Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. А мерика Құрама Штаты

Оспанова Дарига Койташевна
Ақтөбе қаласы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің
облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі

Сабақ тақырыбы: Солтүстік Американың халқы және саяси картасы. Америка Құрама Штаты
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Солтүстік Американың халқының құрамы, саяси картасы туралы біледі.АҚШ мемлекетінің географиялық орны, шаруашылық салалары туралы түсінеді.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Солтүстік Америка мемлекеттерін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі:Халқының құрамына талдау жасайды, мемлекеттерді картадан көрсетеді.
Кейбір оқушылар : АҚШ тың географиялық орны мен шаруашылық салаларына сипаттама береді.
Тілдік мақсат: Негізгі сөздер мен тіркестер: жаңа сөздермен танысады: карайбтар,мулаттар,самбо, метистер, «автомобиль астанасы», «Бойнг» ұшағы, Диснейленд, Голливуд, Иеллоустон паркі.
Сыныптағы диалог: (жазылым үшін пайдалы тіл бірліктері)

1. Солтүстік Американың халық саны қанша?.

2. Материктің байырғы халықтары қалай аталады?

3. Материктің ірі мемлекеттері.

4. Американың халық құрамына европалық отарлау қалай әсер етті?

Алдыңғы оқу Материктің табиғат зоналарының түрлері мен орналасу ретін біледі.
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар ресурстар
Басталуы
  • Оқушылармен амандасу
  • Тренинг:Егерде сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз оң қолыңызды көтеріңіз.
  • Егерде сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз алға адымдаңыз.
  • Егерде сіз біліміңізге сенсеңіз аяғыңызды қозғалтыңыз.
  • Егерде сізге география пәні ұнаса шапалақтаңыз.
  • Егерде сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз қол ұстасыңыз.
  • Топқа бөлу. Америка мемлекеттернің жалауларының суреттері бойынша топқа бөлінеді
  • Үй тапсырмасы:
  • «Кірпіш қалау»

І топ. Табиғат зоналарын географиялық орнымен орналастыру.

ІІ топ. Өсімдіктер суреттерін табиғат зоналары бойынша орналастыру

ІІІ топ. Жануарлар суреттерін табиғат зоналары бойынша орналастыру

ІV топ. Евразия материгі мен Солтүстік Американың айырмашылығы мен ұқсастығын табу7

Бағалау: 1 – 3, 2 – 4 топтар бір бірінің жұмысын тексереді, бағалайды. « Басбармақ»

Сергіту: « Есте сақтау» суреттерде не бар

А-3 форматы,

суреттер, атлас

стикер

Ортасы Топтық жұмыс:

І топ. Американың байырғы халқы

ІІ топ. Американың қазіргі халқы

ІІІ топ. Америка Құрама Штаты

ІV топ. Америка шаруашылығы

Бағалау. 1 – 2 , 3 – 4 топты бағалайды

карта, оқулық

суреттер

А -3 форматы

Аяқталуы Жеке жұмыс « Сандар сөйлейді»20, 50, 125, 2000, 9000, 91. сандар туралы малимет береді

Жадыңа сақта: ірі қалаларын картадан табу Нью — Иорк, Бостон, Филадельфия, Вашингтон, Чикаго, Хьюстон

оқулық,

карта

Қосымша ақпарат Америкалықтардың салт дәстүрлері туралы не білеміз?
Бағалау Өзін өзі бағалау, топтық бағалау бағалау парағы
Кері байланыс Не оңай болды?

Не қиын болды?

Қандай жаңа мәлімет алдыңыз?

Ұсыныс?

Стикерге жазады
Рефлексия
Үйге тапсырма: Американың халқы және елдері тақырыбын оқу.

АҚШ тың көрікті жерлері туралы хабарлама дайындау.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.