Тақырыбы: Ұшатын көбелектер

БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылы

«Ертегі» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

Хайруллина Гульмира Кабдыгалиевна

Білім беру саласы: «Таным.»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:
Экология негіздері .
Тақырыбы:
Ұшатын көбелектер.
Мақсаты:
1.Көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер жайлы білімдерінодан әрі кеңейту. 2.Көбелектер туралы мағлұмат алу,олардың түр түстерін ажырату.3Табиғат сұлулығын сезінуге және оларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.4Балалардың ой өрістерін, тілдерін, қол моторикасын дамыту,мнемо және кубизм тәсілдерімен жұмыстануды дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: Көбелектердің түрлері суреттер,мнемо кестесі, көрнекі түрде жасалған кубик, түсті қыстырғыштар,түстері әртүрлі қақпақтар,әр үстелде орналасқан ноутбук .

Әдіс-тәсілдер:Жұмбақ жасыру,суреттер көрсету,үлгі ұсыну,мнемо кестесі,
Сөздік жұмыс:
әдемі ,қанаты,ұшады,нәзік. Билингвалдық компонент: көбелек-бабочка

Барысы: Шаттық шеңбері: Ашық аспан астында, Достар көп табылар. Менде соның бірімін, Сәлемімді қабыл ал! Тәрбиеші:-Қазір жылдың қай мезгілі? -Сендер серуен кезінде нелерді байқадыңдар?Көктем мезгілінің ерекшеліктерін суреттер арқылы флонеграфқа көрсетіп,әңгімелеп беру.

«Күн»суреті

Реклама