Жаңа сабақтар

Шығарма. Туған жерім

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі орта мектебі

Куатбекова Нурбакыт. 10 cынып оқушысы

Жетекшісі: Джарбусинова Салима Зайнуллаевна

Отансыз адам — қай жерде жүрсе де бейшара адам. Өзіңнің еліне, Отаныңа, жеріңе, ата-бабаңның төккен қаны мен теріне адал болуың керек. Қайда жүрсе де, не істесе де қазағын-елін ойлап, осыны көркейтсем, кіндік қаным тамған елім аман болып, оның дәрежесі жоғары болса, қай мемлекетке барсам да мені сыйлайды деген түсінікте болу керек.

Нұрсұлтан Назарбаев

Туған жер-әрбір адам үшін ыстық. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» кез-келген адам өз Туған жерінің айырылмас бөлігі. Отан-киелі мекен, қастерлі қоныс, кіндік қаның тамған жер.Отанымыздың әрбір тасы мен топырағы киелі. Туған жер-қасиетті өлке.

Әр адам оның өткенін, қазіргісін, болашағын айқын тануы керек.Және елдің, жердің өсіп, дамуы осы үшеуімен тікелей байланысты.Міне,сондықтан да бала кезінен адамда отанға деген сүйіспеншілік оянады. Әрбіріміз үшін Отан сүю туған жер, туған көше, туған қала, туған ауыл және кішігірім отанымыз отбасымыздан басталды.Адам өткенін білмей, болашаққа нық қадам баса алмайды. Біздің еліміздің тарихы сонау Керей хан мен Жәнібек хан құрған «Қазақ хандығынан» басталады. Тарихқа көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ еліне көп кесірін тигізген.Бұл күресте талай батырлар еліміз үшін күрескен. Билер, шешендер мен хандар елдің бірлігі үшін, ел тәуелсіздігі үшін талай бастарын қауіпке тігіп, қорғай білген. Және бірнеше жыл бұрын осы «Қазақ хандығының 550 жылдығын» салтанатты түрде атап өттік. Ал XIX-XX ғасырда империя меншігіне айналған жерімізді азат етеміз деп С.Датұлы, И.Тайманұлы, М.Өтемісұлы, А.Иманов сияқты батырларымыз халық көтерілісін басқарып, халықты бірлік пен татулыққа, тәуелсіз, азат болуға шақырды.Ал осы жылдары көтеріліс бастамаса да, халықты білім,ғылымға шақырғандар да аз емес. Олар: Шоқан, Абай, Ыбырай секілді қазақтың бір туар азаматтары болатын. Ә.Бөкейханұлы,М.Жұмабаев, М.Дулатұлы сияқты халық ұлдары ұлт санасын оятты, «елім» деп еңіреп, «халқым» деп қайысқан, адал да, қайырымды кісілер болды. Олардың әр қайсысы біз үшін бір төбе және үлгі болып табылады.Және еліміздің ресми түрде тәуелсіздік алуы үшін де күрескендер аз емес. Соның бірі біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Ол біздің еліміздің басшысы ғана емес, ұлт көшбасшысы. Оның біздің елімізге тигізген пайдасы өте зор, қазіргі таңда дамыған елу елдің қатарына қосылдық, бұл біз үшін үлкен жетістік.Біздің Қазақстан-көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достыққа, татулықта бірге әр ұлт өкілдерімен жұмыс жасай аламыз. Бұл да біздің егемендігіміздің белгісі.Бүгінгі таңда біздің қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жеріміз, өзіміздің мемлекетімізді айқындайтын рәміздеріміз, елдің танылуына себепкер тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз және дамып-өсіп келе жатқан жас Астанамыз бар.Бұның бәрі қазақ халқының байлығы мен қазынасы. «Тәуелсіз қазақ елі бар.Әлемде егемен Қазақстан бар.Оның көп ұлтты тату халқы бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы –бүгіннен нұрлы болашағы бар. Және сол күнге берік сенім бар» Еліміз өсіп-өркендеп, алдыңғы отыз елдің қатарына қосылу біздің ендігі мақсат,міндетіміз.Және біздің еліміздің осы күнге жетуі бабаларымыздың желеп-жебеуімен, Елбасының бастап-бағамдауымен, халықтық татулық-бірлігімен,қолдап-қуаттауымен келгенін ұмытпайық. Егер елім деп еміренген ұлы,жалындаған жастары, тілі мен ұлтын құрметтегін халқы болса, онда Қазақстан одан әрі дамып,мәңгілік ел қатарына қосылып, бүкіл дүниежүзін бойындататын жарқын болашақты ел болмақ. Осындай дамушы , азат, дербес Туған жерім барда мен ешқашан Отанға деген сүйіспеншілігімді жоғалтпаймын. Туған жерім барда мен кең тыныстаймын, өзімді тым еркін ұстай аламын. Міне осы шексіз бақыт қой, өз атамекенің, өз отаның, өз жерің бар және солармен бүкіл әлемге таныла аласың. «Отан — оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. «Туған жерім менің- Қазақстаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты.Олар біздің мақтаныштарымыз бен қайсар бетке ұстар ата-ағаларымыз, олардың жасаған әрбір ісі тариха алтын әріптермен қалады. «Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет» дегендей енді ғана өсіп келе жатқан Туған жерімізді біздей жастар ғана дамыта алады, сондықтан Отанды сүйіп, отансүйгіштікке бас бұрып, еліміздің әлемге танылуы үшін көп тер төгуіміз қажет.Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өз Отанымыз Қазақстанның көркеюі үшін алдымызға көп мақсат қойды. Және оны біз Туған жеріміз үшін бұлжытпай орындайтын боламыз.Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.Осындай тамаша жерде туып, өсіп жатқан біз бақытты ,әрі қаны да ,жаны да таза нағыз Қазақ елінің рухани бай және ұлттық санасы дамып келе жатқан жасампаз елміз. Туған жеріміздің ең маңызды белгісі ол біздің рухани сана-сезіміміз ұлттық дәстүрлеріміз, біз оларды мақтан тұтамыз.Осы шығармамды Елбасының мына сөзімен аяқтағым келеді: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін» және бұл сенімді ақтауға тырысатын жастар көп болғанын қалаймын және біз жастар өз еліміздің патриоты, адал ұрпағы боламыз.Мен өз елімді, тәуелсіз Туған жерімді шексіз сүйіп, қастерлеп өтемін.Оның әрбір жұмыр дүниесі мен үшін қасиетті де, қастерлі.

Реклама

Добавить комментарий