Оқушылар шығармашылығы

Шымкент облысы, Арыс қаласы №11 Б. Момышұлы жалпы орта мектеп

6 «В» сынып оқушысы Балтабай Диас

Жетекшісі: Нурмаханбетова Маржан Абдрахимовна

Күз — сағыныш маусымы.

Биылғы жылы күз айларына байланысты шығарма жаздық.Ылғи да,»Күз келді.Күн суып,жапырақтар сарғайды.Құстар жылы жаққа қайтты.Адамдар жылы киіне бастады.Дихандар өнімін жинап алды…»деген сарынмен жаза бастаймыз.Ия,бала қиялы,бала көзі күздің сыртқы бейнесін,сипатын баяндап жазуға қауқарлы.Ал үлкен адамға айналғанда күзді басқа қырынан көретін шығармыз.

Қазір күз мезгілі.Сарғайған жапырақтар бірде «алтын күз» деген керемет сезімді сыйласа,бірде аяқ астында тапталып,»құтқарыңдаршы» деген кейіп танытқандай.

Өз басым жыл мезгілдерін адам өмірінің кезеңдерімен салыстырар едім.Көктем — бүр жарған жастық шағымыз.Табиғат — Ана оянып,тіршілік жанданып,күн тек мейірім төгіп тұрады.Ал,жаз мезгілі — тіршіліктің

нағыз қайнаған шағы.Өсімдіктер өз өнімдерін беруге дайындалып,жататыны секілді,адамның да жаз маусымы оның отбасын құрып,бала өсіріп,солардың болашағы үшін барын салып,бойындағы қаны қайнап тұрған уақыты деп білемін.Адамдардың ұрпақ тәрбиелеп,оларды орындарына жайғастырып,еккен егіндерінің жемісін көретін шақ — күз мезгілі.Адам ғұмырының соңы,ұзақ ұйқыға кететін кезі,қыс мезгілі.

Сондықтан да,әрбір күннің жақсылығын сезініп жүргенге не жетсін!

Шымкент облысы, Арыс қаласы №11 Б. Момышұлы жалпы орта мектеп

6 «В» сынып оқушысы Еркін Азат

Жетекшісі: Нурмаханбетова Маржан Абдрахимовна

Қыс мезгілі.

Қазақ тілінің қорынан кез-келген құбылысқа теңеу табуға болады. Мысалы,мақтаны «ақ алтын» десек,

мұнайды «қара алтын»дейміз.Сол сияқты қыс мезгілін де,табиғаттың керемет құбылыстарының бірін «ақ

алтын» десек болар.Алғашқы жауған аппақ қар,барша тіршілік иелеріне өлшемсіз қуаныш,бақыт сыйлары сөзсіз.Айнала аппақ,қоршаған ортамыз «ақ киімге» оранып,көз тоймас көріністе кіреді.Балалардың,яғни,

біздердің көңіл-қунышымызды бір ауыз сөзге сиыстырып,жеткізе алмайтын сияқтымын.

«Қыс» айларымен бірге келетін еліміздің «Тәуелсіздік»күні,жыл сайын мектебімізде аталып өтіледі.

Мысалы,түрлі іс-шаралар,концерттік бағдарламалар өтеді,биыл қаламызға ресей жерінен «цирк» қоюшылар келіп,балаларды шексіз қуанышқа бөледі.»Жаңа жыл»биылғы ит жылы мен үшін өте қуанышты басталды.Табалдырықтан аттаған жаңа «ит» жылымен қоса үйге бірінен кейін бірі күшіктер келді,ағаларым әкелді,қазақы иттер деп қуанады,ал мен күшіктермен ойнап қуынышқа бөлендім.Оларды түрлі қимылдарға үйреттім,үйреніп алатын сияқты өздері.Жыл сайын қыс мезгілдерімен бірге мен асыға күтететін мереке

«анамның туған күні».Мен анамды жақсы көретінімді осы қағазымда айтып жетккізе алмайтын сияқтымын.Ағаларым,жеңгелерім барлығымыз жиналамыз,анамызға сыйлық жасаймыз,шексіз қуаныш орнайды,анамның үйреткеніндей «Алллаға шүкір» деп отырамыз.

Міне,сондықтан да қыс мезгілін мен қатты күтемін,сағынамын.

Шымкент облысы, Арыс қаласы №11 Б. Момышұлы жалпы орта мектеп

6 «В» сынып оқушысы Төлебаева Мадина

Жетекшісі: Нурмаханбетова Маржан Абдрахимовна

Туған ел

Қазақстан — нұрлы мекен,құтты жерім,

Мақтанышым — ұлан байтақ,кең мекенім,

Ақ алтынды байлығың бар сарқылмас,

Оңтүстігім — шаттығым,менің жәннәтім

Туған жерде таусылмайтын бақыт бар,

Жемісің бар көз тоймайтын,шырайлы,

Жусаның бар аңқыған,өзен-көлің,

Біздер үшін қымбат әркез атқан таңың.

Ұрпақтарың мәртебеңді жалғасын,

Биік ұшқан қанаттарың талмасын,

Болашаққа нық басатын ұл-қызың,

Бақытты болшы,ғұмырлы болшы туған елім!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.