Тақырыбы: Жабайы аңдар

Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Көктал» ауылы

Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Ақерке» балабақшасы мемлекеттік

коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Тәрбиеші: Айбасова Гульмира Муратовна

Білім беру саласы: Қыс қысығы»

Бөлімі: Көркем әдебиет. ҚМТҚ. Сурет салу

Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты:Ормандағы жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту. Аңдардың орманда

қалай тіршлік ететіні туралы түсіндіру. Олардың суықтан қалай қорғанатынын немен қоректенетінін түсіндіру. Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту.Қызықты сезімдерін дамыту.Оларды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.

Көрнекілігі: суреттер, орман көрінісі, ойыншық аңдар.

Қостілділік: аңдар-звери, аю-медведь, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц,кірпі-ежик.

Қызмет түрлері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Алақанды ашайық.

Күннің көзін жасайық,

Жүрекке жылу жинайық.

Жиналған жылуды

Бір-бірімізге сыйлайық!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Балалар шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастыру

шылық ізденістік

.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз айларын атайықшы.

Балалар сендер орманға барғыларың келе ме?

Мен сендерге жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың шешуін тапсаңдар мен сендерді орманға апарамын.

1.Далада жүр шапқылап, керемет бір саққұлақ.

2.Орманда тұрады, өзі бір қу.

Жүрген жері аққай да шу.

3.Дегендей ешкім тимесін, алыпты қадап түймесін.

4.Жазда қыдырады, қыста тынығады.

Жарайсыңдар балалар!

Олай болса көздеріңді жұмыңдар!

1,2,3,4,5 бізбен бірге лес.

Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Балалар біз қайда келдік?

Олай болса бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы:

Жабайы аңдар деп аталады.

Қараңдаршы балалар мына күзгі орман онда жабайы аңдар отыр екен.

Мынау қоян.Қоян туралы кім тақпақ біледі.

Жәния:

1.Ақ қоян ау, ақ қоян,

Үркек қоян сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

Қорқағым деп ат қоям.

Мансұр:

2.Орманда бар бір түлкі,

алдаймын дейді әркімді

Алдап көрші меі,

алданбаймын тегі.

3.Тауға шықсаң қалың қар,

Сайға түссең қалың қар.

Байқаңдар қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Жарайсыңдар балалар!

Билингвальды компонент:

аңдар-звери, аю-медведь, қасқыр-волк, түлкі-лиса, қоян-заяц,кірпі-ежик.

Балалар қысқа біздер ғана емес, аңдар да дайындалады.

Қанекей, әр қайсысына тоқталайық.

Балалар, аңдарды неге жабайы аңдар деп атайды?

Балалар, аю жаз, күз айлары тамаққа тойып алып, қыс бойы ұйқыға кетеді. аюдың баласын не деп атайды?

Оның үйшігі-апан екен.

Тиін өзіне тамақ дайындайды, жаңғақ, саңырауқұлақ жинайды.

Қасқырдың түсі сұр болады, баласын бөлтірік дейді, ол өзіне қыс бойы азық іздейді.

Түлкі өзі сондай қу, оның үйшігін, оның баласын-мыршай деп атаймыз.Оның түсі қызыл, ол қояндарды жеуді ұнатады.

Қоян жазда сұр тон, қыста ақ тон киеді. Өйткені ол аңдардан солай қорғанады.Ол өте қорқақ. Оның баласын көжек деп атайды. Оларсәбізді ұнатады.

Кірпі – жаздай жеміс жидектер жеп, қыстай інге кіріп ұйықтайды.Оның үстінде инелер бар.Оның түсі қара екен. Балалар біз осы аңдарды қоғауымыз керек. олар біздің орманымыздың байлығы. Ал үй жануарларын не жатады?

Ал енді ойын ойнайық.

Ойынның аты: «Орнын тап» деп аталады.

Шарты: жабайы аңдарды және үй жануарларды араластырып, балаларға орнын табуын тапсырады.

Енді тағы бір ойын ойнайық.

Тақырыбы: «Көңілді құрастыру»

Шарты: геометриялық пішіндермен желімсіз қоянды құрастыру.

Ал енді демалайық.

Сергіту сәті:

Қасқыр ағаш жарады,

Түлкі кілем қағады.

Елік тамақ пісіріп,

Қоян нанды жабады.

Кірпі көйлек тоқиды

Тиін сабақ оқиды

Ал балалар, біздің шаршағанымыз басылып, бойымыз сергіп қалды.

ал енді тобымызға ораламыз.

Қанекей көздеріңді жұмыңдар.

1,2,3,4,5 ораламыз тез. Тамаша балалар!

ал енді балалар дамыту орталығына барайық.

Ол жақта біз жабайы аңдарды,бояймыз.

алдымен жұмыстарды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін қайталайық.

1. Қаламды аузымыз6а салмаймыз.

2.Қасымыздағы балаға қаламды шошайтпаймыз.

3.Қаламды сындырмаймыз.

Ал ендеше іске сәт.

Күз мезгілі

Үш ай бар

Қыркүйек,қазан,

қараша.

Ия

Балалар келіседі.

Қоян

Түлкі

Кірпі

Аю

Көздерін жұмады.

Ашады

Орманға

Таңқала қарайды

Тақпақ айтады.

Қайталайды.

Өйткені олар орманда жүреді.

Қонжық

Бөлтірік

Мыршай

Көжек

Қар.

Өйткені

Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, мысық,ит
Балалар ойын ойнайды.

Балаларқағаздан геометриялық пішіндерден қоян құрастырады.

Балалар қауіпсіздік ережені қайталайды.

Жұмыстарына кіріседі.

Рефлекциялы-түзетушілік Кері байланыс.

Балалар, бізбүгін қайдасаяхат жасадық?

Орманнан не көрдік? Қандай аңдармен таныстық.

Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?

Балалардың бояған аңдарының суреттерін тамашалап, оларды мақтап, мадақтау.

Орманға

Жабайы аңдарды

Түлкі, қасқыр,аю, қоян, тиін т.б

Балалар мақтанышпен жұмыстарын көрсетті.

Күтілетін нәтиже:
Білуі қажет:
Жабайы аңдардың орманда мекендейтін, немен қоректенетінін білді.

Не істей алды: Орман және жабайы аңдар туралы мағлұмат алды.

Не білді: ойындарды дұрыс орындай алды.

Реклама