Ұлттық ою-өрнектерді қолдана отырып, ағашты ою

Қызылорда облысы Арал қаласы

№ 220 орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі

Абдибаев Мурат

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектерді қолдана отырып, ағашты ою.

Мақсаты:

Білімділік мақсаты: ағаш бетіне ұлттық ою-өрнектерді оюдың алғашқы дағдысын қалыптастыру, әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылырдың ою-өрнектер туралыбілімдерін және қол-өнер шеберліктерін дамыту.Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.

Көрнекілігі және керекті құралдар: ұлттық ою- өрнектер түрлері, ағаш дайындамалары, үшкір пышық, өлшеу және сызу құралдары, өрнек салынған тақтайшалар, түрлі бұйымдар, үлгілер. т.б.

Сабақ барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу,көрнекіліктерді

және құрал жабдықтарды тексеру. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

II.Өткен сабақты қайталау.

Оқушыларға өткен сабақтағы білімді еске түсіру үшін сұрақтар:

  1. Қазақ шеберлері қандай ағаш бұйымдарын көркемдеп жасаған ?
  2. Ою-өрнек сөзі қандай мағынаны білдіреді?

  3. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?

Оқушылардың жауаптарын «бас бармақ» әдісімен бағалау

III.Теория бөлімі:Ағаш шеберлері ағаштың ерекшеліктерін, әр ағашқа тән қасиеттерін жақсы білуі шарт. Ағаштың: қаттылығы, салмағы, тығыздығы, иілгіштігі, түсі т.б. Ою дегеніміз — бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп жасауды айтады.

Жұмырлап оюда ағаштан тұтас шабылатын келі, келсап, аяқ табақ, ожау сияқты бұйымдарды жасауды айтады.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.Ағаш бетіне ою-өрнек түсіру, ағаш материалының бетіне өрнекті арнаулы пышақпен орындайды. Мұндай жағдайда қажетті ережелерді бұлжытпай орындамасаң, қолыңды жарақаттап алуың мүмкін. Өйткені ою көбінесе қолдың күшімен ойылады. Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа жақындатуға болмайды. Әдетте жүзі мұқалған құрал тайғыш келеді.

Өйткені құрал жүзі тақтай бетіне қажетті тереңдікке түспесе, өрнек анық шықпайды. Артық күш салып жіберсең, пышақ көтеріліп немесе өрнек ізінен тайып, шығып кетеді. Кез келген бұйымның өрнектерін оймас бұрын оны міндетті түрде тазалап алу керек. Бұйым талаптарға сай тазалағаннан кейін оған ойылатын өрнектер пішініне, құрылымына байланысты жоспарланады. Бұл талап алдын ала орындалмаса, яғни өрнектерді кесіп болғаннан кейін тазаласа, оның жиектерін, деңгейін бүлдіріп алуың мүмкін. Бұйымдардың бөліктеріне өрнектерді жоспарлау үшін алдымен оның үлгісін жасап аламыз. Үлгі екі түрде жасалады: біріншісі — өрнектерді қағазға бейнелеп алып, арнаулы бастырма қара қағаз арқылы бұйымға көшіреді; екіншісі – бөлек қағазға өрнектердің бөліктерін симметрия тәртібімен түсіріп, қайшымен қиып алады да бұйымның тиісті орнына жиек бойымен түсіреді.

IV. Сарамандық жұмыс. Шағын ағаш тақтайша бетіне ұлттық оюларды орындау.

Жұмыс тәртібі: 1. Қауіпсіздік ережелерін ескерту

  1. Ағашты таңдау, өлшеу, кесу, бетін тазалау.
  • Ағаш бетіне өрнектің үлгісін түсіру.

  • Өрнектерге қосымша сызықтар түсіру.

  • Өрнектерді пышақпен ою.

  • Өрнек бетін тазалау.

  • Жұмыс орнын тазалау.

  • V. Сабақты сұрақтар қоя отырып бекіту.

    1. Ұлттық өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер ?
  • Ағашты ою жұмыстарының қандай түрлері бар ?

  • Ағашты оюға қандай құралдар қолданылады ?

  • VI.Сабақты қорытындылау.Оқушылардың жасаған жұмыстарын салыстыра отырып, қателерін түзеп, нәтижесін ескерту. Бағалау.

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.