Жаңа сабақтар

Ән айту дағдылары. 2/4 өлшемі

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Оқушылар Үйі «Жеке ән» үйірмесінің жетекшісі

Қарымсақова Нағима Көптілеуқызы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық сауатын ашу,ой өрісін дамыту.

Білімділігі: Әндерді нотамен сольфеджио оқуға үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін дамыту, музыкалық сауатын тереңдету, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ой өрісін кеңейту.

Тәрбиелілігі: Музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену арқылы тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу әдісі: Баяндау, ой түйіндеу, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнектілігі: Нота сауаты көрнекілік плакаттар, көшпелі экранда дайындалған слайд, ән кітаптары, таспалар.

Сабақтың өтілу мақсаты: Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
  2. Өткен сабақтарға қайталау, үй тапсырмасын сұрау;
  3. Үй тапсырмасына қорытынды, дауыс жаттығуларын жасату;
  4. «Қазақстан» әнін жатқа орындау;
  5. Жаңа сабаққа зейіндерін аудару;

Ән айту дағдылары. (а, о, и, у, е дауысты дыбыстардың дұрыс орындалуы) 2/4 өлшемі.

Ән айту дағдылары төрт мақсатта орындалады.

  1. Ән айту барысында дауысты тәрбиелеудін әр түрлі аралас түрлері пайдаланылады,

Біреуінде ішпен, екіншісінде кеуде клеткасамен, ал үшіншісінде төменгі қабырға ұлғаяды. Қазіргі ән айту тәжірбиесінде ішпен демалудың кең түрі тараған. Ән айту дағдыларын меңгеру барысында 3 ережені түсіні керек.

1-ереже демді тез және елеусіз алу керек (иықты көтермей)

2-ереже ішке алған демді музыкалық бір сөйлем біткенше жеткізе білу.

3-ереже дем шығаруды біртіндеп және біртегіс шығару (жағылған жарыққа үрлеген тәрізді)

Дем алу ән айту комплексінің бір бөлігі.

Дауысты дыбыстардың вокалдық жұмысы барысында көбірек қолданылатын «а» дыбысы болып табылады. Бұл дыбысты айту кезінде жақ төмен түсіріліп, ауыз қуысы кең ашылады, жұтқыншақ қысаң боп тұрады.

«О» дауысты дыбысы «а» дыбысының қасиеттерін меңгереді, ал бірақ тембрі бойынша күңгірттеу болады.

«И» дауысты дыбысы бір жағынан жоғары позицияны табуға мүмкіндік беретін дыбысталуы өткір дыбыс. Барлық дауысты дыбыстардың ішіндегі «у» дыбысы терең немесе айғайламай шығаратын дыбыстардың бірі.

  1. Мақсаты. Дауыссыз дыбыстар ұяң және қатаң болып бөлінеді. Ұяң дауыссыздарды айту барысында дауыс шымылдығы қосылады. Ол дыбыстар б, в, г, д, з, л, м, р. Ал қатаң дауыссыздар да дауыс шымылдығының көмегінсіз жасалады. Ол дыбыстар к, п, е, т, ф, х, ц, я, ш, щ.

Ұяң дауыссыздар арасында вокалдық дыбысталу элементтерін құрайтын мұрын жолды үнді дыбыстары (сонорные) деп те бөлінеді. Оларға л, м, н, р, ң дыбыстары жатады. Ән айтуда бұл дыбыстардың да маңызды рөлі бар.

  1. Мақсаты. Дауыстылардың ширақтылығын тәрбиелеу.

Дауыстардың ширақтылығы анық дикцияның және байланыстыра айта білудің бұрын меңгерген дағдылары негізінде алынады. Дикция дегеніміз-сөйлегенде , өлең, тақпақ айтқанда сөздің және буынның ашық, айқын айтылуы. Мұндай дағдылар болмаса динамикалық және шапшаңдық нюанстарымен берілген шығармаларды орындау дыбыстық және дикциялық жағынан сапасыз болады. Дауыстың икемділігі немесе жылдамдығы өте кең ұғым.

  1. Мақсаты. Көп дауыстылықты айтудың қарапайым дағдыларын меңгерту. Көп дауыстылықты әдемі айту негізі болып, дауысты дыбысқа құрылған әнді дұрыс айту негізінде жасалатын интонациялық таза унисон (унисон – бір дауысқа айтылатын дыбыс үндестігі).

2/4 өлшемі

1 и 2 и

2/4 өлшемі нота кілтімен қатар нота сызығына жазылады, бұл әннің өлшемі 2 ге тең екенін көрсетеді. Мысалы, “Біздің ән”

Сергіту сәті

Адасқан әріптер

Н Б А Р Б Д З И
О Ж Е Қ Я Т І Г
Т Ф М П Е Ы Ш Л
А К Ь Р Д И О Н

Сабақты қорытындылау:

Сұрақ-жауаптар арқылы

  1. Әнші болу үшін ең алдымен не керек?
  2. Ән айту дағдылары неше мақсатта орындалады?
  3. 1-2 ші мақсаты қандай?
  4. 3-4 ші мақсаты қандай?
  5. Үш ережені ата?
  6. 2/4 өлшемін жасап көрсету?

Үйге тапсырма:

Ән айту дағдыларының мақсаттары мен ережелерін жатқа айту.

2/4 өлшемінде жаттығулар жасау.

Реклама

Добавить комментарий