын ұсынады. Ал мен сендердің балаларыңнан сұхбат алғым келеді. Менің сұрағым: қан-дай жаңа замануи мамандықтарды білесіңдер?

Бірінші сұхбатқа Ажар шақырылады.

Ажар: Мен қолөнер мамандығын таңдадым. Қолөнерді ағылшынша хэнд мейд дейді. Әртүрлі заттардан әдемі нәрселерді жасайды. Қазір сондай бизнес өзекті. Адамдарға ұнайды және табыс әкеледі.Осындай әдемі сыйлықтарды жасау үшін өте дамытылған саусақтар керек. Ендеше біз саусақ ойыны ойнайық.

Сергіту сәті:

Саусақ ойыны: «Кім келді?»

Қане, қане кім келді?

Біз, біз, біз!

Апа, апа, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Әке, әке, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Ағатайым, бұл сіз бе?

Иә, иә, иә!

Қарындасым, бұл сен бе?

Иә, иә, иә!

Біздер тату жанұя

Иә, иә, иә!

«Кто приехал?»

Кто приехал?

Мы, мы, мы!

Мама , мама, это ты?

Да, да, да!

Папа, папа, это ты?

Да, да, да!

Братец, братец, это ты?

Да, да, да!

Ах сестричка, это ты?

Да, да, да!

Все мы вместе,

Да, да, да!

Келесі жаңа замануи мамандықпен бізді Жансерік таныстырады.

Жансерік: Мен әжемнің әдемі жүзігін көрдім. Оны зергер жасайды. Зергер өте сирек маман иесі. Ол осындай әдемі әшекейді жасайды.

(Үстелге келіп, зергерлік бұйымдарды жасайды.)

Үштілділік компонент: мамандық-профессия-profession,аспаз-повар-cook,жүргізуші-водитель-drive.

Рөлді ойын «Сауда үйі»

Ерназ келеді , Айда сатушымен әңгімелеседі.

-Сәлеметсізбе!

-Hello!

-Бүгін қандай тапсырыс болады?

-Жоқ, рахмет, бүгін бәрі бар!

-Білесіз бе, бізде жаңа науқан бар? Мына тағамнан 2 қорап алсаңыз, 3-сі сыйға беріледі.

-Жарайды келісемін.

-Сіздің тапсырмаңызды ертең осы уақтытта жеткіземін.

-Міне, Ерназ жарнама егенті екен.

Дүкендерге тауарларды ұсынып, жеткізеді. Оның мамандығы өте қажет, сатып алушыларға қол жетімді екен.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

-Балалар көктемнің алғашқы гүлі қызғалдақ екен.

-Олай болсаүстел үстінде қызғалдақтар тұр. Мына сандықшадан қызғалдақ гүлдерін алып өз түстеріне қарай орнымызға отырамыз

Жеке жұмыс жүргізу.

-Көктем.

-Күн жылынады, қар ериді, құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарып, жапырақ шығады, гүлдер шығады, жәндіктер, аңдар, оянады.

Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды:

Өз ойларын айтады.

Балалар мұқият тыңдайды..

Суреттер бойынша өздері білетін мамандық иелері туралы әңгімелейді

Қайталайды.

Балалалр сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Балалар тыңдап қандай маман иесі екенін анықтайды:

-Сатушы

-Жүргізуші

-Дәрігер

-Шаштаразшы

-Мұғалім

-Аспаз-деп өз жауаптарын береді.

Балалар әңгімеге қатысып, сұрақтарға жауап береді.

Үстел үстіндегі қолөнерден жасалған бұйымдарға қарап ,

Ажар өз ойын әңгімелеп береді.

Барлығы бірге айтады.

Саусақтарын қимылдату арқылы

жасайды.

Қазақ тілінде, орыс тілінде айтады.

Үстелге келіп, зергерлік бұйымдарды көрсетіп айтады.

Үш тілде айтады.

Балалар рөлде ойнайды.

Ерназ балаларға тауарды көрсетіп, оған жарнама жасап айтады.

Сұрақтарға толық жауап береді.

Балалар қызғалдақтың түстерін ажыратып , берілген тапсырмаларды орындайды.

Балалар сызба арқылы мамандықтың құралын қосады.

Рефлексивті-

түзетушілік

— Міне мамандық түрлерімен таныстық.

Д. Ойын: «Суретті ата»

Шарты: Үстел үстіндегі суреттерді атап, бір-бірлеп тақтаға іледі. Өздерің өскен кезде тағы да көпдеген мамандықтар туралы біліп, өздеріңе қажеттісін таңдайсыңдар.

-Қандай мамандық түрлерімен таныстық?

-Қандай тауарларға жарнама көрсеттік?

-Қай мамандық сендерге ұнады?

Өскенде кім болғыларың келеді?

-Бәрімізде ақылды, әдепті болып өсеміз.

«Әдепті бала» әнін айтамыз.

Тілші: Мен сендерге сыйлығым бар. Ал сендермен қоштасамын. Сау болыңдар.

Балалар кілемге отырады.

Үстел үстіндегі мамандық иелерін алып бір-бірлеп айтып, тақтаға іледі.

-Дәрігер, Құрылысшы, Аспазшы,Тігінші, Биші,Жүргізуші….

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар өлеңді қимылмен айтады.Балалар тішімен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білу:Мамандықтар туралы берілген тапсырманы.

Үйрену:мамандықтар туралы мәліметті және тұрмыста мамандықтардың пайдасы бар екенін.

Меңгеру:мамандықтар туралы сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу.

Реклама