Жаңа сабақтар

Менің әкем – әлемдегі ең жақсы адам

Әке – асқар тау. Бұл өте дұрыс айтылған теңеу. Тау қандай биік болса, әкенің орны да сондай биік. Әкенің алақаны басыңнан сипағанда,арқаңнан қаққанда өте ыстық. Әке – балаға қамқоршы, жанашыр тірегің. Әр әке өзінің баласы үшін еңбек етеді. Менің әкем де сондай адам. Менің қамымды ойлайды. Суықта тоңсам жылытуға,құласам тұрғызуға дайын тұрады. Маған үнемі ақылын айтып отырады. Үлкен адамдармен амандас, жолын кесіп өтпе,ақылды бол – деп басымнан сипайды. Білмегенімді үйретеді, айтып түсіндіреді. Сабақты жақсы оқып, елге пайдаңды тигізетін азамат болып өсуің керек деп, үнемі құлағыма құйып отырады. Өзінің балалық шағы, өмір жолы туралы,өмірден алған сабақтары туралы әңгімелеп айтады. «Әке – балаға сыншы» деген мақалда тегін айтылмаса керек. Менің әкем өте жақсы адам.

Қорытындылай келе, кімге де болса әке керек. Жақсы әке балаға өмір бойы азық деген рас екен. Отбасында әке орыны бөлек, асқар тау ғой! Мен әкемді қатты жақсы көремін.

БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің

4 — сынып оқушысы Халиолла Бақдәулет Ерғалиұлы

Жетекшісі: Қдыргожина Жанила Кубаевна

Реклама

Добавить комментарий