Жаңа сабақтар

Оқушы шығармашылығы

Алматы облысы, Іле ауданы № 19 жалпы білім беретін мектеп

4 «Г» сынып оқушысы Кулиев Болат

Жетекшісі: Бекмолдаева Марал Сериккалиевна

Менің елім –байтақ ел.

Менің елім Қазақстан. Астанасы –Астана қаласы. Бірінші астанасы –Орынбор қаласы, екінші астанасы-Қызылорда қаласы, үшінші астанасы-Алматы қаласы болған. Яғни Астана төртінші астанасы . Алматы қаласының бұрынғы атауы «Верный» болса, Астананың бұрынғы атауы «Ақ мола» болған. Қазақстанда тарихи қалалар мен тарихи жерлер өте көп. Маған оның бәрі қызық. Қазақстан қазба байлықтарына өте бай. Табиғаты сұлу, көз тартып, тынысыңды кеңейтетін жерлер өте көп. Биік-биік асқар тау , мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Біздің еліміздің байтақ даласындай дала ешкімде жоқ. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.

Алматы облысы, Іле ауданы №19 жалпы білім беретін мектеп

5 «Б» сынып оқушысы Жұмаділ Айбота

Жетекшісі: Бекмолдаева Марал Сериккалиевна

Егер мен сиқыршы болсам

Әрине бұл өмірде сиқыршы болу мүмкін емес. Бірақ мен кейде сиқыршы болуды армандаймын. Егер мен сиқыршы болсам мейірімді, кішіпейіл адамдардың санын көбейтер едім. Өмірдегі зұлымдық, қатыгездік пен әділетсіздікті атауымен жоятын едім. Қатерлі аурумен ауыратын адамдардың барлығын емдеп жазар едім. Жер бетіндегі адамдарға мүлде ауырмайтындай денсаулық сыйлар едім. Әрине сіңілімнің жүрегін енді ауырмайтындай емдер едім. Барлық адамдарға өздері армандағандай үй құрастырып берер едім. Отбасына , балаларын оқытуға ақшасы жететін жұмыс тауып берер едім. Бүкіл адамзаттың арманын орындар едім. Барлығының отбасына мәңгілік өшпес бақыт пен шаттықты, таутлықты, махаббатты сыйлар едім. Бірақ бақытты өмір сүру әр адамның өзінің қолында . Кейде адамның да қолынан келмейтін жағдайлар болады. Біз ол кезде тек қана Жаратушы Алладан ғана сыйынып көмек сұраймыз.

Реклама

Добавить комментарий