101-сабақ.Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі

Сабақ: сауат ашу Мектеп: Жаңаөзен қаласы № 21 мектеп
Сабақтың тақырыбы: 101-сабақ.Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Дуйсенбаева Айнур Сагынбаевна
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 2 Оқылым

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату

1.2.9.1.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
.Жаңа білімді меңгереді, дыбыстың әріптік таңбасын салады.

. Диалогке қатысады;жұптасып,топтасып жұмыс жасай алады.

. Әріп пен дыбысты ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып,кері байланыс жасай алады.

Тақырыпты түсініп,тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:
Ойын жүйелі жеткізе алады.
Бағалау критерийлері Ө дыбысы мен әрпін ажыратып,әріпті дыбыспен сәйкестендіре алады.

Сөзге дыбыстық талдау жасай алады.

Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады

Заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады.

Сөздерге сұрақ қоя алады

Құндылықтарға баулу Өзара түсіністік,сыйластық, ынтымақтастық құндылықтарын дарыту.
Пәнаралық байланыс Дүниетану пәнімен байланысады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

Сөздерді оқи алады,буынға бөледі,дыбысты әріппен таңбалай алады, сөздерге дыбыстық талдау жасайды,сөйлем құрайды.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Өрмекші, өлі және тірі табиғат,орман, тау,ай, күн,көл

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Қазақ тілі

Талқылауға арналған сұрақтар:
-Табиғат дегеніміз не?

-Тірі табиғат пен өлі табиғат арасында қандай байланыс бар?

-Ө қандай дыбыс?
-Ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

-Ө дыбысы кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

Не себепті…..деп ойлайсыз?
Не себепті өлі табиғатқа жатады деп ойлайсың?

Не себепті тірі табиғатқа жатады деп ойлайсың?

Не себепті ө дыбысы дауысты дыбыс деп ойлайсыз?

Алдыңғы оқу Оқушылар әртүрлі мақсатта жазылған мәтіндерден негізгі ойды анықтап, өз іс-әрекетіне рефлекция жасай алады.
Жоспарланған

уақыт

есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері ресурстар
Басы 6 минут 1. Психологиялық ахуал. (МК.Ұ)

Табиғатты аялайық

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында,

Жадырап жас балаша дем алайық!

2. Үй жұмысын пысықтау. Айтылым

(МК.Ұ) «Сөз ойла, тез ойла» әдісі

Кері байланыс.

1. ң қандай дыбыс? Ол сөздің қай жерлерінде кездеседі?

2. ң дыбысы бар сөздерді буынға бөліңдер

3. ң дыбысы бар сөзге сөйлем құра

3. Жаңа сабаққа дайындық:

Диалог . Айтылым (МК.Ұ)

«Өрмекші торы» әдісі

-Табиғат дегеніміз не?(ортақ тақырыппен байланыс)

Жіп
Ортасы

26 минут

1 тапсырма(ауызша)

А)1.Өрмекші сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

2.Ө дыбысы қай буында келген?

3.Ө дыбысы туралы не білесіңдер?

4.Ө дыбысынан келетін қандай сөздерді білесіңдер?

Ә)Диалог.Айтылым

(Дыбыстық талдау) ӨР МЕК ШІ

О мен ө дыбыстарын салыстыру.

-Ө дыбысы сөздің басында, ортасында және бірінші буынында келеді екен.Ол жеке бір буынды құрай алады. (мысалдар келтіру)

Ө-дауысты, жіңішке дыбыс.

Айтылым. Кері байланыс

Ө дыбысы туралы не айтылған?

2 тапсырма.(ауызша)

(МК;Ө;Қ)Оқулықпен жұмыс

Тыңдалым, оқылым

№1 оқу тапсырмасы. Оқулықтағы Мерей мен Әлидің сұхбаты

Күн, ай, дала, көл, тау, орман, шөл.

(Сөздерге сұрақ қою, буынға бөлу, талдау жүргізу, ө дыбысы бар сөздерді табу,табиғатпен байланысын анықтау,т.б)

3 тапсырма(жазбаша) (МК;Ө;Қ) Дәптермен жұмыс

Жазылым :

1.Лентадан Ө әрпін жасау

2.Ө әрпінің жазылуы(ауада жазу)

3.Дәптердегі ө әрпін жазу

Айтылым. Кері байланыс

-Ө дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

-Ө дыбысын қалай таңбалаймыз?

-Жазу жолына қалай жазамыз?

4 тапсырма(ауызша) (МК;Ұ) Ой сергек!

«Ой мен ойын» әдісі

Көл сөзі шығады.Сөйлем.Мәтін.

5 тапсырма (Т)

1. Оқылым

Суреттерден ө дыбысы кездесетін сөздерді табу

2. Оқылым,жазылым

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою және оқу

3. Оқылым, айтылым

Берілген сөздерді оқу және дыбыстық талдау жасау

Айтылым. Кері байланыс

-Қандай тапсырмалар орындадыңдар?

Электронды оқулық

Лента

Жазу үлгісі

Қағаздан жасалған қима әріптер

Ара,төрт,көл,көкек,гүл

Тапсырма жазылған парақшалар

Аяғы 3 минут (МК;Ұ;Қ) Рефлексия

1.Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар бүгінгі сабақта қандай жұмыс түрлерін жасағандарын және нені меңгергенін айтады.

2.«Бас бармақ» әдісі

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау.

Микрофон

Бас бармақ

Сабақ бойынша рефлексия

Даму

Сабақты түрлендіріп, уақытты тиімді пайдалана отырып мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Оқушылар диалогке қатысып,топтасып жұмыс жасай алады. Қойылған сұрақтың жауабын тауып, ой қорытып,кері байланыс жасай біледі.Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Айтылым,оқылым,жазылым,тыңдалым дағдыларын негізге ала отырып , сабақ барысындағы «Сөз ойла, тез ойла», «Өрмекші торы», « Спиральді оқыту», «Ойлан, топтас»,

«Еркін микрофон» , «Бас бармақ» әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін қадағалаймын.

Сабақ мақсатына байланысты дескриптор құрастырамын.

1.Ө дыбысы мен әрпін ажыратып,әріпті дыбыспен сәйкестендіре алады

2.Мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап бере алады

3.Заттың атын білдіретін сөздерді ажыратады.

4.Сөздерге сұрақ қоя алады

5.Сөздерге дыбыстық талдау жасай алады.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.