Рухани жаңғыру — қоғамдық сананы жаңғырту

ҚЫЗЫЛҒҰЛ Арухан Қызылғұлқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

аудандық Оқушылар Үйінің әдістемелік бөлім меңгерушісі

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғырудың басым идеялары оқушылар арасында Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттауға негізделген. Жалпыадамзаттық, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткер жеке тұлғаны тәрбиелеуде қосымша білім беру ұйымдарында да игілікті істер атқарылуда.

Жас ұрпаққа көптеген жылдар бойы мектептен тыс бос уақытта қосымша білім беру жолында еңбек етіп келе жатқан білім мекемелердің бірі – Қазалы аудандық оқушылар Үйі.

Аудандық оқушылар Үйінде әрбір баланың интеллектуалды дамуына, оның қызығушылығы мен әуестенушілігіне, дарындылығын көрсетуге, шығармашылық қабілетіне, кәсіби бағдар алуға және бос уақытында өнердің барлық салаларын үйренуге жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген.

Оқушылар Үйінде 2017-2018 оқу жылында 25 үйірме жұмыс жүргізіп, оларға 25 мұғалім жетекшілік етеді. Жалпы Оқушылар Үйінде 30 педагог қызмет атқарады. Оның ішінде жоғары білімді — 25, арнаулы орта білімді — 5 маман. Ұстаздардың 1 жоғары санатты, 8 -і бірінші санатты, 13 -і екінші санатты ұстаздар. Үйірме жұмыстары қосымша білім беру, көркемөнер, техникалық бағыттар бойынша жүргізіледі.

Оқушылар Үйі білім сапасын арттыру, тәрбиенің отаншылдық, патриотизм, парасаттылық мазмұнын байыту, оқу ісін компьютерлендіру, әрбір оқушының білім алу үшін қажетті дағдыларын қалыптастыру тәрізді жаңашыл игі бастамаларды іске асыра отырып, нәтижелі оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруды мақсат етеді.

Елбасы Жолдауында жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады:

Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымды білдіреді.

«Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгіледі:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты деп атап көрсетілген. Сондықтан, әрбір қазақстандық, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға баса назар аударылды.
  2. Прагматизм; өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, Білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық беру керектігі туралы айтылады.

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың жоғары болуы жәнеұлттық мәдениет сақтау жолындағы атқарылар шаралардың маңыздылығына тоқталады.

  4. Білімнің салтанат құруы;Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігін атап өтті.

  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі деп атап көрсетті.

  1. Сананың ашықтығы. Көп тілді меңгеру, «Қанша тіл білсең, сонша адамсың» деп айтқандай, тілмен қатар сандық қазақстанды қалыптастыру, дамыға технологияны меңгеру, мәдени қарым-қатынас орнату еліміздің қазір және болашақта тұғырлы болуының кепілі болмақ.

Атап көрсетілген бағыттарды негізге ала отырып, Оқушылар Үйінде де атқарылатын шараларға тоқталып өтсем:

«Қасиетті Қазақстан» тақырыбында өлкетанушылар, табиғатты зерттеушілер арасында форумдар, акциялар ұйымдастыру;

Интернет ресурстардан, оқулықтардан, кітаптардан табиғи ескерткіштер туралы деректер жинап, ақпараттық деректер қорын, фото, бейне жазбалар қорын жинақтау;

Туған өлкеміздің көрнекті тұлғаларының өмірі, еңбек жолы туралы стендтер, көрмелер ұйымдастыру;

«Музейге сый» көне жәдігерлерді жинақтап, тарихын зерттеп, музей қорына тапсыру,

Жергілікті елден шыққан тұлғаларға арналған кітап көрмелерін ұйымдастыру;

«Еңбегімен еленген» тақырыбында еңбек жолымен үлгі өнеге болар қайраткерлермен кездесулер ұйымдастыру;

Қарттарға көмек;

«Жас Ұлан» топтарымен түрлі әлеуметтік шаралар ұйымдастыру;

«Жомарт жүрек» атты шаралар

«Қоғамдық-пікірталас клубының» отырыстары өткізу;

Әрбір ауданның көрікті және киелі жерлері, өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар туралы БАҚ-қа материалдар шығару,

«Менің өлкемнің тарихы» жобалар қорғау;

Түрлі байқаулар мен конкурстар ұйымдастыру арқылы да мектеп жасынан оқушыларда қоғамдық сананы қалыптастырудың негізі жасалады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта қоғамдық сананы жаңғыртудың басты жобасы ретінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы ұсынылып отыр. «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз»

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап -құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.

Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы.

…Өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек деп атап көрсетті Елбасы .

Алға қойылған міндеттерді атқаруда жаңашылдық пен үздік идеялар білім мен тәрбие саласында толағай табыстар ала келсін.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.