Үй құрастыру

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көктал ауылы

«Ақерке» балабақшасының тәрбиешісі Махашева Балнура Ергалиевна

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Үй құрастыру

Мақсаты: Адамдардың баспаналары туралы балаларға мәлімет беру. Құрастыру әдістерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, өздігінен іс-әрекет жасай білуге үйрету.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету,ойын, тақпақтар, ғажайып сәт.

Көрнекіліктер: үйлердің суреттері, кейіпкер, қағаздан жасалған үйдің бөлшектері.

Қостілдік компанент: үй-дом, киіз үй-юрта.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалармен амандасу.

Шаттық шеңбері:

Кәне, кәне тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа қадайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

Балалар амандасты
Ұйымдасытрушы ізденіс Сұрақ-жауап

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қанша ай бар?

-Күз мезгілінің айларын білесіңдер ме?

Жарайсыңдар балалар!

Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Үй құрастыру»

Суретпен жұмыс

Тәрбиеші әр-түрлі үйлердің суретімен таныстыра отырып, ішінен киіз үйді табуын сұрайды.

-Киіз үй екенін қалай білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар! (киіз үй туралы қызқаша ақпарат беріледі)

-Балалар сендер тағы қандай үйлер туралы білесіңдер?

-Қалай ойлайсыңдар осы үйлерді соғатын кімдер?

-Осы жерде мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Жұмбақ

Атынай сай балалар,

Үш бұрыш, үш жағы бар.

Ол пішінді кім табар?

Төрт бұрышы бар,

Төрт қабырғасы бар.

Бұл қай пішін?

Кірпіштен сарай, үй салды

Ол адам кім болды?

Үйді кімдер салады?

Ғажайып сәт

Топқа түлкі жүгіріп келіп жылайды.

Тәрбиеші:

-Әй, түлкіжан, саған не болды?

Түлкі:

— Ой, балалар, бүгін менің үйімді қасқыр бұзып тастады. Менің әдемі мынадай үйім бар еді (суреттін көрсетеді). Енді әдемі үйімнен тек қана мына бөлшектері ғана қалды, оларды құрастырмақшы болып едім түк шықпады, не істерімді білмеймін барлық қулығымды жасадым. Сендер маған көмектесіңдерші өтінемін.

-Балалар, біз түлгіге көмектесеміз бе?

-Олай болса біз дамыту орталығында түлкіге үй құрастырып берейік,-деп балаларды дамыту орталығына шақырады.

Үлгімен жұмыс

Тәрбиеші балаларға үйдің құрылымымен таныстырып өтеді және тақтаға құрастырып көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қолда темір, қалағым,

Саздан сарай саламыз.

Астанадан аумайтын,

Әсем қала саламыз.

-Балалар, үйімізді құрастырып бітсек оларды тақтаға ілейік, осы үйлердің ішінен түлкі өзіне ұнағанын таңдап алсын.

Түлкі:

-Ой, балалар мына үйлер менің үйімнен де әдемі болып шығыпты, маған қатты ұнады.

Бірақ, мен бір ғана үйді таңдап алуым керек, — деп, топтан шығып кетеді.

Ойын: «Өз үйіңді аш»

Шарты: Бос пішіндердің орнына пішідерді орналастыру.

Күз

3 ай

Қыркүек, қазан, қараша

Үйді

Өйткені ол киізден жасалған

Жер үй, көпқабатты т.б.

Адамдар

Үшбұрыш

Төртбұрыш

Құрылысшы

Иә

Балалар тәрбиешінің көмегімен үй құрастыруға кірісіп кетеді.

Іс-кимылдар арқылы өлең жолдарын қайталайды.

Балалар құрастырған үйлерін тақтаға іледі.

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Жетекші жөндеуші Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балалар оқу іс-әрекетінен жақсы әсер алды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Үйдің құрылымын.

Игереді:

Үйдін суретін.

Меңгереді:

Пішіндерді меңгереді.

Реклама