Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел ес ебі

Секция: ЭТНОМӘДЕНИЕТТАНУ

Орындаған: Құрманғали Мадина Жұмабекқызы

Сыныбы: 9 сынып

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті

Оқушылар үйі” МКҚК

Жетекші: “Оқушылар үйі” МКҚК педагог-психологы

Матай Сарқыт Құрманғалиқызы

Аннотация

Тақырыбы: “Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі”

Зерттеу өзектілігі: Қазақ халқының көне күнтізбесінің ерекшелігін зерттей отырып, мүшел жастың философиялық мәнін ашып көрсету

Зерттеу нысаны: Мүшел жас есебі

Зерттеу пәні: Қызықты психология

Зерттеу мақсаты: Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін жан — жақты зерттеу арқылы қазақ дүниетанымын терең психологиялық және философиялық тұрғыдан зерттеу, талдау жасау, түйінді ой жинақтау арқылы ұсыныстар беру.

Зерттеу міндеті: қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін зерттеп, адам тіршілігінің философиялық маңыздылығы мен мағынасын түсіндіру.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Мүшел жастың адам үшін маңыздылығы және мүшел жаста жасалатын әдет – ғұрыптардың сақталуы.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

  • Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау;
  • Зерттеулер жүргізу;
  • Ұсыныстар беру;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебіне ан – жақты сипаттама берілді;
  • Мүшел жаста жүргізілетін әдет – ғұрыптардың сақталуы

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау арқылы қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебіне жан –жақты зерттеу және ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

Мазмұны

  1. Кіріспе
    1. Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі……………1 бет
  2. Негізгі бөлім:

2.2 Мүшел есебінің ерекшелігі……………………………………….2 бет

2.3 Алғашқы мүшел – адам өмірінің үлкен бір белесі……………..3 бет

2.4 Мүшел жаста сақталынатын әдет – ғұрыптар………………….4 бет

3. Қорытынды……………………………………………………………5 бет

4. Ұсыныстар…………………………………………………………….5 бет

Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………….6 бет

Пікір ……………………………………………………………………..7 бет

I Кіріспе

1.1Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі

Зерттеу өзектілігі: Қазақ халқы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұшан – теңіз мағлұмат алған. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса жинақталған тәжірибесін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсінік – ұғымдарымен білім жиған. Соның нәтижесінде көшпенді халықтың тұрмыс – тіршілігіне, өмір сүру салтына орасан пайдасы бар байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасқан. Күн, ай, тоқсан, жыл санау есебі мен жұлдыздар қозғалысын білу арқылы жайлауға көшу, күзеу мен қыстауға уақытымен келу, қой қырқу, күйек алу, мал төлдету, шөп шабу, соғым сою, т.б. шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырған.

Солсекілдіұлан – байтақкеңдалада, таулы аймақтарда көшіп – қону, мал бағу, жолаушы жүру, жоқ қарау, аң аулау, қараңғы түнде жұлдызға қарап бағыт – бағдар белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуды қазақтар жете білген. Қазақтың көне күнтізбесінің бірегей көрінісі – мүшел есебі. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Осы орайда қазақ хлқының уақыт есебі арқылы адамның тіршілік әрекетінің психологиялық өзгерісін философиялық тұрғыдан толық зерттеу мақсатында зерттеу жұмысымның тақырыбын “Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі” тақырыбында алуыма негіз болды.

Зерттеу нысаны: Мүшел жас есебі

Зерттеу пәні: Қызықты психология

Зерттеу мақсаты: Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін жан — жақты зерттеу арқылы қазақ дүниетанымын терең психологиялық және философиялық тұрғыдан зерттеу, талдау жасау, түйінді ой жинақтау арқылы ұсыныстар беру. Зерттеу міндеті: қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін зерттеп, адам тіршілігінің философиялық маңыздылығы мен мағынасын түсіндіру.

Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Мүшел жастың адам үшін маңыздылығы және мүшел жаста жасалатын әдет – ғұрыптардың сақталуы.

Зерттеу жұмысының әдістемесі:

  • Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау;
  • Зерттеулер жүргізу;
  • Ұсыныстар беру;

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

  • Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебіне ан – жақты сипаттама берілді;
  • Мүшел жаста жүргізілетін әдет – ғұрыптардың сақталуы

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

Ғылыми – әдебиеттерге шолу жасау арқылы қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебіне жан –жақты зерттеу және ерекшеліктерін көрсету жұмыстың теориялық мәні болып табылады.

-2 –

II Негізгі бөлім

2.2 Мүшел есебінің ерекшелігі

Қазақ күнтізбесі дегенді қалай түсініп жүрміз, дәрігерлердің “өтпелі кезең” деп атайтын кезеңін біздің халқымыз ежелден білген бе, мүшел жастың ерекшелігі жайлы не білеміз? деген сияқты сансыз сауалдарға жауап іздеу мақсатында зерттеулерге зер салсақ қазақ халқы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұщан – теңіз мағлұмат алған. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Әрбір жылдың хайуан атымен атайтынын кез келген қазақ біледі. Қазақ халқы өз ұрпағына әр жылға түрліше сипаттама беру арқылы жануар психологиясы мен жылдың сәйкестігін дөп басып айта білген: “Тышқан жылы – тыныштық; Сиыр жылы – сыйлық; Барыс жылы – бірлік; Қоян жылы – қамбалы; Ұлу жылы – үлгілі; Жылан жылы – жайлы; Жылқы жылы – жұтсыз; Қой жылы – құтты; Мешін жылы – мерейлі;Тауық жылы – табысты; Ит жылы – игілік; Доңыз жылы – дүниелі” — деп әрқайсысының мағынасын ашып түсіндірді. Тұла бойы құт – береке молшылыққа, бейбіт тыныштыққа бағышталған жыл атауларын жақсылыққа теңестірген. Жылдың жаманы жоқ екен. Оны жақсы ететін де, бүлдіретін де адамдардың ниет – пиғылы мен іс – әрекеті екенін түсіндік. Ары қарай түйе бойына сеніп тұрғанда тышқан алтын нұр – жылды бірінші көріп, жыл басы дәрежесіне ие болғаны жайлы жалпы ел білетін аңыз бар. Бойына сенген түйе жыл иесі болудан құр қалады деген аңыздың осылай аяқталуын қазақтың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы атамыз немересіне былыйша түсіндіреді екен.

Түйе – қасиетті жануар. Түйе жылдың басы болмағанымен, он екі жылды бойына сыйғызып тұр. Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар. Құлағы – тышқан, бақайы – сиыр, тірсегі – барыс, еріні – қоян, төбесі (қарақұсы) – жылқы, тісі – қой, жүні – мешін, мойыны – тауық, шөккені – ұлу, қабағы – жылан, табаны – ит, құйрығы — доңыз”,- дегенде түйенің сыртқы жаратылыс пошымын көз алдымызға келтіріп, қайран қалдырары қақ. Даналық ойлардың философиялық мәні жыл мезгіліне адам ниет – тілегінің психологиялық әсерін байырға көне күнтізбеде көрсетілген.

-3-

3.1АЛҒАШҚЫ МҮШЕЛ — АДАМ ӨМІРІНІҢ ҮЛКЕН БІР БЕЛЕСІ.

Қазақтың байырғы күнтізбесіндегі ерте заманнан келе жатқан мүшел жылы есебінің қазақ өмірінде мәні зор. Мүшелмен жас санау, жыл қайыру халық даналығынан шыққан ұтымды да ыңғайлы әдіс болғанын бұл күнде маман ғалымдар бұлтарусыз мойындап отыр. Бұрыңғы қариялар есебіне тоқталсақ, өз жасын “Бес мүшелден үш жас астым” немесе “Жеті мүшелге жеттік қой…” деп есептеген. Мүшел жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурызда ауысады. Наурыздан бұрын немесе кейін туғанына қарай жаңа туған баланың жылын белгілеген екен. Қазақ бірінші мүшелді он үш деп алып, ары қарай он екі жылдан қосып, келесі мүшелді шығара береді. Бұның себебі: баланың іште жатқан мерзімінің есебі, өйткені ана құрсағында шарана өмір сүріп жетіліп, жарық дүниеге келеді. Мүшел — адам өмірінің үлкен бір белесі, яғни балалықпен қоштасып, бойы ғана емес, сана – сезімі, ақыл – ойы да өзгеріп, ересек өмір – тіршілікке қадам басуының бір баспалдағы. “Он үште – отау иесі ” дегенді халқымыз мүшелмен байланыстырып айтқан. Ата – әжелер балаға: “Қарағым, мүшелге толдың, оң – солыңды танитын санатқа іліктің, сенімен санасатын, ой бөлісетін кезең келді. Енді ат жалын тартып мініп, тізгін ұстайтын азаматтығың мен өзіңнен кейінгіні жетелеп демейтін ағалық жолың басталды”, — деп он үштегі бозбалаға міндет – парыз жүктеп, сенім артады екен. Бұл, мән – мағынасы терең аталы сөз, үлкен тәрбие жолы. Әдетте дәрігерлер мен психолог мамандардың “өтпелі жас”(перходной возраст) , “қауіпті жас” (опасный возраст) дейтіндері баланың он екіге толып, ары қарай мүшелге кіретін, он үшке толып ары қарай мүшелден шығатын мерзіміне тура келеді екен. Бұл жаста жеткіншектердің көпшілігі өзінікін мақұл көретін – өзімшіл, әр нәрсеге еліктегіш, жақсы мен жаманның, адал мен арамның аражігін ажыратпай, тентектігін – ерлікке, ерсілігін өжеттікке балап, олай да, бұлай да шайқалатын ұрымтал тұсы екенін өмір көрсетіп жүр. Қазір өрімдей балалардың есірткіге әуестенуі, ұрлыққа бейімделуі, қаңғыбастыққа салынуы секілді індеттердің көбейіп кеткені жасырын емес. Әрине, кез келген ата-ана баласының қисық жолға түскенін қаламайды. Әйтсе де, ата-бабалар: “мүшел жасы”, мамандар “өтпелі жас”, “қауіпті жас” деп атаған кезеңде балаға ата-ананың сақтықпен қадағалайтын қырағылығы, ақылмен тәрбие сіңіретін парасаты, мейірім мен сенімге құрылған қарым – қатынасы болса, талай қателіктерден аман өтері анық.

-4-

3.2 Мүшел жаста сақталатын әдет – ғұрыптар

Қазақ ұғымында кез келген мүшел жас қатерлі болып саналады. Бұл негізсіз жай сөз емес. Қазір ғалымдар әрбір он екі жылда адам ағзасында елеулі өзгерістердің болатынын дәлелдеп отыр. “Ғылым енді ашқан жаңалықты бәленбай ғасыр бұрын бабаларымыз қалай білген, қандай түйсікпен сезінген” деп таңғаласыз. Мүшел жастың біз сырын әлі жете білмейтін құпиясы бар. Пендеілікпен байқамаймыз, ойланбаймыз, тылсымға сене бермейміз. Өйткені көп жылдар бойы құдайсыз қоғамды бастан өткіздік, яғни осындай жалған сөзге сеніп келдік. Байыптап барлап қарасаңыз, мүшел жаста өлім – жетім, апат, қырсық – кедергілер жиі кездеседі. Сол үшін бұрыңғылар мүшел жаста құдайы беріп, дастархан жайған.

Обалды түсініп, сауап жасауға тырысқан. Кісі ақысын жемей, арамға қол созбай, өтірік – өсектен аулақ болуды парыз санаған. “Құдайы” дегенді талай адамдар тек Құран оқып, бет сипаумен байланыстырады. Шындап келгенде, бұл – әрбір адамның, ең алдымен, өз ар- ұятының алдында өзіне есеп беруі. Біліп істеген, білмей істеген күнәлары үшін Алладан кешірім өтініп, тәубеге келуі әрі азға да, көпке де қанағатты болып, шүкіршілік етуі деп түсінген жөн. Мұндайда кейбіреулер “мүшелде киім беру керек” деп өзінің кимейтін керексіздерін өзгеге беріп жатады. Мен көрген үлкендер өзінің ең жақсы көретін киімін беруші еді. Кейбір адамдар “әйтеуір қайыр – садақа берсем, мүшелден кедергісіз өтемін” деп ағат ойлайды. Егер адамның ішкі жан дүниесі тазармаса, күншілдік, менмендік, мақтаншақтық, жалқаулық сияқты жаман әдеттерінен құтылмаса, басынан кесек алтын айналдырып садақа берсе де, көкірегі көр күйі қала береді. Өз басым осыны естен шығармаған жөн дер едім. Қазақтың әдет – ғұрпында өзінің жақсы көретін адамына ең қымбат өзіне ыстық киімін кигізу қажет. Бұл ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Мүшел жаста психологиялық тұрғыдан зерттеген адамның алға серпілуі, рухани өзгеруін байқаймыз. Сондықтан жаны тазаның тәні таза болатындығын мүшел жас құпиясы арқылы да пайымдамауымызға болады.

-5-

III Қорытынды

Қазақ халқы табиғат құбылыстарының, атап айтсақ, күн мен түннің алмасуын, айдың жаңалануын, жыл мезгілдерінің қайталанып отыруын аспан әлемін жіті бақылай жүріп, ұшан-теңіз мағлұмат алған. Ұрпақтан – ұрпаққа жалғаса жинақталған тәжірибесін қорытып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсінік – ұғымдарымен білім жиған. Соның нәтижесінде көшпенді халықтың тұрмыс – тіршілігіне, өмір сүру салтанатына орасан пайдасы бар байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасақан. Күн, ай, тоқсан, жыл санау есебі мен жұлдыздар қозғалысын білу арқылы жайлауға көшу, күзеу мен қыстауға уақытымен келу, қой қырқу, күйек алу, мал төлдету, шөп шабу, соғым сою, т.б. шаруашылық мезгілдерін белгілеп отырған.

Солсекілдіұлан – байтақкеңдалада, таулы аймақтарда көшіп – қону, мал бағу, жолаушы жүру, жоқ қарау, аң аулау, қараңғы түнде жұлдызға қарап бағыт – бағдар белгілеп, өткел, суат, қоныс, құдықтарды дәл табуды қазақтар жете білген. Қазақтың көне күнтізбесінің бірегей көрінісі – мүшел есебі. Халқымыз уақыт есебін мүшел жылы бойынша жүргізген. Осы орайда қазақ хлқының уақыт есебі арқылы адамның тіршілік әрекетінің психологиялық өзгерісін философиялық тұрғыдан толық зерттеу мақсатында зерттеу жұмысымды сараптай келе мынадай ұсыныстар ұсынамын.

  1. Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі туралы толық жан – жақты зерттеулер жүргізілсе.
  2. Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебіне байланысты халық даналықтары жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.
  3. Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін психологиялық тұрғыдан толық зерттелсе.
  4. Әрбір отбасында мүшел жасты болатын әдет – ғұрыптар ескеріліп отырса.

-6-

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.А. Адаев. Р.Н.Нұрғалиев. Шаңырақ энциклопедиясы.
  2. Энциклопедия. Алматы “Арыс” баспасы, 2004жыл

-712 бет.ЫСБН 9965 – 17-134-3

  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
  2. Энциклопедия Алматы ДПС, 2011 ж

— ЫСБН 978-601-7026-17-2

-7-

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті МКҚК

Оқушылар үйі”

9 сынып оқушысы Құрманғали Мадинаның

Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі”

тақырыбында дайындалған зерттеу жұмысына

П І К І Р

Бұл ғылыми жұмыс «Болашаққабағдар: руханижаңғыру»ЕлбасыныңхалыққаЖолдауы аясында қазақ халқының салт – дәстүрін мәдениетін рухани байлығын насихаттау мақсатында Мәдени мұра бағдарлама аясында орындалған Қазіргі таңда салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптардың қайта жаңғырту мақсатында қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі толық зерттеулер жүргізген. Осы орайда оқушы қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебін философиялық және психологиялық тұрғыдан зерттеу бағытында жасалған ғылыми зерттеу жұмысын

  • 2.2 Мүшелесебініңерекшелігі
  • 2.3 Алғашқы мүшел – адам өмірінің үлкен бір белесі
  • 2.4 Мүшел жаста сақталатын әдет – ғұрыптар

тақырыптары бойынша зерттей отырып, оңтайлы өз ұсыныстарын жасайды. Осындай зерттеулер өзіндік ерекшеліктері мен оқушы деңгейінде біршама жақсы жүргізілген.

Қорыта айтқанда “Қазақтың көне күнтізбесінің көрінісі – мүшел есебі” тақырыбында жазылған ғылыми жұмыс талапқа сай іздемпаздықпен жазылған құнды еңбек деп бағалауға болады.

Жетекші: МАТАЙ САРҚЫТ Құрманғалиқызы

МКҚК “Оқушылар үйі” педагог — психологі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.