Топырақты мелиорациялау және қорғау жұмыстары

Астана қаласы №53 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі
Аимторин Жұмабек Сақымбекұлы

Топырақтың түрлері. Топырақты мелиорациялау және қорғау жұмыстары

Сабақ мақсаты :

I.Білімділік: «БжС» технологиясының «Ауызша сабақ -1» картасы бойынша топырақ түрлері оны қорғау жұмыстары туралы мәлімет беру, өз түсінгендерін практикада қолдана білу.

II. Дамытушылық:Зейінді, ойлау жылдамдығын, есте сақтауды дамыту және сабаққа қызығушылықтарын арттырусөздік қорларын молайту.

ІІІ.Тәрбиелік мәні: Тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.

Сабақ типі: «БиС» технологиясы бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.

Технология:«БиС» технологиясы, «Ауызшасабақ -1» картасы.

Сабақтың көрнекілігі: матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту)

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа тақырыпқа қысқаша кіріспе мәлімет береді.

а) Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздермен жұмыс.

Тақтадағы тақырыпқа байланысты тірек сөздерді балалар

1 минут ішінде оқып, есте сақтайды. Белгіленген уақыт біткен соң блок жабылады. Балалар естерінде қалған сөздерді дәптер- леріне жазады, жазып болған соң сөздердің саны матрицаға енгізіледі, сонан соң блок ашылады да, балалар қалдырып кеткен сөздерді дәптерлеріне жазып алады. Бұл кезең жаңа сөзді есте сақтаудың бір түрі. ООМ-на (оқушылардың партада отыруы бойынша ) матрицаға бірінші баға енгізіледі.

1.Топырақ

  1. Саз

3.Гумус

4.Құм

5.Қоңыр

6.Шөл

7.Құрғақ

8.Террикон

9.Саяжай

10.Белдеу

  1. Мелиорация

12.Құнарлы

13.Эрозия

15.Техника

16.Биология

IIІ. Ойлауды, ұғынуды ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс 7-13 минут беріледі. Жаңа тақырыптың 2-3 бетін түсіне отырып, зейін қойып оқып шығуы керек!!

. Себебі, мұғалім сабақты сұрау барысында ұсақ детальдарға көңіл қоятындығын ескертеді.

IҮ.Алғашқы түсінікті тексеру.

Қарама-қарсы сұрақтар. Мұғалім барлық оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қояды.

(ООМ бойынша)

1.Қазақстанжері қандай табиғат зоналарын қамтиды ?- 4 таб. зоналарды: орманды дала,дала, шөлейт,шөл.

2.Қандай топырақтың түрлері таралған?- қара топырақ,қызыл,қоңыр және ашық қоңыр,сұр топырақ.

3.Құнарлы қара топырақ, еліміздің қай аймақтарына тән?- Солтүстік және Солтүстік Шығыс бөлігіне.

  1. Қара топырақ, жеріміздің қанша % алып жатыр? — 9,5%.

5.Орманның сұр топырағы еліміздің қай аймақтарда кездеседі? – 53гр.Солтүстік ендіктен Оңтүстікке қарай.

6.Қызыл қоңыр топырақ еліміздің қанша % алып жатыр?- 34%.

  1. Күңгірт қызыл қоңыр топырақ түрлері, қай жерлерде таралған? – Дала зонасында.

8.Құм және құмды топырақ ,Қазақстанның қай табиғат зонасын алып жатыр ?

  • Шөл және шөлейт зоналарын

9.Жер ресурсы дегенді қалай түсінесің?- Жер табиғи ресурстардың негізгі түрі,адамзат баласының басты байлығы.

10.Табиғатты қорғау Қ.Р.қандай құжаттарында нақты көрсетіледі?- Қ.Р.Табиғатты қорғау туралы заңында.

11.Топырақ эрозиясы дегенді түсіндір?- топырақтың құнары азайып, желмен ұшып,сумен ағып дұрыс пайдаланбаудан.

12.Топырақты эрозиядан сақтау үшін не істеу қажет?- ағаштар отырғызып, егін егіп мелиорациялау жұмысын жүргізу керек.

13.Қазақстанның пайдалы қазбаларын ашық әдіспен игерудің, яғни өндірудің пайдасы бар ма?- Жоқ.Топырақтың жоғарғы қорғаныш жамылғы қабатын бұзады.

14.Рекультивация деген не?- Топырақты қалпына келтіру үшін жүргізілетін шаралар жиынтығы.

15.Рекультивацияның қандай кезеңдері болады?- техникалық және биологиялық.

16.Техникалық кезең қалай іске асырылады?-Жердегі топырақты мақсатты түрде пайдалану әдістері бойынша.

17.Қарағанды көмір алабының бос жыныстар үйіндісін не дейді?- Террикондар.

18.Террикондардың орынын қалай пайдаланады?- Саяжайлар отырғызыады.

19.Алматыдағы Сайран көлі, бұрын қандай жер болған?- Құрылысқа құмтас,қиыршықтас өндірілген жер.

Ү. Бекітуді алғашқы ұйымдастыру.

Сын тұрғысынан сұрақтар қою.

Мұғалім оқушыларға сұрақ қойған кезде қате жауаптарымен береді. Дұрыс болса- «иә», қате болса- «жоқ» деп жауап беруі керек. Сын тұрғысынан сұрау кезеңі диагностикалық болып есептеледі. Бұл кезеңде мәтінмен жұмыс істеудің сапасы анықталады. Бұл кезең балалардың жұмыс істеу деңгейін, яғни, оқу техникасының көлемін және жылдамдығын көтеруді қалыптастырады.

1.Қазақстан жері2 табиғат зоналарды қамтиды: Орманды және дала зоналарын. — Жоқ, 4 табиғи зонаны- орманды дала,дала, шөл,шөлейт.

2.Мынадай топырақ түрлері таралған: қара шірікті топырақ,сары топырақ, сары-қоңыр және ақ- сұр топырақ. –Жоқ, қара топырақ,қызыл қоңыр, ашық қоңыр топырақ, сұр топырақ.

3.Құнарлы қара топырақ, еліміздің Оңтүстігіне және Оңтүстік Батыс аймақтарына тән. — Жоқ,Солтүстік және Солтүстік Шығыс бөлігіне.

  1. Қара топырақ, Еліміздің 8,5% алып жатыр. – Жоқ, 9,5%.

5.Орманның сұр топырағы 53гр.Солтүстік ендіктен Оңтүстікке қарай кездеседі? Ия +

6.Қызыл қоңыр топырақ еліміздің 24 % алып жатыр.- Жоқ,34%

  1. Күңгірт қызыл қоңыр топырақ түрлері,шөл және шөлейт зоналарыні алып жатыр.- Жоқ, Дала зонасын.

8.Құм және құмды топырақ ,Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарын алып жатыр. Ия +

9.Жер ресурсы деген ол пайдалы қазбалар. –Жоқ, Жер негізгі табиғи ресурстардың түрі,адамзат баласының басты байлығы.

10.Табиғатты қорғау — Қ.Р. Табиғатты қорғау туралы заңында нақты көрсетіледі. Ия +

11.Топырақ эрозиясы деген топырақтың құнарлылығының шамадан тыс артуы. –Жоқ, топырақтың құнары азайып, желмен ұшып,сумен ағып дұрыс пайдаланбаудан бұзылуы.

12.Топырақты эрозиядан сақтау үшін ағаштар отырғызып, егін егіп мелиорациялау жұмысын жүргізу керек. Ия +.

13.Қазақстанның пайдалы қазбаларын ашық әдіспен өндірудің пайдасы мол. — Жоқ.Топырақтың жоғарғы жамылғы қабаты бұзылады.

14.Рекультивация топырақты қалпына келтіру үшін жүргізілетін шаралар жиынтығы. Ия +

15.Рекультивацияның 2 кезеңңі болады: мелиорациялау және агротехникалық. –Жоқ, техникалық және биологиялық.

16.Техникалық кезеңде жердегі топырақты мақсатты түрде пайдалану әдістері іске асырылады. Ия +

17.Қарағанды көмір алабының бос жыныстар үйіндісін отвалдар дейді, -.Жоқ, Террикондар.

18.Террикондардың орына су қоймаларын салады. – Жоқ, Саяжайлар отырғызады.

19.Алматыдағы Сайран көлі, бұрын қиыршықтас өндірілген жер болған Ия +

ҮІ.Талдау, 5мин.

Бұл кезеңде өтілген тақырып бойынша түсінікті етіп эссе ретінде жазады.Көмекші сөздер, жалғау саналмайды. 40,52,78 т.б. сөз болуы мүмкін,сол сандары бойынша +,- қойылады.

ҮІІ.Түйсіну.

Материалды меңгеру аяқталады.Сол тақырып бойынша әр кезеңнің % шығару қажет!

Бағалау.Матрицақорытындысы бойынша оқушыларға баға қойылады.

4 кезеңде + алған 5 балл,3 кезеңде+ 4балл,2кезеңде+ алса 3балл,т.с.с.

ҮІІІ.Үйге тапсырма(2 минус алғандарға) беріледі.

Реклама