Ертегілер еліне саяхат

Атырау облысы,Атырау қаласы
МҚКҚ №34 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасы
Тәрбиеші: Махсотова Ұлжан Михатқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Айы: Ақпан

Күні: 5

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Заттың көлеміне санның тәуелсіздігі. Реттік санау. Оқиғаның ретін қоя білу. Кең, тарлау, тар, өте тар ұғымдарын пысықтау.

Мақсаты: Заттарды санымен сәйкестендіру; санның заттың көлеміне бағынбайтынын түсіндіру; 5 саны көлемінде санау қабілетін арттыру, сандық және реттік санауды бір-бірінен ажырату, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру; заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын таба отырып, ені бойынша салыстыру және сол белгілері арқылы біріктіру; оқиғаның ізбе-ізділігін (тәулік бөліктері) анықтауға арналған логикалық тапсырмаларды орындау жолдарын түсіндіру.
Көрнекіліктері:
Интерактивті тақта, слайд, Әдіс-тәсілдер: Сұрақ — жауап, логикалық ойын есеп, дидактикалық ойын.Билингвальды компонент: бір-один,екі- два,үш- три,төрт- четыре, бес- пять

Кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Баланың әрекеті
Мотивация-

лық

қозғаушылық

Шаттық шеңбер:
Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық.
Сан есептің сарайын,
Кәне бірге ашайық.

Балалар біз өткенді еске түсірейікші. Осы уақытқа дейін көптеген ертегілерді өттік. Маған сол ертегілерден 5 ертегі айтып беріңдерші.

Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Біз бүгін ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Алдымызда көптеген аялдама бар. Әр аялдамада бізге тапсырмалар бар. Сол тапсырмаларды орындасақ ертегі кейіпкерлері бізге риза болып қуанады. Кейіпкерлерді қуантуға әзірміз бе?

Шаттық шеңберін орындайды

Өздері білетін ертегілерді еске түсіріп айтып береді.

Балалар тапсырманы орындайды

Ия

Ұйымдастыру-

шылық –

ізденістік

1- тапсырма (Маша мен аю)

Балаларға сұрақтар қояды және тапсырма беремін:
-Жоғарыдағы тіктөртбұрышта неше кесе бар?
-Төменгі тіктөртбұрышта неше кесе?
-Олардың саны туралы не айтасыңдар?

Балалар тақтаға қараңдар. Мына жерде үш ұяшық тұр екен. Бұл ұяшықтарда не жасырылғанын білгіміз келеме?

Ендеше ашып көрейік.

Пішіндер туралы тапсырма. Ұяшықтар шыққан пішінді атау және одан үй құрастыру.

2-тапсырма (Шұбар тауық)

Сұрақ –жауап

Балалар балабақшаға қай уақытта келеміз?

Балабақшадан ата-аналарымыз бізді үйге қай уақытта алып кетеді?
-Бұдан басқа тәуліктің қандай бөліктері бар?
Тәуліктегі уақыттың бірінен кейін бірі тұрғанын және олардың ешқашан өзгермейтіндігін айтамын.

Ойын: Сөйлемді аяқта!
Балалардың сөйлемді аяқтауды сұрайды:
Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты… ішеміз. (кеште)
-Күндіз күн шығады, ал ай … шығады (түнде)
-Кешкі асты кеште , ал түскі асты… ішеміз (күндіз)

Логикалық ойын есеп: Тез ойлап тап!
1.Дүкеншіде 5 жұмыртқа болды, біреуін жарып алды. Дүкеншіде неше жұмыртқа қалды?
2. Ермек дүкеннен 3 балмұздақ алды, жолда 1 — ін жеді, Ермекте неше балмұздақ қалды?
3. Әйгерім дүкеннен 4 кәмпит сатып алды. Кәмпиттің 1-ін Дильназға, тағы 1-ін Мединаға берді. Әйгерімде қанша кәмпит қалды?

4. Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Біреуін оның жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.

5. Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.

Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

3-тапсырма(Шалқан)

Суреттегі барлық жолдарды мұқият қарап шығып, ені бірдей жолдарды бір-біріне қосу жөнінде тапсырма беремін

-Балалар , жолдарды қалай қостыңдар?

4-тапсырма(Алтын балық)

Адасқан сандарды тап ?
(Тура және кері сана)

5 2 4 1 3

Енді осы сандардың орысша айтайық

Билингвальды компонент: бір-один,екі- два,үш- три,төрт- четыре, бес- пять

Д/о.

Сандардың көршісін табу.
(1-ден 5-ке дейін сандар бойынша ретімен тұрады.)

5-тапсырма (Бауырсақ)

Балаларға жұмбақ жасырамын:

Қасқырдан да құтылды,

Аюдан да құтылды

Ақыр соңында

Қу түлкіге тұтылды

Ол не?

Балаларға тапсырма беремін және мынандай сұрақтар қоямын:

-Бауырсаққа кездескен бірінші аңды боя? Қай аңды боядың?

-Бауырсаққа кездескен үшінші аңды боя?

Бауырсақ қандай төртінші кездестірді? Суретін боя.

-Бауырсақ орманда неше аңға жолықты?

Балалар сұрақтарға жауап береді
Бес

Бес

Тең
Үлкен кесе де, кішкентай кесе де бесеу, яғни тең.

Ия

Пішіндерді атайды және бұл пішіндерден үй құрастыруға болатынын айтады.

Таңертең

Кешке

Күндіз,түн

Кешке

Түн

Күндіз

4

2

2

4

3

Сергіту сәтін жасады.

Балалар суретті қарап шығып, жолдарға қосады.

Ені кең жолдарды кеңімен, ені тарлауды тарлау жолмен, одан тарлауын дәл сондай жолмен, ені ең тар жолмен дәл сондай жолмен қостық.

1 2 3 4 5

Қайталайды

Ойын ойнайды

Балалар жұмбақты шешеді: бауырсақ
Ертегіде бауырсақ бірінші қоянды, содан кейн қасқырды, сосын аюды, ең соңында түлкіні жолықтырады.

Қоян

Аю
Түлкі

Төрт

Рефлексиялық-

түзетушілік

Қорытынды

Бізге ертегінің барлық кейіпкерлері риза болды.

Ертегілер еліне саяхат ұнады ма балалар?

Балаларды мақтау, мадақтау.
Ұйымдастырылған оқу-қызметіміз аяқталды.
Сау болыныздар!

Ия

Күтілетін нәтиже:
Біледі: сан заттың көлеміне бағынбайтындығын:1-ден 5- ке дейінгі реттік санауды.
Игереді: заттардың айырмашылығымен ұқсастығын таба отырып,ені бойынша салыстырудыжәне сол белгілері арқылы біріктіруді;оқиғаның ізбе-ізділігін анықтауға (тәулік бөліктері) берілген логикалық тапсырмаларды орындауды.
Меңгереді:тәулік бөліктерін,1-ден 5- ке дейінгі цифрлар туралы түсінікті; «кең», «тар», «тарлау», «ең тар» ұғымдарын.

Математика (1) слайд.pptx

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.