Беккалиева Альмира Бакытжановна

Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы Талдықұдық ауылы
С.Есетов атындағы ожббм
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Беккалиева Альмира Бакытжановна

Сабақ тақырыбы: «Шындық шыңы – ақиқат».
Сабақ тақырыбы: Адалдық – адамдықтың белгісі.
Сабақ тақырыбы: Іздегенде табылатын қасыңнан…
Сабақ тақырыбы: Татулық – бірлік бастауы.
Сабақ тақырыбы: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Тақырып:Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, жанашырлық,мейірімділік.

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушылардың табиғатты аялай білуге , қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту.

-оқушыларды табиғатқа жанашырлықпен, қамқорлықпен қарай білуге баулу.

  • оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тренинг «Молекула«.Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады.Жүргізуші белгілі санды айтқанда,атомдар молекула құрайды.Мысалы, «үш» дегенде,үш адам бір-бірінің қолынан ұстап,3 атомнан тұратын молекула құрайды.Тренинг аяқталған соң, топтармен отырады.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену (Баяу әуен жүріп тұрады)

Баяу сазды әуен үнімен теңіз түбіне ойша саяхат жасауды ұсынамын.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяғыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет тыңыстаңыз. Денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпынына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті тіршілік иесі, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дильфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну су астында жүзу қандай керемет. Ал енді арт жағыңызға қараңыз мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы –берлі жарқырай жүзіп жүрген балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала өзгере түседі,суда қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы , қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз…бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұнғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дильфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дильфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру. «Автор орындығы» әдісі арқылы оқулықта берілген

Қ. Толыбаевтың «Қайынның қасіреті» атты мәтіннің тексеру.

Сұрақтар:

Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?

Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

Адамға өзін қоршаған әлемін танып-білу үшін қандай қасиеттер көмектеседі?

Дәйексөз. (5 мин)

«Адам табиғатқа тәуелді болса,

Табиғат та оған тәуелді» А. Франс

Сұрақтар:

Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?

Табиғатты аялап, қамқор болу арқылы қандай құндылықтын мәні ашылады?

Дәйексөздің мағынасын ашып ,талдау.Адам-табиғаттың бір бөлшегі.Жарқырап шыққан күн,таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан-дүниесін мейірлендіре түседі.Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзінің қажеттісінің бәрін табиғаттан алады.Табиғат деген адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Әңгімелеу. Мұғалім сыйы

Ы.Алтынсарин «Таза бұлақ» (Мысал әңгіме)

Үш жолаушы бір құдықтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы мөлдір, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқан әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне: «Ей, жолаушы болсаң, осы бұлақтай бол!» деп жазу қойыпты.

Жолаушылар бұл сөзің мәнін өздерінше шешеді. Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

– бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады, сол сияқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен. Ол:

– біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені,- дейді.

Үшінші жолаушы жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға:

– адамныңбұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтауың керектігін білдіреді, мәселен мына бұлаққа қарасаң, күг түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесі көрінеді, сондықтан көңілін осы бұлақтайсыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін ұғындырады,-депті.

Сұрақтар:

Үш жолаушы тастағы жазуды қалай түсінді?

Тастағы жазудың астарында қандай мән жатыр?

Таза бұлақ мәтіні үлгі-өнегеге тәрбиелей отырып, қандай құндылықтың мәнін ашады?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларға алған білімдерін пайдалана отырып, өз ой қорытындысын, ұсынысын жасату мақсатында 2 топқа бөлініп тапсырма беріледі.

«Табиғат тазалығы» тақырыбында.

І-топ – эссе жазу, ребус құрау.

ІІ-топ – Өлең шығару, плакатқа сурет салу;

Топпен ән айту.

Оқушылар Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған Е.Хасанғалиевтің «Бозторғайым»атты әнін орындайды.

Үй тапсырмасы.

Сабақта меңгерген білім-біліктерін тиянақтап қорытындылау мақсатында оқулықта берілген Қ.Мырза Әлидің «Табиғат тазалығы» атты өлеңді оқып келу.

Кері байланыс.

«Қобдиша»

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін стикерге жазып, қобдишаға салады.

Тақырып: «Шындық шыңы – ақиқат».

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: әділдік,адалдық.

Сынып: 6

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға шындықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларды шындық ,ақиқат туралы түсініктерін аша отырып,адалдық қасиеті туралы түсінік беру.

-оқушыларды шыншыл , әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тренинг.Шеңберге туған айларына байланысты тұрып,мезгілдерге бөлу арқылы топқа бөлу

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену (баяу әуен)

Баяусазды әуен үнімен үшке дейін санап, нұрға бөленуді ұсынамын:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяғыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңіз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр ақтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз., құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…

Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен нұрмын».

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген Қ.Толыбаевтың «Ақиқат» атты мәтінді тексеру.

  • Шәкірттер не туралы пікір таластырып қалды?
  • Олар неліктен бір тоқтамға келе алмады?
  • Ғұлама ақиқатты қалай түсіндірді?
  • Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейді?
  • Өздерің шындық дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз.

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді». Ғ.Мұстафин.

Сұрақтар:

Шындық дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамды қандай қасиетіне қарап шыншыл дейміз?

Әңгімелеу .»Шыншыл бала»

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті.Патша өте ақылды,шыншыл және қарапайым, халқына адал жанашыр, кеңпейілді және әділ болыпты.Патшаның таққа отыратын мұрагері болмағандықтан, ойлана келе халқына жария жасайды.Патшаның мақсаты-мұрагерлікке қалатын бала өз халқына адал, еліне тек жақсылық ойлайтын шыншыл болуы.Патша барлық тілек білдіруші балаларға гүл тұқымын береді.Барлық балалардың гүлдері жайқалып өсіп шығады.Тек Сон Ирдің ғана гүлі қанша баптап, күтсе де өспей қояды.Патшаның балаларды аралап гүлдің өскенін көретін күн де жетеді.Барлық балалар әдемі киініп, жайқалып өскен гүлдерімен кезекке тұрады.Сол кезектің соңында ғана Сон Ир жабырқау күйде бос құмырасымен көңілсіз тұрады. Патша барлық гүлдерді қарап шығады, бірақ көзінен еш қуаныш көрінбейді.Соңында тұрған Сон Ирді бос құмырасымен көргенде патша қуанып кетіп: «Міне, менің ұлым-мұрагерім» деп, жар салғанда халық шулап қоя береді.Арасынан біреуі шығып,патшадан: Дәл сол бос құмырамен тұрған баланы неге асырап алдыңыз?» десе, патша халыққа балаларға берілген тұқымдардың бұқтырылғанын айтып береді.Сол жерде әдемі гүлдермен тұрған балалардың беттері қызарып, ұяттан жерге кіреді екен.Сөйтсе, барлығы берілген гүл тұқымдарынан тыс гүлдің тұқымын салып өсіріп әкелген екен.

Талқылау сұрақтары:

  • Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
  • Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?

  • «Ақиқат-жақсы істің бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әділ адам деп кімді айтамыз?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Өмір шындығы» тақырыбында:

І-топ – эссе жазу.

ІІ-топ – плакатқа сурет салу,мақал-мәтелдер жазу.

Топпен ән айту.

Оқушылар М.Омаровтың «Анашым» атты әнін орындайды.

Шет жүрсем-сағынарым,

Жабықсам-шағынарым

Анашым, бір өзіңсің- табынарым.

Анашым, шалқып күлсең, алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар,

Ешқашан қартаймайды.

Үй тапсырмасы.

С.Бақбергеновтың «Қасиет» мәтінін оқып келу.

Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі .

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланамыз.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.

·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ожббм

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Беккалиева Альмира Бакытжановна

Тақырып:Адалдық – адамдықтың белгісі.

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:шынайылылық, әділеттілік, кеңпейілділік

Сынып: 9

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушылардың адалдық туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

-оқушыларды адам болуға баулу арқылы әділеттілік қасиетін дамыту

-оқушыларды кеңпейілділікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

2.Тренинг арқылы сыныпты топқа бөлу.Капитан-1 адам,маяк-2 адам,человек за бортом-3 адам, обед-4 адам, шлюпка-5 адамнан топтасады.

Тыныштық сәті.Нұрға бөлену

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз.

Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезіңіңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алығыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай керемет. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді және қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықта берілген Зейін Шашкиннің «Темірқазық» атты мәтіннің тексеру.

Сұрақтар:

*Не себепті Мақыш атай «Адалдық – өмірдің Темірқазығы» дейді?

*Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

*«Адалдық – адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіңдер

Дәйексөз.

«Адалдық – ардың ісі» (Халық мақалы)

Сұрақтар:

Адамның жақсы мінезіне нелер жатады?

Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма?

Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыңдар?

Әңгімелеу . «Қаз дауысты Қазыбектің шешімі» (Аңыз)

Бір күні ас болып, сол аста бәйгеге шапқан аттың алдынан бір қара жал құла жеке дара озып келіпті. Асқа жиылғн топтың ішінен бір адам:

– Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, – деп аттың шылбырына жармасады, атты бәйгеге қосып отырған кісі:

– Жоқ, бұл мүлде жала, өзімнің кер биемнен туған қолтума малым, – дейді. Көпшілік екі жағына да «сенікі жөн» деп айта алмай, содан барып Келдібек биге жүгініске келеді. Екі даукестің сөзін тыңдаған Келдібек те «ат сенікі» деп кесіп айта аламай, дағдарып отырып қалады. Өз сөздерін майын тамыза дәлелдепмотырған екі даугердің дәлелдеріне тұжырымды билік айта алмай дағдарып отырған әкесін байқап, жеті жастағы Қазыбек:

– Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, – дейді.

– Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айт, – дейді.

Сонда бала Қазыбек даугердің біріне:

– Сенің танымпаздық қырағылығың қандай? – деген сұрақ қояды. Оған мен атымды «тай күнінде жоғалттым» деген адам:

– Мен енесін көрсем, одан туған төлін, төлін көрсем, енесін жаза баспай танимын, – дейді. Сонда Қазыбек атты бәйгеге қосқан адамға:

– Қане, сіздің танығыштығыңыз қандай? – дейді.

– Мен енесін бір көрсем, ішіндегі құлынын туғаннан кейін бұлжытпай танимын, – дейді. Сонда Қазыбек тұрып… .

Сұрақтар:

*Көпшілік кімге барып жүгінуді жөн көреді?

*Қазыбек бала қандай шешім қабылдады?

*Шешімнің әділ екендігін қайдан байқауға болады?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І-топ – «Адалдық пен Әділдік» (эссе жазу, сөзжұмбақ);

ІІ-топ – «Асылдың бірі – адалдық» (сурет салу, өлең шығару);

Топпен ән айту.Оқушылар О.Әубәкіровтың сөзіне жазылған Ә.Бейсеуовтың «Аман болсын, адамдар» атты әнін орындайды

Үйге тапсырма.Сабақта меңгерген білім, біліктерін тиянақтап қорытындылау мақсатындаоқулықта берілген Қ.Толыбаевтың «Ақиқат» атты мәтінін оқып келу.

Кері байланыс. Стикерлерге өз ойын жазу арқылы кері байланыс орнату.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ожббм

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Беккалиева Альмира Бакытжановна

Тақырып:Іздегенде табылатын қасыңнан…

Құндылық:Ішкі тыныштық

Қасиеттер:Сыйластық,татулық, бауырмалдық,сабырлылық.

Сынып: 8

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға адамдар арасындағы «дос», «достық» ұғымдарын ұғындыру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-оқушыларға адамдар арасындағы татулық туралы түсіндіре отырып,сыйластық қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

-оқушылардың айнала қоршаған адамдарға ізгі ниетпен қарауға және сабырлылық қасиеттерін дамыту.

-оқушыларды сыйластыққа, татулыққа, бауырмалдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Тренинг «Күн мен түн»Айтқанымды жаса,істегенімді жасама.Қолды ашып, жұму.(топқа бөлу)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң, теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Тыныштық сәті.Нұрға бөлену. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына , шағалалардың шулына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңзбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз.Ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз.Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.Жан-жағыңызға қараңыз.Мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл үлкен сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бірнәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық.Осы тыныштық күйде болыңыз. (бірнеше секунд үнсіздік)

Ал, қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз.Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.Енді дельфин кері қарай жолға шықты.Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықта берілген «Екі дос» атты аңыз әңгімені тексеру.

Сұрақтар:

*Аңыз әңгіменің идеясы неде?

*Достардың бір-біріне дген адал ниеті мендостығын қалай бағалар едіңдер?

*Өз достарыңа көмек көрсетіп жүрсіңдер ме?

Дәйексөз.

Достық негізі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады. Циццерон

Сұрақтар:

Достық деген не? Оны қалай түсінесіңдер?

«Дос» сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?

Әңгімелеу. «Жақсылық пен Жамандық»(Ертегі)

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:

– Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті.

Жақсылық:

– Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сосын мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетемін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті.

Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті… .

Сұрақтар:

*Жақсылық пен Жамандық қалай кездесті?

*Ертегі ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, қандай құндылықтын мәнін ашады?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І-топ – «Дос жүрегі – шар айна» (эссе жазу);

ІІ-топ – «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам» ( сөзжұмбақ жасыру);

Жағдаяттарды талдау.

1.Сарман қанша әуреленсе де,есепті шығара алмай қойды.Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап,одан көшіріп алды.Алғашқыларын көшіріп,келесі есепке келгенде,Зейнептің қатесін байқап қалды.Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.

  1. Сыныптас қыздар мереке қарсаңында би кешіне баратын болды.Олар кешке киетін көйлектері жайлы жарыса айта бастады.Айша ған үнсіз қалды.Би кешіне асыға жеткен қыздар айна алдына жиналды.Бір-біріне қызыға қараған қыздар Айшаның жоқ екенін байқады…..

Топпен ән айту.Оқушылар Х.Закарияновтың сөзіне жазылған О.Көшеровтің «Достарым»атты әнін орындайды

Үйге тапсырма. Сабақта меңгерген білім, біліктерін тиянақтап қорытындылау мақсатында оқулықта берілген Ә.Ахметовтың «Дос жүрегі» атты өлеңін оқып келу.

Кері байланыс.»Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жұмыстарын бағалайды.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ожббм

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Беккалиева Альмира Бакытжановна

Тақырып:Татулық – бірлік бастауы.

Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер:Татулық, сыйластық ,бірлік

Сынып: 9

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға татулық, бірлік,ынтымақ туралы ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

-татулық , сыйластық, бірліктің адами қарым-қатынастағы мәнін ашу.

-адамдармен сыйластықты, жарастықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

-бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Алфавит бойынша топқа бөлу. Оқушылар 2 минуттың ішінде алфавит ретімен тұрып, 3 топқа бөлінеді.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң, теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына , шағалалардың шулына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңзбен құмды сезініңіз.Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз.Ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді.Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз.Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет.Жан-жағыңызға қараңыз.Мұнда кемпірқосақ тәрізді әрлі-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл үлкен сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бірнәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық.Осы тыныштық күйде болыңыз. (бірнеше секунд үнсіздік)

Ал, қазір жоғарыға, өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз.Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.Енді дельфин кері қарай жолға шықты.Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз.Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз.Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықта берілген «Құстар торға қалай түсті» атты аңызды тексеру.

Сұрақтар:

Аңыздан қандай ой түйдің?

Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?

Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді» Халық мақалы

Сұрақтар:

Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесің?

Адамдармен ренжіскен кезде қандай күйде боласың?

Өзге адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

Әңгімелеу. «Байлық, бақыт, ақыл» (Ертегі)

Автор:

– Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосады. Олар өзара өткен-кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тиетін пайдасы жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады.

Байлық (кеудесін қағып):

– Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние-мүлкі бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.

Автор:

– Сонада Бақыт былай дейді:

Бақыт: – Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.

Ақыл(сабырлы түрде):

– О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеумізде адам бласына қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтайын, екеуінде маған бағыныштысыңдар. Адам баласы мінезсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңіздер Даңышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.

Автор:

– Сөйтіп үшеуі Даңышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Даңышпан былай деді… .

Сұрақтар:

*Бақыт, Байлық, Ақылдың артықшылығы неде екен?

*Данышпан қандай ой түйіндеді?

*Ақылды болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І-топ – «Халықтар достығы» (эссе жазу, сурет салу);

ІІ-топ – «Күш – бірлікте» (ребус, сөзжұмбақ жасыру);

ІІІ-топ – «Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар» (пікір айту).

Топпен ән айту.Оқушылар Ә.Ысқақтың сөзіне жазылғанА.Махамбетованың «Бақытты болыңдар, адамдар!» атты әнін орындайды.

Үйге тапсырма.Сабақта меңгерген білім, біліктерін тиянақтап қорытындылау мақсатында оқулықта берілген А.Хамзаұлының «Бала жетектеген әйел» мәтінін оқып келу.

Кері байланыс. Смайликтер арқылы бағалау.

Батыс Қазақстан облысы

Казталов ауданы Талдықұдық ауылы

С.Есетов атындағы ожббм

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Беккалиева Альмира Бакытжановна

Реклама