Бала тәрбиесі — бесіктен басталады

Шымкент облысы, Арыс қаласы № 11 Б. Момышұлы жалпы орта мектебі
5 «г» сынып оқушысы — Нысан Дильназ
Жетекшісі: Нурмаханбетова Маржан

Бала — өмірдің сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы — ұрпақ.

Қоғам отбасынан құралады. Ал отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Осы отбасының шайқалмай берік тұруы ата-ана мен балаға қатысты. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата-анадан қымбат ешкім жоқ.

Ата-ана мен баланың қарым-қатынасының жақсы деңгейде болуын басты назарда ұстау қажет. Екі жаққа да маңызды,яғни ата-ана мен бала арасында аса назар аударатын бірнеше жайттар бар. Әсіресе, ата-анаға түсетін міндет басым. «Ел болам десең , бесігіңді түзе», «Баланы жастан», «Атадан-өсиет, анадан-қасиет» дегендей, баланың өсіп,өркендеп қанат жаюы, инабатты, ибалы болуы ата-анаға тікелей байланысты.

Баланы жас кезінен бастап жақсы мен жаманды, әрбір іс- әрекетін дұрыс орындауға дағдыландыру қажет.

Сол үшін ата-ана перзентіне барлық әдептілікті үйретіп,әрі өздері де дұрыс үлгіде болуы тиіс. Ата-ана бір мәселе

жайында әңгімелесетін болса балаларының көзінше әңгімелеспегені абзал.Әсіресе,бала алдында дөрекі сөйлеуден,біреуге жаман сөз айтудан сақтанғаны жөн.»Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» демекші,

ата-ана отбасында үлгілі,әдепті болуы тиіс.

Әр ата-ана балаларының жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың жоғары білім алып, белгілі мамандық

иесі болуына, бойында адамгершілігі мол азамат ретінде жетілдіріп, тәрбиелі болып өскенін қалайды.

Ата-ана бізді мәпелеп ,өсіріп,ер жеткізіп,азамат болуымыз үшін қолынан келген барлық мүмкіншілігін жасап тәрбиеледі. Сондықтан,біз де ата-анамызға құрмет көрсетіп, үміттерін ақтауымыз керек.Жасы үлкен кісілерге, ұстаздарға, құрмет жасаудың шегі жоқ.

Ендеше,ертеңгі күні орныңды басушы,бақытыңның нысаны, игілік әкелетін перзенттер қалдыруды назардан

тыс қалдырмағанымыз абзал.

Қорыта айтқанда «Әкеден-ақыл, анадан- мейір» деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесіне

дер кезінде көңіл бөлуіміз қажет. Еліміздің білімді, адамгершілігі мол қамқоршыл ұрпақтарын тәрбиелейік.

Тәуелсіз еліміздің болашағы- жас ұрпақта. Туған жерін, ата-анасын, қазыналы қарттарымызды, өскен жерін,

ұстаздарын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.