Жаңа сабақтар

Тақырыбы: «Моншақтар»

Қызылорда облысы Арал қаласы

Мереке санаторлық бөбек жайы

Жусупова Мейрамкул Амандыковна

Тәрбиеші

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет

Тақырыбы: «Моншақтар»

Күні: 29.11.2017ж

Мақсаты:

● Моншақтар суретін сала білуді үйрету

● Моншақ салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу, солдан оңға қарай дұры сызық сызуды үйрету

● Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қаламдар, түрлі-түсті бояулар, моншақтар туралы слайд, ақ парақ, моншақтар

Оқу іс қызметі кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Сәлемдесу! Шаттық шеңберін құру

  • Жарқын-жарқын үніміз,
  • Болашақтың күніміз.
  • Балалық шақ үйінің, жайнап тұрған гүліміз!
  • Сәлеметсіздер ме!
  • Здравствуйте!
  • Good moning!
Сәлемдеседі. Балалар шаттық шеңберінде жылы сөздер айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру Балалар орындарына отырған соң тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

  • Балалар, бір аптада неше күн бар?
  • Апта күндері қалай аталады?
  • Жарайсыңдар!
  • Балалар, сендер сурет салғанды жақсы көресіңдер ма?
  • Сурет салғанда не пайдаланамыз?
  • Ал, бүгінгі оқу қызметімізде суретті саусақпен саламыз.

Қане саусақтарымызды көрсетейікші?! (осы кезде есік қағылады). Түлкі кіреді. Түлкі балалардан көмек сұрап келгенін айтады.

Түлкі:

Балалар, мен қыдырғанды, әдемі боп жүргенді ұнатамын. Мені аю қонаққа шақырады. Ал, мен болсам моншағымды жоғалтып алдым. Енді не тағып баратынымды білмей сендерден көмек сұрап келдім.

Маған көмек бересіңдер ғой иә?

Тәрбиеші қонақты отырғызып, балаларға моншақ туралы слайд арқылы мәлімет береді. Балаларға қалай салыну керектігін көрсетеді.

  • Балалар, сурет салып болсақ

Суреттеріміздің бояуы

кепкенше шаршап қалған

саусақтарымызды қимылдатып,

өзімізді сергітіп алайық.

Сергіту жаттығуы:

Жел соқты гу-гу,

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды,

Күн ашылды.

  • Енді балалар суреттерімізді алып қонағымызға көрсетейік.

Түлкі суреттерді қарайды. Барлық суреттер ұнайды. Сол себепті балалардың барлық суреттерін берулерін өтінеді.

Түлкі балаларға рахмет айтып, қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Саусақтарын көрсетеді

Түлкіге көмек беруге келіседі.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, слайдқа

қарайды.

Сурет салуға кіріседі.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Балалар суреттерін көрсетеді.

Түлкіге қуана береді

Балалар түлкімен қоштасады.

Рефлексивті-түзетушілік
  • Балалар, бүгін қонаққа не келді?
  • Ненің суретін салдық?
  • Қандай түстер пайдаландық?

Тәрбиеші балаларды мадақтап, қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді. Тәрбиешімен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: әр түрлі түстердің атауын

Меңгеруі: моншақтардың суретін салуды, дұрыс сызық сызуды

Жасай алуы: бір мезетте әр түрлі түсті пайдалануды

Реклама

Добавить комментарий