Жаңа сабақтар

Оқушы шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы. Төлеби ауданы,
Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектебінің 2 «Г» сынып оқушысы

Султанмуратова Лола

Менің туып өскен жерім.

Менің туып, өскен жерім –Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы. Ол Қазақстанның ең көрікті де, жасыл өлкесі. Мен өз туған жеріммен мақтана аламын. Табиғаты өте көрікті. Биік таулары алыстан көз тартады. Ағып жатқан мөлдір сулары тұп-тұнық. Менің туған жеріме жан-жақтан көптеген адамдар демалысқа келеді. Жазды күндері салқын ауасына қызығып, отбасымен дем алатындар өте көп болады.Ерекше атап айтатын жерлеріміз көп.Тарихқа үңіле берсек, қызықты аңыздар жетерлік. Төлеби бабамыздың атымен аталатын ауданымыз жылдан-жылға көркейіп келеді.Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша аудан, ауыл, мектеп болып түрлі іс-шаралар атқарудамыз. Соған байланысты бізде өзіміздің туып өскен жерімізді көркейтуге, табиғатты аялауға үлесімізді қосып келеміз.

Оңтүстік Қазақстан облысы. Төлеби ауданы , Әл-Фараби атындағы
жалпы орта мектебінің 2 «Г» сынып оқушысы

Нишанов Давронбек

Туған жерім

Туған жерім шырайлы,

Көз тоймайды қараса.

Таңым атты арайлы,

Шуағын шаша жараса.

Шаттық құшам әр күнде,

Ата-анам бар қасымда.

Қиындықты жеңуге,

Үйретеді олар жасымда.

Толқығанда сезім –ой,

Әппақ арман, тілегім.

Туған елім өзің ғой –

Арқа сүйер тірегім!

Реклама

Добавить комментарий