Оқу іс-әркетінің тақырыбы: «Көліктер»

Қызылорда облысы Арал қаласы

260 мектеп жанындағы

«Балақай» шағын орталығының тәрбиешісі

Есенова Салтанат Бақытжанқызы

Оқу іс-әркетінің тақырыбы: «Көліктер»

Оқу іс-әркетінің мақсаты:Көліктің түрлерімен таныстыру.Олардың түрлерін ажыратуға және атай білуге дағдыландыру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде),салыстыра білуге үйрету. Көліктерді атап олардың қызметін әңгімелей білуге үйрету, сөздік қорларын молайту, заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету, тілдерін дамыту.

Оқу іс-әркетінің көрнекілігі: түрлі көліктер бейнеленген суреттер, бейнетаспа, үнтаспа , ойындар көрнекілігі.

Қостілділік: Көлік – транспорт, жол-дорога, ұшақ-самолет, пойыз-поезд.

Методикалық әдіс-тәсілі:Әңгімелесу, сұрақ жауап, дидактикалық ойын.

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекет әрекеті,.Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.

«Амандасу рәсімі»
«Балақай» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!

Жұмбақ

Төрт аяғы дөңгелек,

Қозғалады орнынан.

Жүреді ол дөңгелеп,

Жүйткиді желменен,

Дауысы бар гүрілдек.

(машина)

Жұмбақты мұқият тыңдайды, шешімін табады.

Ұйымдастыру іздестіру

Дидактикалық ойын: «Ненің дыбысы»

-Балалар сендер ненің дауысын естіп тұрсыңдар?

Машина, поездың дауысы естіледі.

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-Көлік орыс тілінде – транспорт.
-Ол адамға не үшін қажет?

-Сендер бақшаға келгенде қандай көлік түрімен келесіңдер?

-Балалар біз бүгін көлік түрлерімен танысатын боламыз.

-Балалар мына суреттергеназар аударайық.

Автобус Машина Ұшақ Тікұшақ

Пойыз Жедел жәрдем Мотоцикл Кеме

Өрт сөндіруші көлігі Велосипед Желкенді қайық

-Мынау көлік түрлері:автобус,пойыз,ұшақ, тікұшақ,кеме т.б

Көліктер үшке бөлінеді:

-Әуеде ұшатын әуе көліктері: ұшақ тікұшақ, зымыран жатады.

-Су көліктеріне кеме,қайық,желкенді қайық жатады.

-Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.

-Көліктердің өзі екіге бөлінеді:жеңіл көліктер және ауыр көліктер . Жеңіл көліктердің түрі өте көп олар адамдарды тасыйды. Ал ауыр жүк көліктері тастарды,топырақтарды ауыр жүктерді тасиды. Адамдарға көп қызмет ететін көліктер де бар олар:Жедел жәрдем көлігі,өрт сөндіруші көліктер. Балалар осы көліктерді кімдер жүргізеді? Жүргізушілер түнімен,күнімен қызмет атқарады бұзылған көліктерді жөндеп жүргізеді екен сондықтан ол кісілердің еңбегін бағалауымыз керек.

Сергіту сәті:

Бип-бип-бип дейді

Жол шетіне шық дейді

Күшікті басуға болмайды машина

Бип-бип-бип дейді

Жол шетінен күт дейді

Көшеде асығып жүруге болмайды машина

Бип-бип-бип дейді.

Балалар өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

-Машинаның алдынан шығып қалғанда қандай белгі береді?

-Сонда балалар, машина неге бип-бип-бип деп белгі берді?

Адамдарда жануарларда машина жүретін жолда жүруге болмайды екен.

Балалар белсенділік орталықтарына барып жұмыс жасайды.

-Әдебиет орталығында балалар суреттер арқылы мазмұнын түсініп, кітапшамен жұмыс жасайды.

-Өнер орталығында дайын қиылған пішіндерден машинаны құрастырып, жапсырады.

-Құрылыс орталығында дайын текшелер мен дөңгелектерден машина құрастырады.

Балалар қай орталықта жұмыс жасағандарын айтады.

Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»

Шарты:Балалар көлік түрлерін дауысына қарай ажыратып, аттарын атап карточкаларын орнына апарып салады.

Дыбыстық жаттығу

Дан-дан-дан-манадан,

Дан-дан-дан-шанадан,

Ем-ем-ем– мінгізем.

Ем-ем-ем – жүргізем.

Рефлексивті түзетушілік
Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?».
Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.
Сұрақ — жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс — әрекетінде алған білімдерін қорыту.

Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс — әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау — саламат болайық.
Сау болыңыздар!.
-Балалар қонақтармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Игереді: Көліктердің атқаратын қызметтері әр түрлі болатынын игереді. Тапсырмаларды орындайды.
Қолданады.: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.