Ертегі әлеміне саяхат

Казталов ауданы Жалпақтал ауылы «Ертегі» бөбекжайы
Шамаяқова Манчук Орынбайқызы II санатты тәрбиеші

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған қызмет түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ертегі әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың таныс ертегілерін еске түсіру арқылы сөздік

қорларын дамыту, сұраққа толық жауап берулерін

қадағалау. Ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту,

зейінділігін арттыру. Ертегі кейіпкерлерін ажыратып,

айта білуге үйрету. Ертегіні өздері ойнайтындығын

айтып, киімдерін кигізіп ойнату. Ертегіні толық,

нақтылап дауыс ырғағын келтіріп айтуға бейімдеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Саяхат.

Үштілділік компонент: қоян-заяц-hare.

Түлкі-лиса-Fox, ит-собака-dog,әтеш-петух-rooster

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, сахналау, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Блалар, бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса шаттық шеңберін жасайық.

Қуан, шаттан алақай

Қуанатын күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме! Қонақтар.

  • Балалар бүгін бізге Тіл дамыту сабағы
  • Таныс ертегілерімізді есімізге түсіру үшін «Ертегі әлеміне» саяхатқа барамыз.

  • Алдымен саяхаттау үшін не керек?

  • Көліктер керек.

  • Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

Жолаушылар таситын көліктер

Жеңіл көліктер

Әуе көліктері

Су көліктері

Жердегі көліктер

  • Бүгін біз саяхатқа автобуспен барамыз.
  • Ендеше бәріміз автобусқа отырып, әнімізді айтамыз.

  • Әдептіміз, арлы боламыз,

    Әр адамның тілін табамыз.

    Жақсы істерді, санаға түйіп

    «Қарлығаш» тобы осылай барамыз.

    А – а – а – ай

    Е – е – е – ей

    Апайымыздың айтқан ақылын,

    Есте дәйім, берік ұстаймыз.

    Әр сабақтың тақырыбын,

    Зейін қойып, білім ұштаймыз.

    А – а – а – ай

    Е – е – е – ей

    Түрлі-түрлі ойындарды

    Балабақшадан үйренеміз.

    Естігенде жылы сөзіңді

    Қуанышты бір, күйге енеміз.

    • Балалар, біз міне «Ертегі әлеміне» келдік. Жәйлап автобустан түсеміз.
  • Міне ертегілер әлеміндегі қызықтарды тамашалу, жақсы көріп қабылдау үшін өзімізді еркін сезініп тыңдайық.

  • Балалар, қараңдаршы жасыл теректер жайқалып өсіп тұр, әдемі гүлдер. Құстардың сайраған үні.

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі.

  • Көктем мезгілінде табиғат өзгерістерін білесіңдер.

  • Теректің жанындағы назар аударайықшы. Мынау не?

  • Мынау есек.

  • Есек арқасына жүк арқалаған екен.

  • «Ғажайып қорапша» ойын.

    1-ші тапсырма. Пішіндерді ата.

    • Мынау қандай пішін білесіздер ме?
  • Үшбұрыш.

  • Үш бұрыштың неше бұрышы бар? (түсін айтады.)

  • Үшбұрыш пішінінде жасырылған ертегі кейіпкерлері бар екен.

  • Бұл жеті лақ ертегісі

  • Ешкінің лақтарына айтқан өлеңдерін білесіңдер ме?

  • Балаларым шырағым,

  • Құтыңдаған шұнағым

    Сендерге сүт әкелдім

    Есікті ашшы лағым

    2-ші тапсырма.

    • Мынау қандай пішін?
  • Төртбұрыштың неше бұрышы бар? (Балалардың жауабы)

  • Төртбұрыш пішінде жасырылған ертегі кейіпкерлері бар екен?

  • Бауырсақ кімнен қашып кетеді?

  • Кім оны жеп қояды?

  • 3-ші тапсырма.

    • Мынау пішін таныс па?
  • Дөңгелек

  • Дөңгелектің бұрышы бар ма?

  • Жоқ. (түсін айтады)

  • Дөңгелек пішінде жасырылған ертегі кейіпкерлері бар екен. «Шұбар тауық» ертегісі

  • Ертегінің мазмұнын қысқаша баяндау

  • Мынау қандай пішін

  • 4-ші тапсырма.

    • Сопақша
  • Сопақша пішінде жасырылған ертегі кейіпкерлері бар екен.

  • Қызыл телпек ертегісі (қысқаша баяндау)

  • Мынау қандай пішін?

  • Тік төртбұрыш. (Ертегі кейіпкерлерін табу)

  • Үш аю.

  • Қанша ыдыстары бар?

  • Үшеу. (үлкен, орташа, кіші ыдыстар)

  • Қысқаша баяндау.

  • Үлкен ағаш үстел мен үш орындық бар.

  • Тағы қандай ертегілер білесіңдер?

  • Шалқан, мақта қыз бен мысық, лақтар мен қасқыр, Жеті лақ, Мақтаншақ қоян .

  • Сергіту жаттығуы:

    Орманда шалаш құрамыз,

    Жерге қазық қағамыз.

    Бұтақпен үстін жабамыз

    Берік үйде тұрамыз.

    Естіледі ағаш тақылдап

    Бұтақта отыр тоқылдақ

    Ол ағашты жемейді

    Ол ағашты емдейді.

    • Ал, енді жақсы, барлығымыз автобусқа отырып балабақшамызға ораламыз.

    Сахналау: «Қоян үйшігі» ертегісінің көрінісі

    Рөльдерде ойнайтындар: Қоян, Түлкі, Иттер, Аю, Әтеш.

    Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, бірден еріп кетті. Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді.

    Түлкі: Қоян, қоян! Мені кіргізші, жылынып алайын!

    Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып ақыры оны үйінен қуып шығады. қоян жылап келе жатып, иттер кезігеді.

    Иттер: — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой.

    Қоян: — Қалай жыламаймын. Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім.

    Иттер: — Жылама! Біз ол оңбағанды қазір – ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді.

    • Аф, аф, аф! Әй түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!

    Түлкі: — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой, барлығыңды быт-шыт қылайын.

    Иттердің үрейі ұшып қашып кетеді. Қоян тағы да жылай бастайды. Алдынан аю шығады.

    Аю: — Қоян-ау, не болды! Сонша неге жылайсың?

    Қоян: — Жыламағанда қайтейін. Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

    Аю: — Жылама! Мен оны қуып шығайын.

    Қоян: — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер де қуып шыға алмады.

    Аю: — Көресің, қуып шығайын.

    Аю үйшіктің алдына келіп:

    • Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! – деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен:
  • Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарайын. Аюдың үрейі ұшып қашып кетеді.

  • Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар.

    Әтеш: — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың?

    Қоян: — Жыламағанда қайтейін. Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

    Әтеш: — Жылама! Мен оны қазір қуып шығайын.

    Қоян: — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер де қуып шыға алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың.

    • Жүр көресің! Қуамын!

    Екеуі үйшік жанына келеді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастайды.

    • Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!

    Түлкі қорқвп кетеді: — Қазір шығайын. Киініп жатырмын.

    Әтеш өлеңін әндете бастайды.

    Түлкі сасқалақтап «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын».

    Әтеш үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.

    Қорытындылау: — Балалар біз бүгін «Ертегі әлеміне саяхатқа» шықтық.

    • Таныс ертегілерімізді есімізге түсіріп айтып өттік.

    • Геометриялық пішіндерге жасырылған ертегілерді табуға көмектестік.

    • «Қоянның үйшігі» ертегісін сахналап бердік.

    • Өте тамаша шықты.

    • Барлығыңызда бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.

    • Қош сау болыңыздар!

    Реклама