Жаңа сабақтар

Телефонмен сөйлеу әдебі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-бөлім.

«Мәдениет: Тіл және қарым — қатынас»

Күні: 02.02. 2017ж Мұғалімнің аты-жөні:

ЖАНТАСОВА ЭЛЬМИРА РАМАЗАНОВНА

Сынып: 5 Қатысқандар: 20 Қатыспағандар:0
Сабақтың тақырыбы Телефонмен сөйлеу әдебі.
Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5. О 6. Оқылым стратегияларын қолдану, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

5. Ж 1. Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау, бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтінде берілген ақпаратты қолдана алады, нақты ақпараттарды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады.

Бағалау критерийлері
  • Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.
  • Оқылым стратегияларын қолданады.
  • Нақты ақпараттарды табады
  • Қарапайым жоспар құрады
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:

Мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ғаламтор, I Phone 7, Samsung Galaxy, Facebook,WhatsApp, әлеуметтік желі, SMS, MMS, электронды пошта.

Талқылауға арналған сұрақтар:

– Телефонмен қалай сөйлесу керек ?

– Телефонмен сөйлесу әдебі дегенімізне?

– Не себепті телефонмен сөйлесу әдебін білу керек деп ойлайсыз?

Пәнаралық байланыс Өзін — өзі тану, технология, информатика.
Тақырып бойынша алдыңғы білім
  • Оқушылар сөйлеу мәдениетін біледі.
  • Мәтіннен нақты ақпаратты таба алады.

Сабақ барысы:

Сабақтыңжоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы: Ширату жаттығуы. «Ойымды жалғастыр» (Балалар бір-бірінің айтқан сөздерін жалғастыра отырып, диалог құрайды )

Тақырыпты болжату.

  • Олай болса бүгін сабақта біз не туралы пікірлесеміз?

Топқа бөлу.

Оқушыларға телефон маркаларның суреттері арқылы топқа бөлу.

  1. I Phone
  2. Smart phone
  3. Plan- table

Оқу мақсаты және бағалау критерийі хабарланады.

Телефонның суреттері
Сабақтың ортасы:

Дескриптор:

Сабақтың соңы:

  1. Жұптық жұмыс.

1.Телефон маркаларының өзіндік ерекшелігі қандай?

  1. Топпен жұмыс.
  2. «Ми шабуылы» тәсілі арқылы балалардың телефонмен қалай сөйлесу керек екендігі жайлы өз пікірімен бөліседі.
  3. Мәтін беріледі, мәтінді оқиды. «Түртіп алу + » әдісі бойынша талқылау жүреді.

Кесте

v — білемін.
+ — жаңалық
0 келіспеймін
? — жаңалық білгім келеді?

Телефон туралы

Мен қалта телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын. Менің қалта телефонымның фотоаппараты және бейнекамерасы бар. Әдемі сәттерді суретке түсіремін, бейнекамераға жазамын. Телефонмен СМС, ММС жіберемін. Кейде ғаламторға кіремін. Ғаламтордан электронды поштамды тексеремін.

Телефон арқылы достарымды кез келген жерден тауып аламын. Қоғамдық орындарда телефонмен мәдениетті сөйлесемін. Қалта телефонын ұзақ пайдалану уақытыңды алады, шаршатады. Уақытыңның қалай өткенін байқамай қаласың.

1.Мәтіннің мазмұнын түсінеді.

2.Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтай алады

3.Термин сөздерге түсінік бере алады.

ҚБ «Ұтып ал» әдісі.

2- тапсырма. Сыныппен жұмыс.

  1. Мәтін бойынша абзацтарды анықтау.
  2. Абзацтар бойынша бөлімдерге бөлу.
  3. Жоспар құру.

I Кіріспе.

  1. Телефонның қажеттілігі.

II Негізгі бөлім.

  1. Телефондағы негізгі функцияларды білу.
  2. Телефоннан қосымшаларды жүйелеу.

III Телефонның пайдасы мен зияны.

Осыдан енді қарапайым жоспар құру.

1. Телефон туралы түсінік.

2. Телефонмен сөйлесу мәдениеті.

3.Қоғамдық орындарда телефонды қолдану.

ҚБ «Бес саусақ» әдісі.

3- тапсырма. Жұптық жұмыс.

  1. Мәтін мазмұны бойынша «Дұрыс + Бұрыс — » немесе «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі.
Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1.Мен қалта телефонды сабақ

уақытында сөндіріп қоймаймын.

2.Қалта телефонымен ғаламторға кіре алмаймын.
3. Телефон арқылы кез келген жерден тауып аламын.
4. Қалта телефонын ұзақ пайдалануға болмайды.

ҚБ Смайликтермен бағалау.

4 –тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Т» кестесін толтыру.

Телефонның пайдасы Телефонның

зияны

Топтастыру.

Жинақталған мәліметтен 4 маңызды ақпаратты анықтап, топтастырады.

Амандасу сыпайы сөздер

Маңызды ақпарат

Дөрекі сөздерді айтпау дауыс көтермеу.

ҚБ Бірін – бірі бағалау.

Саралау жұмысы.

Қолдау қажет ететін оқушыға тапсырма бойынша әдептілікке және әдепсіздікке байланысты сөйлемдерді беру, өзі ажыратып жазады.Сөйлемдер тізбегін ұсыну арқылы «Төрт сөйлем» әдісімен тұжырымдаймын.

Мәтін
Рефлексия Кері байланыс.

«Шығу билеті» әдісі.

Сіз бүгін не үйрендіңіз?
Сіз тағы не білгіңіз келеді?

Ал балалар сендер не істер едіңдер?

Арманның істеген ісі дұрыс па?

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы жұмыс жүргізеді.

«Төрт сөйлем» тәсілі

1.Пікір.

Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.

2.Дәлел.

Өз пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіз.

3.Мысал.

Пікіріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

4.Қорытынды.

Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз.

Дескриптор:

1. Мәтінді түсініп оқиды.

  1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажыратады.

Саралау: «Төрт сөйлем» кестесінің үлгісі беріледі.

Қ/Б. «Қошемет» /Оқушылардың таным белсенділігін бағамдайды/.

Реклама

Добавить комментарий