Қысқы ағаштар

Атырау облысы,Атырау қаласы
МКҚК №34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Махсотова Сандуғаш Михатқызы.

Білім беру саласы: Таным/ Шығармашылық

Кіріктірілген оқу қызметі: Жаратылыстану/ Сурет салу

Тақырыбы: Ағаштар/ Қысқы ағаштар

Мақсаты: Білімділігі: Ағаштардың 2-3 түрін тану және атауын атауға үйрету. Қарапайым тәжірибие-зерттеу жұмысын жасау қабілетін дамыту, туған өлке өсімдіктер әлемін қорғауға деген құлшынысын арттыру. Дамытушылығы: Тік және көлбеу сызықтарды үйлестіре отырып, ағаштардың бұтақтарын салуды үйрету. Қоңыр, сары және қызғылт сары түстерді білу, қылқаламның барлық қылын тигізу тәсілімен сурет салуды бекіту. Қолдың ұсақ бұлшықеттерін дамыту. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қысқа табиғат құбылыстарын сезіне білуге, балаларға дәстүрден тыс түрде қысқы ағаштардың бейнесін салуды үйрету. Таза ұқыпты жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Суреттер арқылы әңгімелеу, сұрақ-жауаптар арқылы талдау. Жұмбақтар шешу, сөздерге дыбыстық талдау жасау.Өз бетінше жұмыс жасауға талпындыру. Билингвальды- компонент:Қыс – зима, қар – снег, емен-дуб, шырша-елка Көрнекілігі мен құралдары: слайд.

Кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Баланың әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттықшеңбері:
Арайлапатқантаңғасәлем,
Жылуыншашқанкүнгесәлем,
Жайнапөскенбізгесәлем.
Білімберіптәрбиелеген
Апайларымсіздергесәлем.
Шаттық шеңберін құрып өлең жолдарын қайталайды.
Ұйымдастыру-

іздестіру

Видео жіберу

Балалар қазір қандай мезгіл?

Балалар қыс мезгілі қандай болады?

Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар?

Балалар біз бүгін балабақша ауласына саяхат жасаймыз. Олай болса балалар көзімізді жұмамыз. Ақырын орнымыздан тұрып, киімдерімізді киіп, дәлізден өтіп далаға шығамыз. Енді көздеріңді ашыңдар дала қандай тамаша,аппақ тонын жамылып, айнала біткен мүлгіп тұр. Енді жан жағымызға көз салсақ, көзімізге ең алдымен бойы ұзын ағаштар түседі. Ағаш жерде өседі. Жыл өткен сайын олардың бойлары өсіп, жайқала түседі. Ағаштар төрт бөліктен тұрады. Тамыры, діңі, бұтағы және жапырағы. Ағаштардың адамдарға көп көмегі бар.Жыл мезгілдеріне байланысты оларда сыртқы келбеттері өзгереді.Ағаштар туралы жалпы мәлімет беріп кетемін.

Мынау тамырын тереңге жайып, бойы аспанға жетуге жақын, бұтақтары жайқалып тұрған «Емен» ағашы. Еменнен отырғыш, еден жасауға, тіпті үйде тұрғызуға болады.

Балалар келесі ағашты таныстырмас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ жасыру Тікен, тікен, тік пісте, Қысы, жазы бір түсте. (Шырша)

Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл шырша. Шыршаның бір ерекшелігі ол қыста да, жазда да бір түсте болады. Балалар шыршаны біз қандай мерекеде пайдаланамыз? Өте дұрыс «Жаңа жылда». Балалар біз күннің екінші жартысында көптеген тақпақтар жаттаймыз. Маған кім ағаштар туралы тақпақтар айтып берер екен.

1-бала Аяздарға тоңбайды,
Аптаптарға өзін шыңдайды.
Тұрып желдің өтіне,
Иілседе сынбайды. 2-бала Көше бойы аралас,
Қаптап өскен қараағаш.
Жемісі жоқ болса да,
Саясы көп дара ағаш.

Ойын: Ағашты құрастыр.

Бұл ағаштар табиғаттың бір мүшесі. Оларды біз қорғау керекпіз. Сендерге қазір бір тәжірибие көрсетемін. Мынау не? Мынау ше? Шырпыны ағашқа тигізсек не болады? Дұрыс айтасыңдар, өрт болады. Демек ағаштың қасында шырпымен ойнауға болама екен? Естеріңде болсын ешқашан шырпымен ойнауға болмайды. Балалар қолымыз, бетіміз тоңайын деген сияқты. Олай болса балабақшамызға оралайық. Көзімізді жұмамыз, ақырын баспалдаққа мініп тобымызға келеміз. Киімдерімізді шешіп орнымызға отырып, көзімізді ашамыз.

Сергіту сәті:

Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста.
Жай оң қолды оң жаққа,
Жай сол қолды сол жаққа.
Екі қолды белге ұста.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Қос аяқтап топ – топ,
Алақанды соқ – соқ.

Дидактикалық ойын: Жапырақты ажырат шарты: жасыл жапырақтар мен қызғылт-сары жапырақтарды ажырату керек және қандай мезгілде болатынын айту керек.

Балабақша ауласында көрген ағаштарымызды орыс тілінде айтып көрейік.

Билингвальды- компонент:Қыс – зима, қар – снег,емен-дуб, шырша-елка

Ағаш пен тасты салыстыру арқылы тәжірбие жасау. Өте керемет. Ал енді балалар ағаштардың суретін салайық. Ағашты салу үшін бізге ең алдымен әйнек, тіс пастасы, мақталы таяқша,ылғал сүлгі, гуашь керек. Бүгінгі біздің сурет салу әдісіміз өте ерекше болмақ. Сурет салудың бұл түрін дәстүрден тыс сурет салу деп атаймыз. Сурет салу техникасын түсіндіріп өтемін.

Балалар сурет салу кезінде экраннан балалардың серуен кезіндегі видеоролигі жүріп тұрады.

Қыс Салқын,аяз,боран.

Сырғанақ ойнаймыз, аққала жасаймыз.

Балалар көздерін жұмып, балабақша ауласына серуенге шыққандай көз алдарына елестетеді.

Балалар мұқият тыңдайды.

Ойын ойнайды

Шырша

Жаңа жылда

Тақпақтар айтады

Ойын ойнайды

Ағаштар Шырпы

Өрт

Жоқ, болмайды.

Көздерін жұмып, балабақшаға оралады.

Сергіту сәтіне қимылдар жасайды

Сөздерді қайталайды

Балалар өз ойларын айтады.

Аса қызығушылықпен сурет салады.

Рефлексивті-түзетушілік Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау. Балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.

Жарайсыңдар, балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
«Жүректен — жүрекке»:
Балдай тәтті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі,
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасақ бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!

Өлең жолдарын қайталап қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жаңа технологиямен жұмыс жасауды;

Меңгереді:сұраққа нақты жауап беріп, тік және көлбеу сызықтарды үйлестіре отырып, ағаштардың бұтақтарын салуды, түстерді;

Игереді: балаларға дәстүрден тыс түрде ағаш салуды.

жаратылыстау слайд.pptx

Реклама