Ұстаз – шәкіртке тұлға

Жумагулова Индира Балхашовна

Қарағанды қаласы № 65 ЖББО мектебінің
мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Болашақта өз еңбегімен елінің өсіп-өнуіне тамшыдай болсада өз үлесін қосатын бүгінгінің мектеп оқушылары. Біз оларды қалай тәрбиелесек, ертеңгі күні еліміз сол деңгейге көтерілетін болады. Сол себептен де ұстазға жүктелер міндеттің жүгі өте ауыр.

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, міңез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абайдың сөзі қай уақытта болмасын өз мәнін жойған емес. Ойлы білімдар адамдар ғана заманның, қоғамның дамуына өз үлестерін қосып, үлкен өзгерістерге алып келеді.

Қазіргі таңда оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жан-жақты білім беруде жаңа технологиялар ұсынылуда. Жаңадан ұсынылып отырған бұл бағыт оқушының білімге деген белсенділігін артырып, өз бетінше шешім қабылдауға баулиды. Ұстаздар бұл бағытта өз шеберлігін артыра отырып баланы жан-жақты дамуына жол жасайды. Дегенмен, ұстаздың шеберлігі мен жаңа технологиялардың бағалы болуы да оқушының белсенділігін артыра алмаса берілген білім күткен нәтижесін көрсете алмайтындығы ескерілгін дұрыс.

Еліміз білім беру ісінде халықаралық стандарттарға сай деңгейде дамып келеді. Бұл тұрғыдан жоғары сапаға жету үшін оқу-тәрбие процесінің құрылымдық желісі қайта қалыптасып, оқыту саласыда түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Дамыған әлемдік деңгеймен иық тірестірген елеміздің білім саласындағы жаңашылықты шәкіртіне жеткізу жолында ұстаз барлық қырынан ерен қасиеттерге ие болуы шарт. Әр сыныпта берілген тапсырманы бірден іліп алып кететін, қатарластарының артында қалып жататын оқушылар да кездесіп жатады. Осындай кезде ұстаз әр баланың тапсырманы қалай игергеніне көңіл бөлуі шарт. Себебі ұстазға әр шәкірттің орны бөлек. Өз достарына қарағанда зеректігі төмен оқушылардың қабілеттілігін артыруда жеке жұмыстар жасап, оның жүрегіне жол таба білген ұстаз ғана білім төрінен үлкен жетістіккке қол жеткізе алады.

Білім жүйесіндегі жаңаша бағдарламада оқушының мектеп табалдырығынан алған білімі ертеңгі күнгі өміріне қажетті етіліп берілуі керек. Берілген білім нәтижесінде оқушы кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, өзіндік саналы пікір айтуға үйренуі шарт.

Шәкіртінің ертеңін ойламаған ұстаз елінің болашағына не құрайлы қарйтындығын көрсетеді. Тек қана өз ісіне берілген ұстаздар қауымы ғана ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып оқушының жүрегіне білім нұрын құя біледі. Өзімізде балалық шақта ең алғаш әліппені таңытқан ұстазымызға еліктеп, келешекте осы мамандықтың иесі боламын деп армандап, қуыршақтарды қатарғы тізіп ұстаз болып ойынаушы едік. Бұл дегенің оқушының ұстазды пір тұтып, еліктеп өседі деген сөз. Сол себепті де мұғалімнің әр әрекеті оқушысының болашағына тікелей әсер етеді.

Ұстаз әр шәкіртінің ішкі жан дүниесінен үңіліп, оның нені армандап, алына қандай мақсат қойып, көңілін алаңдатқан мәселесі бар ма екендігін білуі керек. Шәкіртінің шығармашылық, білімпаздық қабілеттерінің ашылуына, баланың өзін қоршаған ортада еркін ұстауы мен алған білімінен өміріне қажетті нәтижені алуына қол ұшын берген ұстаз ғана оқушысының рухани ошағына айналып, оның құрметіне бөленеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.