Асыл анам

Баға жетпес асылдың сынығысың,
Мөлдір таза бұлақтың тұнығысың.
Күндей ашық, айдай биік көңіліңді,
Жүрегімді нұрға бөлер жыр ұғынған.

Менің анамның аты — Рыскүл. Анамды мен өте жақсы көремін. Менің анам өмірге төрт бала әкелген ардақты ана. Мен өзімді бақытты баламын деп есептеймін. Анасы бар адамдар бақытты жандар. Мектептен мен үлкен жетістіктермен келсем, анама келіп қуанышымда шек жоғын жеткіземін. Анам менімен бірге қуанып, біздің тілегімізді тілеп, әліде жетістікке жетуімізді қалап отырады.

Анам менің қамқоршым, ақылшым, тәрбиешім.Дүниеге іңгәлап келгеннен- ақ, түн ұйқыңызды төрт бөліп, біздің аман жүруімізді тілеп жүресіз. Анашым аман-есен арамызда жүре беріңіз. Мен сізді ардақ тұтамын!

БҚО, Казталов ауданы, Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Меңдіхан Толғанай

Жетекшісі: Қдыргожина Жанила Кубаевна

Реклама