Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

Айнақұлов Дәурен Жұмабайұлы

Алматы қаласы, Шетел тілдері педагогикалық

колледжінің тарих пәні оқытушысы.

Қазақстан тарихы. Ашық сабақ жоспары.

Мезгілі: 10 апта 07.11.2016 Курсы: 1 Тобы: 101-102 Бөлімі: Қазақ
Сабақтың тақырыбы: № 10. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға пәннің мақсаттары мен міндеттерін жеткізу. «Қазақстан тарихының» дәуірлері мен кезеңдерін түсіндіру. Қазақ хандығының қалыптасуы және нығаюы тарихын түсіндіру. Алдағы уақытта қолданатын оқулықтардың тізімдерін беру. Барлық оқушылармен бірдей жұмыс істеу.
Сабақтың міндеті: Сабақтың барысында оқушылармен бірдей жұмыс істей отырып, олардың білім деңгейін анықтап, әр оқушының тілін тауып, әдістеме жұмысын дұрыс жүргізе білу қажет. Дамытушылық дәне тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырып, оқушылардың жас мөлшерін ескеру керек. Жас мөлшеріне қарай тіл байлығын, үйлесімділігін қолдану. Әр оқушы сабақты қандай деңгейде түсінгендігін анықтау үшін бірнеше сұрақтар қою.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Адамгершілік тәрбиеге баулу.
Сабақтың дамытушылық мәні: Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын және ойлау қабілетін дамыту. Оларға қисынды сұрақтар қою.
Құзыреттілікті қалыптастыру міндеті Ақпараттық

Қазақхандығының қалыптасуы XV ғасырда айқындала бастады. Бұған себеп XV ғасырдың басында қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дамуындағы серпіліс хандық үкіметтердің ішіндегі саяси бытыраңқылықты күшейтті. Мұндай саяси дағдарыс ру-тайпалардың халықтық сана сезімін оятады, бірлігін күшейтеді.

Коммуникативтік

Оқушылардың саясатпен, патриотизммен, экономикамен, халықаралвқ құқықпен байланыстарын, білімдері мен біліктіліктерін арттыру. Пәнаралық байланыстарды күшейту.

Мәселені шешу

Қазақ халқы арасына өзбектердің кейбір рулары, батыстан ноғайлардың, оңтүстік-батыстан түрікмендердің кейбір руларының араласуы болды. Қазақ халқын жалайыр, дулат, суан, албан, шапырашты, ысты, қаңлы, үйсін, арғын, найман, керей, қоңырат, адай, әлімұлы, байұлы, жетіру және тағы басқалары құрайды.

Сабақта қолданылатын жұмыстың түрі Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын жұмыстың әдіс- тәсілдері Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын және ойлау қабілетін дамыту. Оларға қисынды сұрақтар қою.
АҚТ құралдарын қолдану өзектілігі Ол материалдар арқылы жаңа зерттеулер мен пікірлерді біліп, білімді толықтыруға болады.
АҚТ құралдарын қолданудың түрлері (жан- жақты, CD, интернет ресурстары) Арнайы тақырыптық суреттер. Негізінен интернет ресурстары болып табылады.
Қажетті аппараттық және бағдарламалық құралдар (жергілікті желі, интернетке шығу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар) Негізгі ақпараттық құралдар интернет суреттері мен мультимедиялар балып табылады.
Көрнекілік құралдар: Қазақстан Республикасының саяси және физикалық картасы.
Жаңа сабақтың барысы мен мазмұны: Студенттермен амандасу.

Кітап пен дәптерлерін алдыру.

101 топ студенттерін тізіммен тексеріп шығу.

Ұялы телефондарын қоржындарына салдыру.

Барлығына 1 минут.

Жаңа сабақты бастау:

10. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

Қазақ хандығының құрылуына себеп болған қазақ халқының, қазақ сұлтандарының саяси деңгейлерінің көтерілуі. Қуатты халық бола тұрып, құрама Әбілқайыр хандығын мойындағысы келмеді. Селдің қозғалуына сылтау болған Сығанақ түбіндегі өзбектер мен ойраттардың шайқасы. Әбілқайыр жеңілді.

Бұл уақытта Моғолстанның батыс шекарасы бос қалаған болатын. Олар бар күштерін ойраттарға қарсы солтүстік-шығысқа орналастырды. Моғолстан ханы Есенбұғы батыстан құрама Әбілқайыр хандығы мен Мәуереннахрдағы ағасы Жүніс үлкен саяси қауіп төндіргендіктен саяси пана сұрап келген Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу өзені бойынан Қозыбас деген жерге қоныстануға рұқсат берді. Бұл оқиға 1457-1458 жылдары болды. Қазақ сұлтандары 200 мың халықпен Шу мен Талас өзендерінің алқаптарына қоныстанады. Мұны біліп отырған Есенбұғы хан еш шара қолданбады. Себебі, қазақ халқы Моғолстанның батыс шекарасын жауып, оны толып қауіпсіздендірген екен. Бұл Есенбұғы үшін өте тиімді саясат еді.

Тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулат (XVI ғасыр) «Тарихи Рашиди» еңбегінде Қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылған деп көрсеткен. Шын мәнінде бұл шындыққа ұласпайды себебі, Қазақ хандығы Моғолстан ханы Есенбұғы тұсында құрылды деген. Ал Есенбұғы болса 1462 жылы қайтыс болған. Ал шын мәнінде қазақ хандығы туралы нақты деректер болмаса да, деректердің сараптамасына сүйеніп, Қазақ хандығы Сығанақ шайқасы өткеннен кейін 1456-1458 жылдары құрылған деп жорамалданады.

Керей (1456-1473 жж.) мен Жәнібек (1473-1480 жж.) хандар тұсында Талас пен Шу өзендерінің алқаптарына нық орнығып, Бұрындық Керейұлы хан (1480-1511 жж.) тұсында Сырдария алқаптары үшін өзбектер мен шайқастар жүріп, Мұхаммед Шайбанмен үлкен теке-тірес болды.

Нәтижесінде Қазақ хандығы Балқаш көлінен Арал теңізіне дейінгі аралықты, Сарыарқаның оңтүстігі мен Сырдарияның солтүстік жағаларын алды.

23 минут

Деректермен кітаптармен таныстыру. 4 минут.

Жаңа тақырыпқа пікір-талас жүргізу. 5 минут.

Қазақ хандығына қатысты бейнефильм көрсету 2-серия. 5 минут.

Жаңа тақырыпты тексеретін пысықтау сұрақтары. 2 минут.

Жаңа тақырыптық сөздік жазу 3 минут

Жаңа сабақтың тақырыптық сөздігі

Тематический словарь нового урока

Ағылшын тілінде Қазақ тілінде Орыс тілінде
Khanate хандық ханство
strengthening күшею укрепление
formation құрылу образование
founded қаланған (негізін қалаған) основанный
elect сайлау избирать
independent тәуелсіз независимый
nomadic people көшпелі халық кочевой народ
manuscript describes қолжазба суреттеуі бойынша рукопись описывает
expansion басқыншылық, ұлғаю экспансия, расширение
depart өтеу, шегіну отбывать, отходить

Көзі нашар көретін студенттерге What’app арқылы суретін жіберіп ұялы телефон қолдануға рұқсат беру.

Хандардың жылтізбелік тізімін жазу 3 минут

Қазақ хандарының шежіресі.

Хронология казахских ханов.

Chronology of the Kazakh khans.

Басқарған кезеңдері

Периоды правления

Periods of the reign

Ағылшынша Орысша Қазақша
1456-1473 Kerei khan Керейхан Керейхан
1473-1480 Janibek khan Жанибекхан Жәнібек хан
1480-1511 Buryndyk khan Бурындыкхан

(Бурундук)

Бұрындық хан
1511-1518

(1511-1521)

Kasym khan Касымхан Қасым хан
1518-1523 Mamash khan Мамашхан Мамаш хан
1523-1533 Tahir khan Тахирхан Таһир хан
1533-1534 Buidash khan Буйдашхан Бұйдаш хан
1534-1535 Khoja-Mahmud khan Кожа-Махмудхан Қожа-Махмұд хан
1535-1537 Togim khan Тогимхан Тоғым хан
1538-1580 Hakhnazar khan Хакназархан Хақназар хан
1580-1582 Shygai khan Шыгайхан

(Чигайхан)

Шығай хан
1582-1598 Tauekel khan Тауекелхан Тәуекел хан
1. 1598-1628

2. 1611-1627

Esim khan

Tursyn khan

Есимхан

Турсынхан

Есім хан

Тұрсын хан

1628-1652 Jangir khan Жангир

(Джангирхан)

Жәңгір хан
1652-1680 Batyr khan Батырхан Батыр хан
1680-1715 (1718) Tauke khan Таукехан Тәуке хан

Үй тапсыпмасын сұрау. 15 минут.

Дифференциациялық үй тапсырмасын сұрау. 10 минут.

Үй тапсырмасына байланысты бақылау жұмысы 3 минут

Үй тапсырмасын тексерудегі бақылау жұмысы

Контрольная работа для проверки домашнего задания

Test for checking homework

1.Адам морфологиясы The morphology of the human.
2.Андрон тайпаларының антропологиясы Антропология андроновских племен
3. Антропология тюркской эпохи Anthropology Turkicera
4.Қазақ халқының қалыптасуы The formation of the Kazakh nation
5.Халықтың өзіндік тілінің қалыптасуы Сформировавшийся язык

Дұрыс жауаптары

Правильные ответы

Rightanswers

1.Адам морфологиясы Морфология человека The morphology of the human.
2.Андрон тайпаларының антропологиясы Антропология андроновских племен Andron tribes anthropology
3.Түрік тарихының антропологиясы Антропология тюркской эпохи Anthropology Turkicera
4.Қазақ халқының қалыптасуы. Образование казахской народности The formation of the Kazakh nation
5.Халықтың өзіндік тілінің қалыптасуы Сформировавшийся язык Formed language

Жаңа тақырыпты интеллектуалды ойындар арқылы пысықтау. 10 минут.

Конверт ішіндегі картаны құрастыру ойыны. Жылдамдыққа. 2 минут.

Тарихи жаңылтпаш 1 минут

Қас сақ па, хас сақ па?

Қас қазақ па, хас қазақ па?

Қас сақ та, хас сақ та,

Қас қазақ та, хас қазақ та.

Тарихи жұмбақтар 1 минут

Ағып бұлақтай жырып кеткен,

Аққан жұлдыздай жылдам өскен.

(Қазақ хандығы)

Аға-іні болып сыйласты,

Хан тағын кезекпен алмасты.

Ұлдары бір арнаға түсе алмай,

Билік үшін талас жалғасты.

Қай хандар өзара жарасты?

(Керей мен Жәнібек хандар)

Қос алып заманы туды,

Дариядан бірін бірі қуды.

Бұл дария тым маңызды,

Соңына дейін кезек алысты.

(Қазақ ханы Бұрындық пен Өзбек ханы

Мұхаммед Шайбан арасындағы Сырдария

қалалары үшін жүрген шайқастары)

Он алтыншы ғасыр басы,

Ер атағы жаһан асты.

Бүкіл Азия діріл қақты,

Бұл хан талай елді алды!

(Қасым хан)

Карточкалар беру. 1 минут

Үй тапсыпмасын жаздырып, студенттерді бағалау. 2 минут.

Жаңа сабақты тексеретін қосымша сұрақтар: 1. Қазақ хандығының құрылу себептері? 2. Тарихи Рашиди кімнің еңбегі?

3. Қазақ хандығының алғашқы аумағын түсіндіріңіз? 4. Алғашқы қазақ ханы кім?

5. Екінші қазақ ханы кім?

Берілген үй тапсырмасы: (Тәжірибелік жұмыс) Қазақстан тарихы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). 10-сынып оқулығы. Алматы, 2014, 31-33 тақырып. Орташа оқитындарға: 31- тақырып. Жақсы оқитындарға: 32-33 тақырыптар. Үздіктерге:31-33 тақырыптар.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған қосымша сұрақтар: 1. Қазақ халқы қалай қалыптасты?

2. Қазақ сөзінің мәнін түсіндіріңіз?

3. Ру деген не?

4. Тайпа деген не?

5. Жеті ата деген не?

Оқушыларды бағалау:
Берілетін үй тапсырмасы: Қазақстан тарихы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). 10-сынып оқулығы. Алматы, 2014, 34-тақырып.

Дифференциациялық үй тапсырмасы:Орташаларға арналған: Қазақ хандығының құрылу процесі.

Екпінділерге арналған: Бұрындық хан тұсындағы қазақ хандығы.

Үздіктерге арналған: М. Х. Дулатидің еңбегі «Тарихи Рашидиді» талдау.

Рефераттар бөліп беру.

Пән оқытушысы: Айнақұлов Дәурен Жұмабайұлы
Реклама