Шығарма. 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі орта мектебі

Куатбеков Арнур. 4 cынып оқушысы

Жетекшісі: Джарбусинова Салима Зайнуллаевна

Қазақстан-егемен мемлекет. Қазіргі кезде дамып, өсіп келе жатыр. Еліміз қазіргі таңда дамушы елдердің қатарында, және дамыған елу елдің қатарына қосылдық. Өзіміздің тәуелсіз еліміздің ұлттық тілі, ата-заңы,елтаңбалары бар. 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 26 жыл толды.Тарихқа көз жіберетін болсақ, еліміздің құрылуы сонау қазақ хандығынан басталған болатын. Талай батырлардың қаны мен тері арқылы келген бұл тәуелсіздің біз үшін құнды.Тәуелсіздік — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.
Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.Осы тәуелсіз ел менің Отаным, Атамекенім,туылып өскен Жерім. Мен Қазақстанда туылып, өсіп келемін. Ата-анам, бауырларым бар және өзімщнің сүйікті елімде тұрып келемін. Мен ең бақытты ұрпақөпын және әрқашан елімді мақтан етемін. Қаншама қиындықтан соң еліміз үшін тәуелсіздік құнды да, сыйлы. Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» — деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», — дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Біздің еліміздің, халқымыздың салт-дәстүрі де өте жақсы таралған, жыл сайын түрлі мерекелер, ата-дәстүрлеріміз, той-томалақтар болады. Біз олардың арқасында еліміздің өзіндік рухани салт-дәстүрін, ұлттық бейнесін сақтап қаламыз. Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Еліміздің бүгінгі күнгі жетістіктері өте көп. Дамып келе жатқан еліміз күннен-күнге өсуде. Әлі де біздің еліміз өсіп дамиды.Қазақ елінің болашағы зор.Қазіргі кезде білім саласына көп көңіл аударылуы, дарынды балаларға арналған көптеген шаралардың жүргізілуі қуантарлық жағдай. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Мен өз елімді жақсы көремін.Бүгінде еліміздің мақсаты-болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Міне, ата-бабамыз қорғап,жан аямай алып берген жер ол –Қазақстан. Ата-бабамыз бұл кең-байтақ жерді келешек ұрпаққа, мұрагерлеріне аманат етіп тапсырған. Біз осы жерді бағалап, келесі ұрпаққа қалдыруға тиіспіз. Ата-баба рухын құрметтеп, ардақтауымыз қажет! Мен Қазақстанның азаматшасы ретінде өз еліме адал қызмет етуге, елімнің көркеюіне үлес қосатыныма сенемін. «Ер есімі-ел есінде», «Бабалар мұрасы-ұрпаққа өнеге» дегендей ата-бабамыз қалдырған жерді сақтап,батырларымызды мәңгі есте сақтау-біздің ең басты парымыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.