«Отбасы — бақыт мекені»

Шымкент облысы, Арыс қаласы №11 Б. Момышұлы жалпы орта мектебі
6 «в» сынып оқушысы — Нысан Бақдаулет
Жетекшісі: Нұрмаханбетова Маржан

Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. <<Отан — отбасынан басталады>>дегендей отанды сүю — отбасынан басталатыны рас! Себебі отбасы — бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. оның ержетіп өсуі,бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады,отбасының басты қызығы,алтын тіреу діңгегі — бала. Балаңың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі сөйлесіп, не болмаса ата — ананың , баланың міндетін атқару ғана емес,береке — бірлік ,сүйіспеншілікпен араласса , босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Бүгінгі бала — елдің ертеңгі болашағы.Келешегін ойлайтын санала ел ертеңгі күнін бүгіннен жаспарлап,бүгін-нен ойластырары хақ Сондықтан болса керек,дана халқымыз бала тәрбиесіне ешуақытта бей-жай қарамаған.

«Баланы жастан…», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер » деген нақыл сөздер осыны айғақтаса керек.

Бала тәрбиесі , ата-ананың өздерін — өздері тәрбиелеуден , өз — өздерін жақсы халге өзгертуден басталады. Бала тәрбиелеудегі басты алғы шарттардың бірі де осы .

Бұрынғыдан қалған нақыл сөзде «Адам баласы жақсы да, жаман да қасиеттермен туылады , ал бірақ өтірікті қоршаған ортадан алады «делінген. Балаларын сүйіспеншілікпен тәрбиелеу әр ата- ананың міндеті. Қоғам отбасынан құралады . Ал отбасы ата- анамен баладан тұрады . Осы отбасының шайқалмай берік тұруы ата -ана мен балаға қатысты . Ата -ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата -анадан қымбат ешкім жоқ, сондықтан,ата-ана баласына жақсы берерде ең алдымен, «ықылас — ниетін дұрыстау қажет. Ата-ананың перзент алдында мынадай міндеттері бар:

Бірінші: Ата-ана перзенттерінің арасын араламай әділ көңіл бөлуі қажет. Әсіресе, оларды жақсы көрген кезде барлығын бірдей жақсы көруі керек. Қай уақытта ата-ана ұл- қыздарын бірін-бірінен артық көріп жатады, тіпті біреуін сүйіп аймалап жатса, екіншісін жекіп ,ұрсып тұрады. Алайда, бұл дұрыс емес.

Қай уақытта,қандай жағдайда болмасын ата-ана балаларының арасын бөле- жармай не берсе де әділ болып, әрқайсысының көңілін қалдырмауы тиіс Әрине, балаларға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік әрдайым болуы керек.Бірақ, қайткен күнде де орта жолды ұстанған жөн Өйткені, Құран Кәрімде: «Мал-дүние мен бала-шаға дүние тіршілігінің ғана сәні …»делінген.

Екіншіден, балаларды көркем әдептерге баулу-оларға бұл дүние алтын-күміс. тағы басқа,сол сияқты түрлі дүниелік бұйымдарды сыйға тартудан әлдеқайда артық. Яғни, көркем әдептер мен мінез құлықтар олардың мәртебесін көтеріп бақытқа кеңелтеді. Сонымен қатар,ата-ана бір мәселе жайында әнгімелесетін болса балаларының көзінше әңгімелеспегені абзал.Әсіресе, бала алдында дөрекі сөйлеуден, біреуді балағаттаудан сақтанғаны жөн.»Балапан ұядан не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, ата-ана отбасында үлгілі,әдепті болуы тиіс.

Балалық шақ және жасөспірімдік кезең адам өміріндегі сенім, мінез-құлық, ахлақ сияқты басты ұстанымдарды қалыптастыратын мезгіл.Бұл мезгілде тәрбиенің бесігі-отбасы. Отбасының үлгі бола алуы-игі ұрпақты тәрбиелеп шығаруда басты рөл ата-анаға жүктеледі. Өйткені,өмірінің алғашқы кезеңінде нәресте қоршаған ортадан бұрын ең жақын жанашырлары-ата-анасына еркелейді,солардан үйренеді,еліктейді.Халқымызда «Әкеге қарап ұл өсер,анаға қарап қыз өсер»деген даналық сөздің түпкі байламы осы.

Жалпы,отбасы- тұлға шынығып шыңдалып,қалыптасатын орын.Міне,жанұя жағдайында баланың тұлғалық қасиеттері бірте-бірте қаланады.Содан кейін осы қаланған қасиеттер әдетте ешқандай өзгерістерге ұшырамайды да, мызғымас тұлғалық тұтастыққа айналады.

Қазіргі заманымызда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстарын айтып шағынады.Тіпті, осы тұрғыда психологтардан ақыл-кеңес сұрап та жатады. Алайда, көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі ата-аналардың өздерінен болып шығады.Өйткені ,сол ата-аналардың бұрыннан өздері түрлі қателіктерге ұрынған, психологиялық тежелістерге шалдыққан жандар болып шығады.

Өздерінің қате-кемшіліктерін түсінбеген сондай ата-аналар сәбилерінің неліктен өзгергеніне қатты таңданып жатады.

Қызығы,балаға рухани тәрбие берудің маңызды екендігін де кейде естен шығарып жататын жайымыз бар.Алайда,балалардың болашақта тікен немесе гүл болып өсуі,тәтті немесе ащы жеміс беруі себілген дәнге,яғниоған берілген тәрбиеге байланысты екендігін,әсте ұмытпағанымыз жөн.Сондай-ақ ,шалағай берілген тәрбиенің соңы ата-ананың өзін де,ұрпағын да өкінішке,бақытсыздыққа душар етуі әбден мүмкін.

Бүгінде қоғамдағы жастарымыздың арасындағы келеңсіз жайттардың орын алуы осының бір мысалы.»Көңіл жайдары» әрі ата-анаға берілген сый болып табылатын балалардың аманат екендігін естен шығармаған абзал.

Сондықтан,балалардың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар,рухани қажеттіліктерінің де өтелуіне баса назар аударуымыз қажет.Алайда,балаларымызды тәрбиелемес бұрын ата-ана мына ережені жақсы білуі керек:»Егер баламыздың кемшіліксіз болғанын қаласақ,өзіміз кемшіліксіз ата-ана болуымыз шарт.

Қазақ халқында «Баланы бастан…»деген даналы сөз бар. Бұл ретте баланың білімі маңызды екендігі негізге алынады.Өйткені,»Біздің заманымыз — өткен заманның баласы,келер заманның атасы»деген аталы сөзінен анықталады.Сондай-ақ,»Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналықтың астары да,тәрбие мен білімнің аясында қарастырылуы назарда болған.

Міне,мұндай даналы сөздердің барлығы келешек ұрпақтың қоғамнан алар орнын анықтағандай сипатқа ие.

Шындығын айту керек,бүгінгі қоғамда жастарымыз жан-жақты білім алуда, оған толық мүмкіншіліктер жасалуда.

Өскенде мүмкін ғалым болар,не жақсы мамандық иесі болар, бірақ өзіне, еліне,халқына пайдасы тиетін жақсы азамат болып өсуі еш күмән туғызбайды.

Расында,бүгінде екі адамның басы қосылса болғаны олардың айтары елдің экономикалық жағдайы мен байлықтың көзі сөз болады.Ал адамның рухани жан дүниесі жайлы сөз де қозғалмайды.Білімнің өзі сөз болған тұста, ақшаң болса болды, кез-келген нәрсе боладының кейпін келтіреді.Бұл білімнің инемен құдық қазғанындай емес,ақшаның соңынан кететіндей көрініс табуы.

Ия,мұндай ортада ата-ана баланың тек қана материалдық жағынан жақсаруын көздегендіктен баянсыз байлықтың соңына түсіп,негізгі нәрселердің барлығын мүлде ұмытып кете беруі мүмкін.Десе де,келешек ұрпағымыздың қоғамда өзіне лайықты орнын таба білуін ұғынсақ,онда баламыздың білім алуы қашанда маңызды екендігін ұмытпаған жөн.

Күнделікті шаруадан кешкісін үйге келгесін баласының үйде жүргенімен өзін жұбатып,таң атпай қайнаған тіршіліктің көкпарына қайта еніп, кешке тағы да сол күндегі жайды қайталау,балаға қажетті назар салудан аластатады.Айталық, құрылысшы әке тұрғызып жатқан үйінің әрбір қышына мән берсе,базардағы ана сатып отырған затынаналданып қалмай үйге табыспен оралуды көздейді.Ал ,баласының ойы онымен сырласу,кімдермен араласып жүргендігі,күнделікті сабағын оқыған-оқымағандығы,болашақ өмірге дайындығы мен арман-мақсаттары тыңдалмай ескеусізқала береді.Бала көшедегі көрген-білгендерін әке деп санаса,үйдегі теледидары мен жүгенсіз кеткен ғаламтордағы бұзақы көріністері анасы болуда.Яғни,көше-әке,теледидардағы неше түрлі ақпараттар- ана болып шыға келеді.Ата-анасынан тірідей айырылғандардың қатарына осындай жастарды жатқызуға болар еді.

Адамзаттың жаратылысы ана құрсағында қалыптасса,сол мезгілде оған тәрбие мен білімнің алғашқы қадамын дұрыс жолға қою-біздің міндетіміз.

Ата-ананың тәлім-тәрбиесі қандай болса,қоғамның да мінез- құлқы сондай болмақ.Өйткені,халық та, қоғам да,Отан да — ата-анадан,айналдырған екі адамнан құралады.Сондықтан,ең әуелі ,адамның өзі дұрыс болу керек.

Өзі кір адам біреуді қалайша тазалайды?Өзі қисық адам басқаны қандай құралмен түзетеді?Ата-ананың көңілі далада болса,баланың көзі қайда болады?

Сөзімізді түйіндей келгенде,»балам дейтін әке болмаса,әкем дейтін бала қайдан болсын!» Бала ішіндегі арман-тілектерінің барлығын бөгделермен бөлісіп,үйіне жат адам болып өсіп жетіледі.Ал, «балам аш қалмасын,

қатарынан кем болмасын» деп тіршіліктің күйбеңімен жүргенде, ата-ана байғұс ,күндердің күнінде бетіне бақшиып қарап,»ә» десе «мә» деп,тұратын яки,көше мен теледидардан көрген тәрбиесінің бәрін, өздерін елемеген ата-анасына көрсеткенде,өзінің емес өзгенің баласын көргенде,жағасын ұстап,зар жылайды.

Сол себепті,балаға білім беру тәрбиенің сыңары екендігін есте ұстанған абзал.Бүгінгі техниканың дамыған кезінде өз заманына сай білімді де,білікті баланы жетілдіру — тағы да ата-ананың борышы болмақ.Айталық,соңың бірі, әрі бірегейі хәкім Абайдың өлең жолдарындағы:»Баламды медресеге біл деп бердім…»,деп жырлағанынан

артық мысал болмаса керек-ті.Олай болса,бұл мәселені де жан-жақты қарастыру,өте маңызды.

Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндей келгенде,өскелең ұрпағымызды тәрбиелеп,оған заман талабына сай білім беру

кез-келген ата-ана алдындағы міндет.

Ой қорытындысы, «Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен қызы» деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейсін! Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай! Қазақтың әр отбасының керегесі кең, шаңырағы берік, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.