Жаңа сабақтар

Сәкен Сейфуллин « Туған ел»

Атырау облысы Атырау қаласы

Тіл мүкістігі бар балаларға

арналған №3 облыстық

арнайы мектеп-интернатының

бастауыш сынып мұғалімі

Токкожиева Лаззат Мурсалимовна

Әдебиеттік оқу

Cабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин « Туған ел»

Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллин өмірінен мәлімет беру. Туған ел өлеңін

Оқыту барысында тақырыбы мен идеясын ашу. Өлеңнің

мазмұнын түсіндіру.

Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау, көру,

сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушыларды отанын жерін, елін сүюге байлығын қорғауға, елін

халқын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: С. Сейфуллин портреті, табиғат бейнесі,видео, слайд.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқу құралдарын түгендеу.

ә) көзге жаттығу жасату

II. Психологиялық дайындық.

  • Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
  • Күн арқылы
  • Күн болмаса жер беті қандай болады?
  • Қараңғы, салқын болады.
  • Дұрыс.

Олай, болса күн әрдайым жарқырап тұрсын деп күн анаға тілегімізді айтайық.

Тілек: Көк аспанда күн күлсін

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Енді, күнге ризашылығымызды білдіре отырып, сабағымызды бастайық.

III. Өткен материалмен жұмыс:

Үйге қандай тапсырма берілді?

  • «Туған тілім» өленің жаттап келу.
  • «Туған өлеңінің авторы кім?

  • Дихан Әбілов

  • дұрыс

  • Біз қай тілде сөйлейміз?

  • Қазақ тілінде

-Сонда Дихан Әбіловтің туған тіл деп отырғаны қай тіл екен?

  • Қазақ тілі

Жарайсыңдар.

Үй тапсырмасын қорыту:

Туған жерін елін жырламайтын ақын жоқ. Тек өз сезімін әркім әртүрлі

жеткізеді.

Мысалы: Суретшілердің тілі – бояу

Музыканттардың тілі – музыка

Ақын жазушылардың тілі – сөз

IV. Жаңа материалмен жұмыс:

сұрақ-жауап

  • Біз қай ұлтпыз?
  • Қазақ

  • Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы

  • Отан дегеніміз не?

  • Туған жеріміз,ата-анамыз,бауырларымыз

  • -Дұрыс

    Сөздік жұмыс: Отан — сөзін 3 тілде айту

    Отан- Родина — Homeland

    Сонымен Отан деген – ата мекен

    Отан деген туған жер

    Отан – ана

    Отан үлкен Қазақстан –Туған ел -деп

    Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңімен танысамыз.

    Видео запис: Сәкен Сейфуллиннің өмірімен және шығармаларымен қысқаша — таныстыру

    Сонымен, балалар С. Сейфуллин қандай адам екен?

    Сәкен Сейфуллинге қысқаша сипаттама беру.

    V. Оқулықпен жұмыс:

    а) Мұғалім өзі оқып таныстырады.

    ә) Қысқаша мазмұнынан мағлұмат беру

    б) 2-3 оқушыға дауыстап оқыту

    в) Сұрақтарға жауап алу

    -Ақын туған даласын кімге теңейді?

    -Анаға

    • дұрыс

    VI.Сергіту сәті: Мен қазақпын әніне жаттығу

    VII. Қызығушылығын ояту.

    Суретпен жұмыс.

    Табиғат адам үшін жаралыпты,

    Бар қызық табиғатпен таралыпты.

    Табиғат пен адамзат егіз жүрер

    Табиғат асыраушы адамзатты дегендей –

    табиғат жер ана, туған жер,

    атамекен сөздерімен қатар тұрады.

    Сұрақ-жауап: -Табиғат дегеніміз не?

    -Ауа, су

    -табиғат байлығы не?

    -өсімдік

    -Орманның сәні не?

    -құстар

    -табиғаттың сұлу мүсіні не

    • хайуанаттар

    Дұрыс.

    Оқулықтағы сурет бойынша көріп тұрғандарын айтқызу

    Табиғат – екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат.

    Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, құстар, адамдар жатады. Себебі олар өседі демалады, көбейеді.

    Өлі табиғатқа – тас, су, құм, ауа жатады. Себебі олар өспейді, көбеймейді, демалмайды, жаны жоқ.

    Бір сөзбен айтқанда табиғат – адам, өсімдік, жануарлар үндестігі

    VIII. Дәптермен жұмыс:

    • Күннің жадын, тақырып жазу
    • Отан сөзін 3 тілде жазу
    • Табиғат- жер Ана, туған ата мекен

    IХ.Сабақтың қорытындысы:

    -Бүгін балалар , біз қандай тақырыппен таныстық?

    -Туған ел

    -«Туған ел» кім жазған?

    • Сәкен Сейфуллин.

    -Сәкен Сейфуллин деген кім?

    -Ақын, жазушы, аудармашы

    Х. Топтастыру. Туған елді неге теңейміз?

    ХI.Бағалау:Кері байланыс:

    Реклама

    Добавить комментарий