Оқушы шығармашылығы

Атырау облысы Атырау қаласы

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің

10 сынып оқушысы Сағидолла Ару

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдолова Самал Максимқызы

Менің тілім мәңгілік

Тіл –қай ұлтта ,қай елде болса да қастерлі , құдіретті . Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы Ол атадан мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі –оның ана тілі. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін , мәдениетін ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін ғана тілін айрықша қорғайды.

«Ана тілі –халық болып жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы,өсіп –өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі» -деп, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін ,жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегіне ана тіліне деген сүйіспеншілігіне мақтаныш сезімі болуы керек.

Осы мақсатта мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес шаралар өткізілді,Ондағы мақсат оқушыларға ана тілін жетік білудің маңызын түсіндіру, білім деңгейлерін тереңдету , қызығушылықтарын арттыру , мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңйту ,мәнерлеп оқу , есте сақтау дағдыларын дамыту ,тіл тазалығын сақтауға ,көркем сөйлеуге баулу , ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Тіл мерекесіне арналған шаралар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың « Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат ,бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы Қазақстан халқына жолдауының негізінде ашық сабақтар өткізілді.Оқушылардың қазақ тілінен сауаттылығын тексеру мақсатында 5-7- сыныптарда білімдік сайыс , «Шығыстан шыққан сөздердің ұлағаты » тақырыбында ежелгі дәуір әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармаларын таныту ,ұлылар үндестігін түсіндіру мақсатында шығармаларынан мәнерлеп оқу сайысы, « Қазақ санасының шамшырағы атанған А.Байтұрсынов » шығармашылығын наихаттау мақсатында мәнерлеп оқу шаралары өткізілді. «.Қасиеттті ана тілдің үш тірегі » дөңгелек үстел шарасында ана тілінің бүгінгі өмірі туралы өз пікірлерін ортаға салды.Өздерін тілдің жанашырлары ретінде танытты .Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Менің арманым, ойым-Қазақстанның мәңгілік ел болуы» тақырыбында шығармалар байқауы , Поэзия падишасы атанған жерлес ақын апамыздың шығармашылығына арналған «Ақық еді өлеңің мөлдіреген» тақырыбында поэзиялық кеші ұйымдастырылды. « Қазқстанның болашағы –-қазақ тілінде» 9-11- сынып оқушыларының ұйымдастырумен конференция өткізілді. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті … Біздің жастарымыз ана тіліне жетік , білімді , мәдениетті болсын. » деген Ахмет Жұбановтың пікіріне сүйене қазақ тілінің мәртебесі нің мәңгілік болып қалыптасуына әрбір қазақ азаматының міндетті екенін әр кезде де түсіндіріп , осы бағытта жүргізілген шаралар арқылы оқушы санасына ұлттық намысты, жауапкершілікті қалыптастыру бағытында пән мұғалімдері тынымсыз еңбек етуде.

Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болды.

Атырау облысы Атырау қаласы

Қ.Ахмедияров атындағы орта мектептің

7 сынып оқушысы Жандуллин Нұрболат Манарбекұлы

Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдолова Самал Максимқызы

«Астана ЭКСПО-2017»

Мен, Нұрболат Манарбекұлы 3 шілдеде «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне жолға шықтым. Менің қуанышымда шек жоқ еді. Өйткені бүкіл әлемді өзіне қаратып, қарыштап дамып келе жатырған жас қаланы өз көзімен көру менің арманым еді. Бұның барі елбасы Нұрсұлтан атамыздың өз еліне, Отанына жасаған сыйы деп білемін.

Мен бақыттымын! Өйткенім дербес елім, тәуелсіз жерім бар. Елбасы Қазақстан Республикасының дамыған 30 елдің қатарына енгізу үшін көп тер төкті.Осы жасалған жұмыстардың дәлелі ретінде Қазақстанда өткізіліп отырған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі деп ойлаймын. Елімізде өткізіліп отырған көрменің арқасында әлемге өзіміздің қандай мықты, дамыған мемлекет екендігінімізді дәлелдей білдік деп бойымды қуаныш сезімі бейлейді. Жан-жақтан келген шет елдің қонақтар, туристтер еліміздің әсемдігіне таңырқай таңдай қақты.

ЭКСПО-2017 негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Ол халықаралық қоғамдастықтың планетаға күн өткен сайын әсер етіп отырған энергия тұтыну проблемасына алаңдаушылығын білдіреді. Көрменің басты мақсаты – жауаптылыққа шақыру, пікірталастар тудыру және адамдардың табиғат үшін келетін зиянды барынша азайтып энергия тұтынуды жоспарлап бақылау білуге үйрету білімін қалыптастыру.

Біз Корея павильонына бардық. Павильонда 3D графикасы кеңінен қолданылған. Оның ишінде сахналық қойылымды тамашаладық. Қойылым тақырыбы «Жасыл энергия» қуатын пайдалану. Ең соңгы болмеде біздің қолымызға планшет беріп, оның ішіндегі жасыл қуат энергиясын түсіндірді.Сонымен қатар Үндістан, Катар, Біріккен араб әмірлігінің және «НҰРӘЛЕМ» павильонына бардық. «НҰРӘЛЕМ» павильонынана қадам басқанда ғажайып әлемге кіргендей болдым. Павильон сегіз қабаттан тұрады. Әр қабат өзінің әсемдігімен ерекшеленеді.Алғашқы қабат қазақ музыкасымен салт дәстүрлерімен таныстырады.Маған ерекше әсер қалдырған 8 қабат. Ол қабатта шыны көпір салынған.Бұл қабаттан өткенде бойымды қуаныш пен қоркыныш қатар биледі. Өйткені шыныдан жасалган көпірден өту керек….

Мен 7 сыныптың оқушысымын. Оқу озатымын. Менің «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінен алған асерімді айтып жеткізе алмаймын. Астанада өткізген үш күн мен үшін өте асерлі болды. Мен өзіме серт бердім мектепті үздік бітіріп, болашақта ата-анамның, елімнің үмітін ақтаймын. Сол үшін менің басты міндетім оқу

Болашақта елімнің өзге елдермен терезесі тең тұғырлы, дамыған ел боларына сенімім мол. Гүлдене бер , Тәуелсіз елім! Көк туым көк аспанда қалықтай берсін!

Реклама